Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет14/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Эндокардтың зақымдануы жүректің
 
склеродермиялық ақауына,
әдетте митраль шамасыздыққа‚ митраль қақпақтың пролапсіне әкеледі. Бұл 
дертті анықтауда науқастың бойынан оның “үлкен” және “кіші” диагноздық 
критерийлерінің табылуы маңызды.
“Үлкен критерийлері”:
 
проксималь склеродерма – саусақтардың‚ 
алақанның және табанның сыртқы терісінің симметриялы қалыңдауы мен 
индурациясы. Осындай өзгерістер беттің‚ мойынның, кеуде мен құрсақтың 
терісінде болуы мүмкін.
“Кіші критерийлері”:
 
склеродактилия; саусақ ұштарының тыртықтары 
немесе саусақ ұшының жұмсақ тінінің семуі; өкпенің қос жақты базальді 
фиброзы. Қойылған диагноз сенімді болуы үшін “үлкен” немесе “кіші” 
критерийдің‚ ең кемінде‚ екеуі болуы тиіс [17,18]. 
 
Жүректің ұшында диастолалық шулар
 
естілетін ақаулардың ішінде 
бірінші орынды 
митраль стеноз
алады. Бұл ақауда қанның сол жүрекшеден 
қарыншаға өтуіне кедергі туындайды. Себебінің ең жиісі – ревматизм 
саналады, сонымен қатар, тума митраль стенозы (Лютембаше синдромы – 
митраль стенозы мен жүрекше аралық перденің дефекті), ең сирек, сол 
жүрекше тесігінің миксома немесе полиппен тарылуы [3,4,17,18].
Патогенезінде қысымның сол жүрекшеден бастап өкпе веналарында, 
өкпе артериясының бассейнінде жоғарылауы (ретроградты механикалық 
гипертензия), ал бұл өз кезегінде осы бассейн тамырларының спазмге 
ұшырап (сол жүрекшедегі қысы көтерілуіне байланысты Китаев рефлексімен 
шақырылған белсенді гипертензия), кіші шеңберде қысым көтерілуімен 
ұштасады.
Субъективті мәліметтерінен: инспирациялық ентігу, жүрек қағуын 
сезіну орын алады.
Объективті мәліметтерінен: бет ұшының шиедей қызаруы, еріндерінің 
цианозы, сол III қ/а пульсациясы, жүрек түрткісі, жүректің шектерінің оңға 
және жоғары ығысуы (егер ұлғайған оң қарынша диафрагмаға тірелсе, жүрек 
шектері перкуссияда солға ығысуы мүмкін), жүрек ұшындағы диастолалық 
діріл анықталады. Аускультацияда жүрек ұшындағы пресистолалық 
күшеюмен сипатталатын маңқа тембрлі диастолалық шу естіледі, ол Боткин 
нүктесіне тарауы мүмкін; жүрек ұшында I тонның күшеюі, сартылдауы, 
митраль қақпақтарының ашылу шертпесі, өкпе артериясы үстінде II тонның 


23 
екіге айырылуы немесе осы тонның айқын акценті нақталады. Өкпе 
артериясы қақпағының салыстырмалы шамасыздығы дамығанда Грэхем-
Стиллдің диастолалық шуы естіледі.
ЭКГ: сол жүрекше мен оң қарынша гипертрофиясының белгілері 
тіркеледі.
Рентгендік зерттеуде: қалыпты немесе кішірейген сол қарынша, сол 
жүрекшенің ұлғаюы анықталады. 
Қанның диастолалық ағымының митраль қақпақтары арқылы өтуін 
допплер-ЭхоКГ зерттеу митраль стенозына тән және сол жүрекше мен сол 
қарынша арасындағы қысымның диастолалық градиентінің біршама өсуімен 
байланысты бірнеше белгілерді анықтауға мүмкіндік береді:
: ерте трансмитраль қанағымы максимальді сызықтық жылдамдығының 1,6-
2,5 м.с
-1
(қалыптыда 06 м.с
-1
) дейін артуы; 
: диастолалық қан толу жылдамдығының бәсеңсуінің баяулауы 
(спектрограмманың жалпаюы); 
: қан қозғалысының айқын үйірілуі (турбуленттілігі). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет