77
спленомегалия,
васкулит, қызба, II дәрежелi белсендiлiктегi. Жүректің
созылмалы ревматизмдiк ауруы, аорта сағасының стенозы.
Асқ.: ЖШФК
II
.
Фондық ауруы: Созылмалы тонзиллит, декомпенсация сатысы.
5. 1, 5
Клиникалық жағдай №10
19 жастағы студент жүрек аймағының шаншып, кейде тартып, сол
қолына беретін, физикалық күштемемен байланыссыз ауырсынуына,
жүргенде дамитын ентігуге,
жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, дене
қызуының 37,1-37,3
0
С көтерілуіне шағымданады.
Үш апта бұрын жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық
ауруымен ауырған, 5 күн бойына тетрациклин, анальгинмен емделген,
сабаққа барып жүрген. “Жағдайы жақсарып”,
дене қызуы
10 күннен соң
қалыптасқан. Осыдан бір апта бұрын жүрек аймағында ауырсыну пайда
болып, кештен кешке дене қызуы көтеріле бастаған.
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпе үстінде
везикулалық тыныс, жиілігі 24 минутына. Жүректің шала тұйықтық
дыбысының сол шегі – сол бұғана орта сызығынан 2 см солға ығысқан.
Аускультацияда жүрек тондары әлсізденген, жүрек ұшында систолалық
шу, минутына 3-4 экстрасистолия. АҚ 90/70 мм сын. бағ., пульсі 110
минутына, кернеуі мен толуы әлсіз. Бауыр
өлшемдері Курлов бойынша
14х11х10 см. Аяқтарында тобықтарына дейін ісіну бар.
1. Жүректің аускультациялық мәліметтерін саралаңыз. Дифференциялық
диагноз жүргiзiңiз.
2. Жетекші синдромдарына байланысты күдікті аурулар тізімін
(дифференциялық диагноз жүргізуді жалғастыру мақсатында) құрыңыз.
3. Жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруын емдеудегi
қателiктердi талдаңыз. Қанның жалпы анализінен қандай өзгеріс күтесіз?
4. Клиникалық диагнозы.
Жауаптары:
1. Жүректің аускультациялық мәліметтерінің анализі: жүректiң шала тұйық
дыбыс шектерiнің солға ығысуы, жүрек тондарының әлсiреуі, жүрек соғу
саны бір минутта 110 болуы‚ минутына 3-4 ЭС естiлуі, жүрек
шамасыздығының дамуы миокард зақымдануының
диффузды процесс
екендігін дәлелдейді; систолалық шудың пайда болуы миокард
78
зақымдануынан митраль қақпақтарының салыстырмалы шамасыздығының
дамуымен түсіндіріледі.
2. Миокардтың диффузды зақымдану синдромы, кардиомегалия, ЖШ,
ырғақ
бұзылысы, кардиалгия, қызба. Күдікті нозологиялық бірліктер:
ревматизмдік емес миокардит, оның Абрамов-Фидлердің идиопатиялық
миокардиті сияқты клиникалық варианты,
жедел рематизмдік қызба,
тиреотоксикоз (науқас жасы 19 болғандықтан ДКМП дифференциялық
диагноз қажеттігі шектеледі). НЦД де дифференциялық диагноз қажет
емес, себебі, науқаста органикалық өзгерістер анық.
3. Жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық ауруын емдеудегi
қателiктер: жедел респирациялық аурулар вирусты этиологиялық
болғандықтан,
антивирусты
дәрмектерді
немесе
иммундық
модуляторларды, витаминдер кешенін қолданып, жұмыстан (сабақтан) дем
алу керек еді. Қанның жалпы анализінде вирусты
этиологиялы процеске
байланысты лейкопения болады.
4. Негізгі ауруы: Ревматизмдік емес диффузды миокардит, инфекциялық-
токсиндік
этиологиялы,
аритмиялық
варианты,
қарыншалық
экстрасистолия, Лаун-2, жедел барысты, орта ауырлықтағы.
Асқ.: ЖШФК
І
.
Достарыңызбен бөлісу: