13
төс сүйегінің сол қырында II-ші қ/а (өкпе
артериясы қақпақтарын
бағалатады), осы жерде жүрекше аралық пердеге қатысты патологиялар
да танылады;
семсерше өскіншенің негізі – IV-ші қ/а-пен төс сүйегінің оң қырында
(үш жармалы қақпақтарды бағалатады);
төс сүйегінің сол қырында IV-ші қ/а – Боткин нүктесі (аорта
қақпақтарын қосымша бағалатады),
Л.Б.Наумов авт-мен қарынша аралық перденің жағдайын төс сүйегі
үстінен IV қ/а тұсында бағалауды ұсынады [1,2,3,4,5,6].
Жүрек аускультациясы дыбыстық құбылыстардың
үшеуін анықтауға
және диагноздық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді: тондардың үнділігін
және жүрек жұмысының ырғақтылығын, жүрек шуларын. Жүрек ақауларын
танып, анықтауда жүрек аускультациясының
жеке диагноздық
маңызы зор,
бұлар ақаудың табиғаты
туралы мәліметтерді де береді, бірақ жүрек-
тамырлық патология тек ақаулармен шектелмейтіндіктен жүрек тондары мен
ырғағын бағалаудың басқа патологияларды анықтаудағы рөлін жоққа
шығаруға болмайды.
Барлық
стандартты
аймақты
тыңдау
барысында
жүректің
аускультациялық көрінісін анализдеудің оптималь реттілігі төмендегідей
болмақ:
жүректі науқаста тұрғызып және жатқызып тыңдау керек;
қажетті жағдайлар туындағанда арнайы тәсілдер (ақаулардың жеке
сипатында беріледі) қолдану керек;
жүрек тондарының ырғақтылығы мен үнділігі
арқылы миокард
жағдайын бағалау;
жүрек шуы естілсе жүрек тамыр жүйесінің кез келген ақауы түралы
күдік туады, бұл жағдайда төменде берілетін анализ алгоритмін пайдалану
керек:
-
шудың эпицентрін анықтау;
-
шудың даму фазасын (тондармен қатынасын) анықтау;
-
шудың тембрі және интенсивтілігін анықтау;
-
таралуын анықтау;
-
жүрек тондарының ырғақтылығы мен үнділігі арқылы миокард
жағдайын бағалау [3,4,5].