Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет39/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Клиникалық жағдай №11 
22 жасар науқас дәрiгерге келесi шағымдармен келдi: жүрек 
тұсындағы шаншып ауырсыну, физикалық күш түскендегi ентiгу, 
жүрегінің шалыс соғуын сезіну, дене қызуының 37,3
0
С көтерiлуi.
Анамнезiнен: 3 апта бұрын баспамен ауырған, 2 күн бойы дене 
қызуы 38
0
С болған. Үйiнде емделмеген, дәрiгерге қаралмаған. Жоғарыдағы 
шағымдары бір апта бұрын мазалай бастаған, бірнеше күн бұрын басы 
айналып, қысқа мезгiлге есiнен танған.
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терi жамылғылары 
таза, периферияық ісiнулер жоқ. Аңқасы: бадамша бездерi iсiнген, доғалар 
деңгейiнен шығыңқы, көпсiңкі. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс 
жиілігі 18 рет минутына. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi қалыпты. 
Жүрек ұшында I тон әлсiреген, ешқайда тарамайтын тұрақсыз систолалық 
шу, жсс бір минутта 86 рет‚ минутына 1:8; 1:10 қатынасында жүрек соғуы 
естiлмейдi. Пульс саны жсс сай, ырғақсыз, кернеуi, толуы қалыпты. АҚ 
110/70 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, бауыры ұлғаймаған. 


79 
ЭКГ: вертикаль электрлiк позиция, тiсшелер вольтажы төмендеген. 
Pq интервалы 0,16-0,30 сек аралығында, qRST комплексi 1:8, 1:10 
қатынасында түсіп қалған. 
1. Жүректің аускультациялық мәліметтерін саралаңыз. Дифференциялық 
диагноз жүргiзiңiз. 
2. Тексеру жоспарын құрыңыз. 
3. Нью-Йорк кардиологтарының ассоциациясы диагноздық критерийлерін 
еске түсіріңіз. 
4. Клиникалық диагнозы. 
Жауаптары:
1. Жүректің аускультациялық мәліметтерінің анализіне тоқталсақ: 
жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнің қалыптылығы, жүрек ұшында I 
тонның әлсiреуі, жсс бір минутта 86 рет болуы‚ минутына 1:8; 1:10 
қатынасында жүрек соғуының естiлмей қалуы (қарынша аралық перде 
аймағының қабынуы) миокард зақымдануының ошақты процесс екендігін 
дәлелдейді; ешқайда тарамайтын тұрақсыз систолалық шудың пайда болуы 
миокард зақымдануының көрінісі папилляр, емізікше бұлшық еттерінің 
дисфункциясымен түсіндіріледі. Егер систолалық шу органикалық 
(митраль қақпақтарының тікелей зақымдануы) болса, ол жүрек ұшында 
тұрақты естіліп, қолтық астына тарар еді. Митраль қақпақтарының 
органикалық 
зақымдануы 
әдетте 
ревматизмдік 
этиологиялы 
болатындықтан, ревматизмдік қызбаның критерийлері болуы керек 
/(үлкен 
критерийлері:
кардит (эндомиокардиттің басымдылығымен), полиартрит 
(буындық синдромның ұшпалылық, ірі буындарды зақымдау, айқын 
қабынудың ҚҚСЕД тез, қалдық көріністерсіз басылуы), хорея, сақина 
тәріздес эритема, теріастылық ревматизмдік түйіндер; 
кіші критерийлері:
клиникалық (артралгия, қызба), лабораториялық (жедел фазалық 
реактанттар деңгейінің жоғарылауы: ЭТЖ, СРП), инструменттік (ЭКГ: РR 
интервалының ұзаруы, допплер ЭхоКГ: митраль не-, немесе қолқалық 
регургитацияның белгілері); өткерген А-стрептококтік инфекцияның 
дәлелдері: аңқадан А-стрептококтік культураның егілуі немесе А-
стрептококтік антигенді тез анықтау тестінің оң болуы, стрептококке 
қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы (АСЛ-О, АСК)/, олар бұл 
науқаста жоқ. Минутына 1:8; 1:10 қатынасында жүрек тондарының 
естiлмей қалуы жүрекше-қарыншалық өткізгіштік бұзылысының дәлелі, 
аталған қатынас АВБ II дәрежесі, Мобитц-2 сипаттайды. 


80 
2. Клиникалық минимум, жедел фазалық реактанттар деңгейі, АсТ, АлТ, 
КФК (бұлшық еттік фр.), ЛДГ
1,2
, АСЛ-О, иммундық статусын тексеру, 
ЭКГ, ЭхоКГ.
3. 
Нью-Йорк 
кардиологиялық 
ассоциациясының 
диагноздық
критерийлері: 
басынан 
өткерген 
инфекцияның 
клиникалық, 
лабораториялық мәліметтері мен келесі белгілердің біреуі жұптасқанда 
ревматизмдік емес миокардит диагнозы қойылады (жүрек шектерінің 
ұлғаюы, жүрек шамасыздығы, шок, өткізгіштік бұзылысы, аритмиялар, 
ЭКГ ST сегменті мен Т тісшесінің өзгерістері). 
4. Негізгі ауруы: Ревматизмдік емес ошақты миокардит, инфекциялық-
токсиндік этиологиялы (Н.Р.Палеев, 1978), аритмиялық варианты 
(М.И.Теодори. 1965), АВБ II дәрежесі, Мобитц-2, жедел барысты, орта 
ауырлықтағы.
Асқ.: ЖШФК
І



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет