Ғылыми жетекші: Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы Қолданылған әдебиеттер: 1 Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика: әдістемелік құрал. — Алматы: рбк, 1994. — 140 бет
Меліс Диана Оралқызы Дінтану мамандығының 4 курс студенті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми жетекші: Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы Қолданылған әдебиеттер: 1)Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика: әдістемелік құрал. — Алматы: РБК, 1994. — 140 бет. 2)Бала тәрбиесі журналы 3)Сарбасова Қ.А.Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану Бастауыш мектеп Қарулы Күштердегі рухани тәрбие және теология мәселелері
Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда. Осы аз уақыттың аралығында Қазақстан терезесі тең елдермен иық тіресті. Білім, ғылым, спорт, медицина, мәдениет тағы басқа салалар алдыға жылжыды, өсті, дамыды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат пен міндеттерді жүктеп отыр.Осы отыз жыл ішінде ел әскері құрылып, оның іс-қимылы жанданды. Жылдан жылға дамып, қанатын кеңге жайып келе жатқан әскердің осы тәрбие құрылымы саласының Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік деңгейін арттыруға қосқан үлесі өте зор деп айтуға болады. Мемлекетіміздің қорғаныс қабілеті артып келеді, еліміздегі татулық пен бейбіт заман, экономиканың артуы барлығы Қарулы Күштердің жылдан жылға деңгейін арттыруға әсер етеді. Тәрбиеші құрылымның офицерлері әлем мен еліміздегі оқиғалардың барлығын сарапқа салып, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына үнемі зерттеулер жүргізе отырып, командирлерге тәрбие жұмыстарына қатысты ұсыныстар береді екен. Жалпы, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өзінің дербес әскерін құру ісін 1992 жылдың 7 мамырында Президенттің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлықтары шыққаннан кейін бастап кеткен екен. Осы күні еліміздің аумағындағы КСРО әскери күштерінің есебіндегі мекемелер, бөлімдер, құрамалар, ұйымдар, полигондар, сақтау базалары, қоймалар, жылжитын және жылжымайтын әскери мүліктер Қазақстан құзыретіне берілді. Тағы бір еске түсіре кетер жайт, дәл сол күні генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетовке генерал-полковник шені тапсырылды және ол еліміздің Қорғаныс министрі болып өз қызметіне кіріскен.
Адамның моральдық-адамгершілік қасиеттері сөздерімен – рухани күшімен анықталады. Рухани күштің негізі: ақыл, сезім, ерік күші. Адамның осындай қасиеттеріне бағытталған мақсатты жұмыстары тәрбие құралы болып табылады». Рухани тәрбие дегеніміз не? . Осы сұраққа жауап беріп көрейік. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Тәрбие – қоғамдық үздіксіз үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қарым – қатынасындағы басты жүйе. Оның негізі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыру. Оқушы бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани дүниесі бай интеллекті тұлға тәрбиелеу ұстаздың мақсатқа бағытталған іс – әрекетіне байланысты.Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен — даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани- адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.
Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.Баланың отбасынан алған тәлім-тәрбиесі – мектеп қабырғасында жалғасын табатыны белгілі. Сондықтан, еліміздің болашағы саналатын жастарымыздың тәрбиесіне мән беру – басты мақсат болу қажет. Осыған орай, мектептегі тәрбиені ұлттық қағидалармен толықтыру айрықша қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңда мектептер балаларға жекелеген ғылыми пәндерді терең оқытуға назар аударады, ал адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей жатады. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық ұғымына жете мән бермейді. Демек, адамгершілік-рухани тәрбие мәселесіне дұрыс көзқарас қалыптастыру бала тәрбиесіндегі алғышарттардың бірі екенін ұмытпауға тиістіміз.
Ең алдымен, ата-ана Отанға деген сүйіспеншілігін,, адалдығын өз іс-әрекетімен дәлелдесе, баланың да Отанға деген құрметі арта түседі.Ата-анасы баласына «ел азаматы, ел қорғаны, ел мақтанышы бол» деген сөзді жиі кішкентайынан жиі айтатын болса, ол сол сөз баланың жүрегінде сақталары анық. Жас ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тәрбие. Өйткені, ондай тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасқан рухани құндылықтар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, адамның адамдық қасиетін нығайтатын, халықтың даналық өмір-салтынан туындайтын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды.
Адам бойына рухани тәрбие беруді бала,сәби шактан бойына сіңіріп өссе, болашақта елім – жерім дейтін нағыз патриотттар шығары сөзсіз. Осы рухани тәрбие біздің Қарулы күштеріміздің бойынан табыла ма? Жастарға әскери-патриоттық рухани тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Елбасы, тұңғыш президент Н. Назарбаевтың пікірінше: «Біздің алдымызда бабалардың игі дәстүрлерін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр». Қазіргі ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты. Жас өрендер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар балабақша, мектеп қабырғасынан оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет екені сөзсіз.
Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.
Әскери рухани тәрбиенің негізгі мақсаттары жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу . Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады.
