Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет34/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Клиникалық жағдай №5 
23 жастағы фабрика жұмысшысы қабылдау бөлмесiне жедел 
жәрдеммен түстi, шағымдары: тұншығу ұстамасы, жөтелгенде көпiршiктi, 
қызғылт қақырықтың түсуi. Ұстама бiр сағат бұрын, ауыр жүк тасыған соң 


70 
пайда болған, бала кезiнде баспамен жиi ауырған, 17 жасында 
тонзилэктомия жасалған. Екi жыл бұрын стационарда пневмониямен 2 ай 
емделген, субфебрилитет ұзақ сақталған, пульмонолог жүрегiнде шу 
анықтаған, ревматологке кеңеске баруды ұcынған (?), бірақ қаралмаған,
сол кезден ентiгу қалған. 
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Ортопноэ, акроцианоз, 
тыныс жиiлiгi 38 бір минутта, өкпе үстiнiң барлық аймақтарында майда, 
орта көпiршiктi үнсіз ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық 
дыбысының шектерi: оң шегі – төс қырынан 2см оңға, жоғарғысы – II 
қабырғааралықта, сол шегі – сол бұғана орта сызығында, V 
қабырғааралықта. Тыңдағанда: жүрек тондары ырғақты, жүрек ұшында 
сартылдаған I тон, систолалық, пресистолалық шулар, өкпе үстiнде II 
тонның акцентi, пульсi 120 минутына, толуы аз, ырғақты. АҚ 100/70 мм 
сын. бағ. Эпигастрий аймағында пульсация, бауыры қабырға доғасынан 
2см шығыңқы, пальпацияда ауырады. 
1.
Жетекші синдромын негіздеңіз. 
2.
Клиникалық диагнозы. 
Жауаптары:
1. Жүрек ұшында I тонының сартылдауы, пресистолалық және систолалық 
шулардың естілуі, ревматизмдік анамнез және кіші шеңбердегі жиі 
іркілістер мен өкпелік гипертензияның дамуы – стенозы басым жұптасқан 
митраль ақауды дәлелдейді. 
2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан 
митраль ақау, стенозының басымдылығымен (митраль қақпақтары 
жармаларының қабынудан соңғы шеттік фиброзы). 
Асқ.: Сол қарыншалық жедел шамасыздық, өкпе шемені.
Клиникалық жағдай №6 
40 жастағы науқас кардиология бөлiмiне мына шағымдармен түстi: 
төс артының сығып ауыруы, бас айналуы, жиi талулар. Соңғы рет естен 
тануы шаңғы айдап жүргенде, бiр апта бұрын болған. Төс артының 
ұстамалы ауыруы екi ай бұрын пайда болған, емделмеген. 
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары 
қуқыл. ЖҰТ жайылыңқы‚ биiк, VI қ/а, алдыңғы қолтық асты сызығында 
орналасқан. Төстiң оң жағында II қабырға аралықта систолалық дiрiл 
сипалады. Перкуссияда жүректің шала тұйықтық дыбысының шектерi 


71 
солға, төмендеп ығысқан. Тыңдағанда жүрек тондары ырғақты, аорта 
үстiнде II тон әлсiреген. Аорта үстiнде дөрекi систолалық шу, мойын 
тамырларына, жүректiң аймағына тарайды. Пульсі минутына 60 рет, АҚ 
100/60 мм сын. бағ.
ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы мен сол қарыншаға шамадан 
тыс систолалық күш түсуiнiң белгiлерi анықталды 
Сфигмограммада: анакротаның да, катакротаның да толқыны төмен, 
баяу, дикротасы анық емес. 
1. Жетекші синдромды негiздеңiз. Басқа клиникалық синдромдары. 
2. Тексеру жоспарындағы шешуші тәсіл? Оның қандай мәліметтері ауруды 
дәлелдейді? 
3. Диагнозы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет