Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет33/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Клиникалық жағдай №4 
32 жастағы әйел, суретшi, 12 жасынан ревматизммен ауырады, 
диспансерлiк есепте тұрады, стационарда көп емделедi. Екi апта бұрын 


69 
тұмаудан соң физикалық күш түсуде ентiгу, тез шаршау, жүрек тұсында 
жағымсыз сезiм пайда болды. Дәрiгерге қаралмай корвалол iшкен. Осы 
түнi жүректiң шалыс, жиi соғуы, қалыпты жағдайдағы ентiгу, жалпы 
әлсiздiк, құрғақ жөтел қосылған, жедел жәрдем дәрiгерiнiң емдiк шаралары 
көмек етпей, клиникаға жеткiзiлген. 
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, шамалы акроцианоз, 
ортопноэ, тыныстың жиілігі 32 минутына. Өкпесiнде қатаң везикулалық 
тыныс, төменгi бөлiктерiнде үнсiз, майда көпiршiктi ылғалды сырылдар 
естiледi. Шала тұйықтық дыбыс шектерi: оң жағы – төс қырынан 2см оңға, 
жоғарысы – II қабырғаның төменгi қырында, сол жағы – mcl сызығында 
анықталды. Тыңдағанда: тондары ырғақсыз, жүрек ұшында сартылдаған I 
тон, диастолалық шу, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi. Пульсі 
ырғақсыз, жиi‚ санау мүмкiн емес. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Бауыры қабырға 
доғасынан 2см төмен. 
ЭКГ: RR интервалы 0,24-0,38сек, II, III, aVF, V
1
-V
2
-де изосызығы 
майда толқынды. 
1. ЭКГ мәліметтерінен жүрек жиырылу санын анықтаңыз. 
2. Жетекші синдромдары. 
3. Клиникалық диагнозы. 
Жауаптары:
1. Жүректің соғу жиілігі 60:024сек ≈ 250; 60:038сек ≈ 131 минутына, ЖСС 
131-250 мин., жүрекшелер фибрилляциясының пароксизмі. 
2. Жетекші синдромдары: жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы 
(жұптасқан митраль ақау, стенозының басымдылығымен); кардиомегалия 
(сол жүрекше, оң қарынша, мүмкін сол қарынша гипертрофиясымен 
сипатталған); ырғақ бұзылысы (жүрекшелер фибрилляциясы), ЖШ (қос 
қарыншалық). 
3. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан 
митраль ақау, стеноздың басымдылығымен. 
Асқ.: Жүрекшелер фибрилляциясының пароксизмі, ЖШФК
II



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет