Дүниетану пәні «Адам», «Табиғат», «Қоғам»блоктары бойынша білім мен білік береді. Мұнда оқушы алғашқы тірі және өлі табиғат, табиғаттағы құбылыстарды, дене мен заттар, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін, олардың адамдарға қажеттілігі туралы біледі. Осындай мағлұматтарды ұғына отырып табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын түсінеді. Сондай-ақ, табиғатты аялау, үнемдеу т.с.с. экологиялық тәрбие беріледі.
Қазіргі таңда табиғат туралы ғылымдар ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарын анықтайды, дүниеге ғылыми тұрғыда қарауға баулиды, табиғаттың даму заңдылықтарын ашады. Дүниені түсінуге тырыса отырып, бала қоршаған орта мен құбылыстарды зерттейді, жүйелейді және тиісті тұжырымдар жасайды.