Әскери рухани тәрбиенің негізгі алатын қоғамдағы ролі ерекше болып саналады.
Жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, патриоттық тұрғыда ерекше болып саналуы мүмкін.
Рухани тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау, оған негізінде мектеп жасынан отанға деген сүйінспеншіліктерін артыруы қажет ол дегеніңіз патриоттық тәрбие негізін түсіндіру болып табылыды.
Жастардың патриот деген сөзге мағанасын нақты түсіндіру үшін оларға жиі ардагерлермен кездесу өткізу әртүрлі патриоттық тұрғыда жарыстар өткізу қоғаммен тікелей байланыстыру біздің мақсатымыз болуы тиіс.
Қарулы күштердің, халықтың жауынгерлік еңбек қағидаларын, өткен және қазіргі кездегі болашақтағы, оның ерлік тарихы, Отан туралы білімін терендетіп, қоғамдық-саяси көзқарасын кеңейтуге атсалысады. Әскери-теңіз флотына және Армия жауынгерлеріне жақсы көзқарасы ескеріліп, балаларға мұғалім оқудан тыс, сабақ кезінде оқушыларды жігерлікке қасиетті жауынгерге қажетті тәртіпті, батырлыққа, шешіді болуға, ауыртпалықты жеңіп шығуға талаптануға, психологиялық және дене жүктемелеріне шыңдауға, керекті істі орындауға даярлыққа мұғалім тапсырған тапсырманы орындауға дайындау. Әскери – патриоттық шараларды ұжымдық ұйымдастыруда оқушыларға ұжым алдында жауапкершілікке, өзіне және жолдастарына талап қоя алуға, бір-біріне көмек жасаудың маңызын, тапсырылған істі аяқтау сезіміне тәрбиелеу. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға патриоттық сипаттағы ойындар маңызды екенін айта кетуге болады. Бала ойын ережесін қатал сақтай отырып, командир, старшина, тыңшы, байланысшы, белгі беруші тағы да сондай-ақ рольдерде ойнағанды жақсы көреді. Бұндай ұйымдасқан, кейде аяқасты болған ойындар құнды маңызға ие. Мұғалім сонымен бірге болашақ жауынгерлердің міндеттерін орындаудың маңызын үйрете отырып оқушыларға күнделікті өмірде, тек қана ойында емес тәртіпке тәрбиелеуге қамқорлық жасайды. Біздің Отанымыздыңқорғаныс күшін күшейту қажеттілігі идеясы Қазақстан Республикасының әр азаматының қызметі мен жағдайына байланысты екенінжасөспірімнің санасына қоғамдық жұмыстар мен оқудың мәні арқылы жетелейтіні ене бастайды. Отансүйгіш сезім жасөспірімдерде ерлікке ұмтылыс, жеңуге құмарлық, өз- өзіне талап қойғыштық, өз қатарластар арасында ұжымда өз орнын табу, олардың сеніміне ие болу, өзіне жоғары талап қойып ұжымның талабына бағыт беру, зор әлеументік белсенділік қалыптасып дами бастайды. Жастарды өз отанын сүйгіштікке тәрбиелеу оқушылардың барлық алдыңғы қатарлы жақтаушылар нағыз отан сүйгіш патриоттар, олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлерімен достық қарым – қатынасты ұстап, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесіп тұрады, туған өлкесіне саяхатқа шығып, барлық іздеу жұмыстарына араласып белсенділік көрсетеді. Рухани-адамгершілік - әлеуметтік маңызды үдерістер мен шынайы өмір құбылыстарын, бағыттар мен мұраттарды, жоғары құндылықтарды жеке тұлғаның түсінуі, оларды тәжірибелік қызмет пен тәртіпті анықтау қағидалары, ұстанымдары ретінде басқару қабілеттілігі. Оған мыналар енеді: жоғары мәдениет пен білімділікті таныту, Отанға адал қызмет етуге даярлық ретіндегі мұраттарды түсіну, ұжымшылдық пен жауапкершіліктің, әскери намыс сапаларын, мінез-құлықтың жоғары адамгершілік, кәсіби этикалық нормаларын қалыптастыру.
Руханилық адам бойында шыр етіп дүниеге келгеннен бойына тарап, өмір бойына азық болатыны сөзсіз. Сол себепті тәрбие мәселесімен қоса, рухани тәрбие кезінде дінді де руханилық сипаты деп санап жатады. Дін мен оның құндылықтары жеке адаммен қоғам үшін қызмет етедіндіктен, адам өмірінде алатын орны ерекше. Ата дініміз рухани тәрбиемізбен, салт-дәстүрімізбен біре қайнасып кеткендіктен, адам бойынан табылуға тиіс: имандылық, адамгершілік, қайырымдылық, құрмет, білімге құштарлық, отанға адалдық, отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа жетелейді. Дін руханилыққа жетелеуші күш, тәрбие құралы.
Біздің мемлекетіміздің болашағы, еліміздің ертеңі – қазіргі Қазақстан жастары болып табылады. Осы жастардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды.