органның алдында сараптама комиссиясының құрамына тиiстi маманды оның келiсiмiмен енгiзу жөнiнде өтiнiш жасауға құқығы бар.
3. Сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын ұйымдастыру мен жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
4. Сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесі
Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесі
1. Сот-наркологиялық сараптама - қылмыстық немесе азаматтық іс жүргізу кезінде наркология мамандығы бойынша арнайы білім қажет болған жағдайда тағайындалатын азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылатын медициналық сараптаманың бір түрі.
2. Сот-наркологиялық сараптаманы медициналық сараптаманың тиісті түрін атқаруға лицензиясы бар емдеу-алдын алу ұйымдары жүзеге асырады.
3. Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу жауапкершілігі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларына жүктеледі.
3. Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу жауапкершілігі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларына жүктеледі.
4. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының облыстық, қалалық наркологиялық ұйымдарының құрамында арнайы медициналық комиссия ұйымдастырылады.
5. Сот-наркологиялық сараптаманы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтиханын өткізу Ережесіне сәйкес, тиісті біліктілігі бар, "психиатрия және наркология" мамандығы бойынша дайындықтан өткен дәрігерлер жүргізе алады. V074559