Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет31/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Клиникалық жағдай №2 
Әйелдер кеңесіне 26 жастағы жұмысшы әйел, жүктілікке 
байланысты есепке тұруға келді. Шағымдары жоқ. 
Сәби кезінде жиі суықтап ауырған, соның ішінде баспа, қызылша, 
күл (дифтерия). 
Терапевтің обьективті тексеруінде анықталды: тері жамылғылары, 
кілегей қабықтары таза, лимфалық түйіндері үлкеймеген. Өкпесінде 
везикулалық тыныс. ЖҰТ V қабырғааралықта, сол бұғана орта сызығынан 
1,0 см тыс пальпацияланды, шала тұйықтық дыбыс шектерінің сол шегі 
ЖҰТ сай. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты, жүрек ұшында 
систолалық шу, сол қолтық астына өткізіледі, сол бүйірінде жатқанда 
күшейеді, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті. Іші жұмсақ, 
ауырмайды, бауыры ұлғаймаған. 


65 
1. Жетекші синдромдарына байланысты күдікті аурулар және осыған 
тәуелді тексеру жоспарын құрыңыз. Дифференциялық диагнозы. 
2. Клиникалық диагнозы. 
5. Емдеу жоспары. 
Жауаптары:
1. 
Жетекші синдромдары: басынан өткерген кардит (митраль 
қақпақтарының шамасыздығы қалыптасқан), өкпелік гипертензия, ЖШ. 
Митраль вальвулитінің ең жиі себебі болғандықтан ревматизмнен; күл, 
қызылшаны 
ескеріп 
ревматизмдік 
емес 
миокардиттен 
кейінгі 
кардиосклероздан күдіктене отырып, келесі тексерулерді жүргізу керек: 
лабораториялық – жедел фазалық реактанттар деңгейін, аңқадан А-
стрептококтік культураның егілуін немесе А-стрептококтік антигенді тез 
анықтау тестін, стрептококке қарсы антиденелер титрін (АСЛ-О, АСК) 
анықтау; ЭКГ РR интервалының ұзаруын, допплер ЭхоКГ митраль не-, 
немесе аорталық регургитацияның белгілерін, миокардтың гипо-, 
акинездік ошақтарын іздеу, ФКГ. Дифферециялық диагноз барысында 
жоғарыдағы тексерулер мәліметтерін диагноздық критерий ретінде 
қолданыңыз. 
2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль 
қақпақтарының шамасыздығы (митраль қақпақтары жармаларының 
қабынудан соңғы шеттік фиброзы). 
Асқ.: ЖШФК
ІІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет