72
20 жастағы студент ревматология бөлiмiне
төмендегі шағымдармен
түстi: физикалық күш түскендегі күшейетін төс артының ауыруы, ентігу,
мойын тамырларының солқылы, жүрек қағуы, бас айналуы.
Анамнезiнде: балалық шағынан ревматологта жүрек ақауымен есепте
тұрады, өршуге қарсы ем қабылдап жүрген. Соңғы рет тұмаумен ауырған
соң жағдайы төмендеген.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары
қуқыл, перифериялық iсiнулер жоқ. Өкпесінде везикулалық тыныс.
Қарағанда
ұйқы
артерияларының
солқылы,
қарашықтарының
пульсациясы, басының ырғақты шайқалуы анықталды.
Қарағанда,
пальпацияда ЖҰТ алдыңғы қолтық асты сызығымен VI қабырғааралықта,
жайылма, биiк. Жүректiң шала тұйықтық дыбысы шектерiнiң сол жағы –
ЖҰТ сай. Тыңдағанда жүрек тондары әлсiреген, ырғақты, оң II
қабырғааралық пен Боткин-Эрб нүктесiнде – диастолалық шу. Iрi
тамырлар үстiнде Траубенiң қос тоны мен Виноградов-Дюрозье шуы
естiлдi. АҚ 180/20 мм сын. бағ.
Пульсі биiк,секірмелі, тез, 80 рет
минутына. Бауыры ұлғаймаған.
Сфигмограммада: анакротаның да, катакротаның да толқыны биік,
тез, дикротасы анық.
1. Жүрек-тамыр жүйесінің инспекциялық, пальпациялық,
перкуссиялық,
аускультациялық мәліметтерінің анализі, жетекші синдромдары.
2. Клиникалық диагнозы.
Достарыңызбен бөлісу: