Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
 
№15. Жауаптары:
1. 4 
2. 3 
3. 2 
4. 4 
5. 2 
 
Клиникалық жағдай
 
№16 
 
Әлсіздікпен жалғасатын жүрек қағуына шағымданып 23 жастағы 
науқас келдi. 
Анамнезiнде: 6 ай бұрын жөтелмен, 38
0
С қызумен, әлсiздiкпен 
сипатталған суықтау болған. Дәрiгерге қаралмаған, 2 аптадан кейiн жүрек 
қағуының ұстамасымен кардиология бөлiмiне жеткiзiлген, лидокаин 
енгiзген соң ұстамасы басылған. Тексеру нәтижесінде ошақты миокардит 
қойылған. Үйiнде делагил мен ортофендi қабылдауды жалғастырған. Төрт 
айдан соң физикалық күшке жүрек қағу ұстамасы, әлсiздiк дамыған. 
Объективтi тексергенде iшкi органдардан патологиялық өзгерiстер 
табылмаған. Жалпы клиникалық, биохимиялық анализдер мен гуморальдi 
иммунитеттi тексеру – ауытқуларды дәлелдемеген.
ЭКГ-да: II, III, AVF, V
2
-V
4
тiркемелерiнде терiс Т тiсшесiмен 
дәлелденген реполяризация процесiнiң бұзылғандығы анықталды.
1. Осы жағдайдың жетекшi синдромын анықтаңыз:
1.
Жүрек шамасыздығы 
2.
Кардиомегалия 
3.
Ырғақтың өтпелі пароксизмдік бұзылысы 
4.
Бейарнайы қабыну синдромы 
5.
WPW-синдромы 


86 
2. Кеуде сарайын рентгендiк тексеру патология көрсетпедi. Ga 67-мен 
миокард сцинтиграфиясында оның алдыңғы ұшы аймағында “ыстық ошақ” 
тiркелді. Бұл нәтиже миокардтың мына процесiнен күдiктендiредi: 
1.
Ишемиялық 
2.
Дистрофиялық 
3.
Қабынулық 
4.
Склероздық 
5.
Қалыптылық вариант 
3. Тәулiктiк мониторда қарыншалық экстарсистолиялар (жекеленген, 
тәулігіне 380) тiркелдi. Жүрекiшiлiк электрофизиологиялық зерттеуде 
синус түйiнi мен атривентрикулдік өткiзгiштiгiнiң бұзылмағандығы белгiлi 
болды. Оң қарыншаның шығарушы трактiн электробелсендiру арқылы 
тұрақты 
тахикардия 
ұстамасы 
арандатылды 
(провокация). 
Электростимуляцияда тахикардияның қандай ұстамасы тiркелген? 
1.
Жыбыр аритмиясының пароксизмi 
2.
Қарыншалық пароксизмдiк тахикардия 
3.
Қарынша үстiлiк пароксизмдiк тахикардия
4.
Тахи-брадикардия синдромы 
5.
Фибрилляция 
4. Миокард биоптатын зерттегенде фонында кардиомиоциттердiң 
бөлшектерi көрiнетiн кардиосклероз анықталды. Сiздiң болжам 
диагнозыңыз? 
1. Миокардиттен кейінгі кардиосклероз 
2. Инфарктіден кейінгі кардиосклероз 
3. Миокардиодистрофия (метаболизмдік КМП) 
4. Дилятациялық кардиомиопатия 
5. Гипертрофиялық кардиомиопатия 
5. Антиаритмиялық ем жүрекiшiлiк электрофизиологиялық зерттеумен 
таңдалды. Бiрiнен соң бiрi тез қанығу үрдiсiмен этацизин, аллапинин, 
боннекор тағайындалды. Кордарон нәтижесі 5 күндiк қанықтырудан кейiн 
бағаланды. Соңында тек кордаронды беру ғана тахикардияны 
индукцияламайтыны анықталды. Алдын алу мақсатында беретiн 
дәрмегiңiз. 
1.
Верапамил 
2.
Обзидан 


87 
3.
Лидокаин 
4.
Кордарон 
5.
АТФ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет