Дипломдық жоба тақырып: «9-сыныпта физиканы оқытуда есеп шығару арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту әдістемесі»


Мақсаты: 9-сынып оқушыларының физиканы оқытуда есептер шығару барысында академиялық тілін дамыту әдістемесін жетілдіру жолдарын көрсету Міндеті



бет3/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#97818
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Мақсаты: 9-сынып оқушыларының физиканы оқытуда есептер шығару барысында академиялық тілін дамыту әдістемесін жетілдіру жолдарын көрсету
Міндеті:

  • зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау;

  • негізгі мектепте физикадан есептер шығаруда оқушылардың академиялық тілін дамытуға ықпал ететін педагогикалық технологиялар мен әдістемелік тәсілдерді талдау;

  • есептер шығаруда оқушылардың академиялық тілін дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау;

  • 9-сыныпта есеп шығару барысында оқушылардың академиялық тілін дамыту бойынша әдістемесін педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін көрсету.

Күтілетін нәтижесі: Егер орта мектептің 9-сыныбында есеп шығаруда академиялық тілді дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, оны оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін болса, онда оқушылардың білім сапасы артады.
Жобаның мазмұны. Жобаның кіріспесінде жобаның көкейкестілігі, жаңалығы, мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер баяндалған. Практикалық бөлімде академиялық тілді дамыту үшін есеп түрлеріне сәйкес талдау сұрақтары берілген және есептің төрт түріне сәйкес жасалған талдау жұмыстары берілген.
Жобаның сипаттамасы: топ мүшелері ФИК-191 тобының студенттері Буркитбаев Дамир Болатович, Әшімбеков Сәмбет Артықәліұлы, Жанғозина Ира Бауыржанқызы. Жоба басшысы – Буркитбаев Дамир. Топтың әрбір мүшесі жобада көрсітілген параграфтар бойынша жұмыстар атқарды. Буркитбаев Дамир академиялық тілді дамыту әдістемелеріне шолу жасады. Әшімбеков Сәмбет 9-сынып бойынша механика тақырыбына есептер жинақтады. Жанғозина Ира есепті талдау жұмыстарын жасады. Топтың барлық мүшелері бірлесе жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтап, жобаны рәсімдеді.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
1-кезең. Академиялық тілді дамыту әдістемелеріне шолу жасау.
2-кезең. Орта мектепте механика бөлімін оқыту бойынша кейбір әдістемелік ұсыныстарды көрсету;
3-кезең. Орта мектепте механика бөлімін оқытуды жетілдіру жолдарын айқындау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет