Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет30/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

 
38-А
 
1. Соединительно-тканная дисплазия. 
2. Пролапс митрального клапана ІІІ ст. 
3. Аномально расположенная хорда ЛЖ. 
4. СН ФК І. 
 
39 
1.Жүректің тума ақауы: 
2. Жүрекшелік экстрасистолиялар. 
3. артериялық өзектің бітіспеуі. 
4.ЖШ ФК ІІ. 
39-А 
1.Врожденный порок сердца: 
2. Предсердные ЭС. 
3. незаращение артериального протока. 
4. СН ФК ІІ. 
Тестердің дұрыс жауаптары: 
1-B 2-A 3-A 4-E 5-C 6-A 7-B 8-C 9-A 10-D 11-C 12-A 13-A
14-E 15-C 16-A 17A 18-AE 19-E 20-BCG 21-D 22-A 23-B 24-AC
25-A 26-B 27-D 28-A 29-1a 2b 30-1a 2b 31-1b 2a 32-1a 2b 33-1b 
2a 34-1b 2a 35-2134 36-1243 37-21345 38-1234 39 1324
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


63 
Синдромдарды бекітуге арналған клиникалық жағдайлар 
Клиникалық жағдай №1 
16 жастағы 10 сынып оқушысы ревматология бөлiмшесiне келесi 
шағымдармен түстi: тiзе, тобық буындарының ауыруы, физикалық күш 
түскендегі ентiгу, дене қызуының 38
0
С көтерiлуi. 
Анамнезiнде баспалар жиі, соңғы рет 1 ай бұрын болған, сол кезде 4 
тәулiк 
бойына 
жоғары 
қызу 
болғандықтан 
сульфадимезин, 
тетрациклинмен емделген. Аптаның соңына қызуы қалыптасқан, бiрақ 10-
12 күннен соң қайтадан 38,0-38,2
0
С көтерiліп, жоғарыдағы шағымдары 
пайда болған, алдымен иық, шынтақ буындары ісінген, диклофенак пен 
пенициллинді парентераль қабылдаған соң, 2-3 күнде буындарының ісінуі 
мен ауыруы басылған. 
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Терi жамылғылары 
таза, перифериялық iсiну жоқ. Тiзе буындары ісінген, терiсi қызарған, 
қимылы шектелген, басқа буындары өзгермеген. Дене қызуы 38
0
С, 
бадамша бездерi үлкейген, таңдай доғаларынан шығып тұр, iрiңдi 
тығындар көрiндi. Жүрек аймағы өзгермеген, шала тұйықтық дыбысының 
шектерi қалыпты. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, жүрек ұшында 
әлсiз, нәзiк систолалық шу, ешқайда тарамайды. Пульсі 90 минутына, 
толуы қанағаттанарлық. АҚ (артериялық қысымы) 120/70 мм сын. бағ. 
Бауыры ұлғаймаған. 
Қанның жалпы анализiнде: лейк. 10,0х10
9
/л, ЭТЖ (эритроциттердің 
тұну жылдамдығы) 30 мм/сағ.
СРП (С-реакциялық протеин ++++), фибриногені 7,6 г/л, АСЛ-О 
450Б. 
ЭКГ синусты тахикардия, атри-вентрикулдік блок I дәрежелі (Pq - 
0,28 с). 
1. Жетекші синдромдарына байланысты күдікті аурулар және осыған 
тәуелді тексеру жоспары. 
2. Клиникалық диагнозы. 
3. Ангинаны емдеудегi қателiктердi талдаңыз. 
Жауаптары:
1. Науқастың жетекші синдромдары: қызба, кардит (миокардтың 
зақымдану синдромы – АВБ, ешқайда тарамайтын жүрек ұшындағы әлсiз, 
нәзiк систолалық шу, тұйықталған жүрек тондарымен), ревматизмдік 
анамнез (өткерген А-стрептококтік инфекция, стрептококке қарсы 


64 
антиденелер титрінің жоғарылауы (АСЛ-О), полиартрит (ірі буындардың 
көшпелі қабынуы, ҚҚСЕД-мен (қабынуға қарсы стероидты емес 
дәрмектер) ісіну, гиперемиямен сипатталған артриттің тез, қайтымды 
басылуы), қабынулық (лабораториялық – жедел фазалық реактанттар 
деңгейінің жоғарылауы: ЭТЖ, СРП). Келтірілген синдромдар мен оның 
көріністері 
ревматизмдік 
қызбаның 
үлкен, 
кіші 
критерийлерін 
құрайтындықтан, бірінші кезекте осы нозобірлік, екінші кезекте 
ревматизмдік емес миокардитпен дифференциялық диагноз жүргізесіз. 
Эндокард 
зақымдануы 
басым 
болмағандықтан 
инфекциялық 
эндокардиттен күдік мардымсыз. Буын зақымдануының ерекшеліктері 
жасөспірімдер ревматизмдік қызбасындағы артритке тән болғандықтан 
буынның басқа ауруларынан күдіктеніп қажеті жоқ. Осыларды есепке ала 
отырып ЛДГ
1-2
анализі, ФКГ, ЭхоКГ, ЛОР дәрігерінде қатар емдеу керек. 
2. Негізгі ауруы: Ревматизмдік жедел қызба, кардит (митраль вальвулиті), 
миграциялаушы полиартрит.
Асқ.: ЖШФК
І 
(функциялық класс). БҚШ
І 
(буын қызметінің шамасыздығы). 
3. Науқас баспасын емдеудегi қателiктер: А-стрептококтік инфекциямен 
күресте, әсіресе, декомпенсацияға жақын тонзилитте бензилпенициллин 
дәрмегінің жеткілікті дозасы (1 000 000 бірліктен әр 4 сағатта, 7-10 тәулік 
барысында салу керек) және жергілікті санациялық процедуралар ЛОР 
дәрігерімен жүргізілуі, сонымен қатар, емнен соң есепке алынып, 
тексерулер жүргізілуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет