Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет36/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Жауаптары:
1. Қарағандағы ұйқы артерияларының солқылы, қарашықтарының
пульсациясы, басының ырғақты шайқалуы; пальпацияда ЖҰТ алдыңғы 
қолтық асты сызығымен VI қабырға аралыққа ығысуы, жайылма, биiк 
болуы, жүректiң шала тұйықтық дыбысы шектерiнiң сол жағының – ЖҰТ-
не сай болуы, тыңдағанда жүрек тондарының әлсiреуі, оң II-ші қабырға 
аралық пен Боткин-Эрб нүктесiндегі – диастолалық шу, ірi тамырлар 
үстiндегі Траубенiң қос тоны мен Виноградов-Дюрозье шуының естiлуi,
АҚ-ның 180/20 мм сын. бағ. өзгеруі, пульсінің биiк, тез болуы науқастағы 
қақпақтық ақау (аорта қақпақтарының шамасыздығы) синдромының 
тікелей қақпақтық және периферилялық белгілері. Сонымен қатар келесі 
синдромдар бар: кардиомегалия (парциальді), синдромдық стенокардия
дисциркуляциялық энцефалопатия, ЖШ. 


73 
2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, аорта 
қақпақтарының шамасыздығы (аорта қақпақтары жармаларының 
қабынудан кейінгі шеттік фиброзы).
Асқ.: Дисциркуляциялық энцефалопатия. Синдромдық стенокардия
ЖШФК
І.
Клиникалық жағдай №8 
Инфекцияланған абортпен 28 жастағы әйел түстi. Жатырды 
қырғаннан соң несеп бөлу, жыныс жүйесiнен көзге көрiнер ауытқусыз дене 
қызуының 38,5
0
С-ке жоғарылауы, қалтырау дамыған. Солармен қатар 
жүрек тұсының тұрақты сыздап ауырсынуына, қалтырауға, әлсiздiкке 
шағынады. 
Бұрын ауырмағаны мәлiм болды. 
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық, терi 
жамылғылары қуқыл, білектерінің терiсiнде петехий-геморрагиялық 
бөртпелер, өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек шектерi өзгермеген, 
тондары әлсiзденген, қолқа үстiнде, Боткин-Эрб нүктесiнде кеми түсетiн, 
жұмсақ диастолалық шу естiледi. АҚ 140/60 мм сын. бағ. Пульсi 86 рет бір 
минутта. Iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр өлшемдерi Курлов бойынша 9-
8-7см. Талақтың шетi пальпацияланады. 
ЭКГ-де синусты ырғақ, жүректiң электр өсi – горизонталь. 
Кеуде сарайының рентгенограммасында – патология жоқ. 
Қанның жалпы анализiнде: эр. 3,2х10
12
/л, гемоглобині 90 г/л, түстiк 
көрсеткiші 0,84, лейк. 9,2х10
9
/л, т/я нейтрофильдері 6%, с/я 67%, лимф. 
18%, мон. 6%, эоз. 3%. ЭТЖ 40 мм/сағ., нейтрофильдерінде токсиндiк 
түйiршiктiлік айқын. 
Қанның биохимиялық анализдерiнен: жалпы белогі 72 г/л, альбумині 
42 г/л, глобулині 30 г/л, АЛТ 62 Б/л, АСТ 24 Б/л, тимол сынамасы 8 Б., 
СРП+++. НБТ тесті оң.
1. Болжам диагнозы? Жетекші синдромның ерекшеліктері? 
1.
Жедел лейкоз 
2.
Ревматизмдiк эндокардит 
3.
Аборттан кейінгі сепсис 
4.
Жүйелi қызыл жегi 
5.
Инфекциялық эндокардит 


74 
2. Қанды стерильдiлiкке 4 рет еккенде алтын сары стафилококк өндi. 
Несептiң жалпы анализi: түсi сабан сары, тығыздығы 1005, белок бар, 
лейк. 2-3 к/а. Басқа зерттеулер өзгерiссiз. Оксациллин 10 млн/тәулiгiне 
тағайындалды, 5-шi күнi белiнiң оң жағында кенеттен ауырсыну пайда 
болды. Несептiң жалпы анализi: жас ет шайындысы түстес, эритроциттері 
көру аймағын тегіс жапқан. Осы белгiлер 3 күннен кейiн жойылды. Емнiң 
5-шi күнiнде дамыған асқыну? 
1.
Жедел гломерулонефрит 
2.
Жедел пиелонефрит 
3.
Бүйрек артериясының тромбоэмболиясы 
4.
Бүйректiк шаншу 
5.
Оң жақты паранефрит 
3. Толық диагнозын жазыңыз. 
4. Емiндегi сiз келiспейтiн шаралары: 
1.
Берiлген антибактериялық ем жеткiлiксiз. Күштiлеу ем қажет, мысалы: 
оксациллин 10 г/т. в/iшiне гентамицинмен қоса 45 күн бойына, цефотаксим 
10 г/т., в/i. 
2.
Флора сезiмталдығын есептей отырып антибактериялық дәрмектер 
беру. 
3.
Емге 
антистафилококтік 
плазма, 
гаммаглобулин, 
иммуностимуляторлар қосу керек едi. 
4.
Антигистаминдiк дәрмектер қосу қажет едi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет