Дүниетану сабақтары тәрбиенің қайнар көзі, тәрбиенің кешенді ошағы болып табылады. Әрбір дүниетану сабағы патриоттық, ұлтжандылық, эстетккалық, адамгершілік, экологиялық, еңбекке баулу, санитарлық-гигиеналық тәрбиенің бастауы.
Эстетикалық тәрбие. Адамдардың, эстетикалык сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, рухани ләззаттануға мүмкіндік береді, куанышқа бөлейді. Эстетикалык тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар: эстетикалык кабылдауды - дамыту; эстетикалык талғамды, әсемдікті бағалай білуді, шын әсем нәрсені эстетикалық емес нәрседен ажырата білуге тәрбиелеу; өнерде өзін шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған өмірден эстетиканы сіңіре білуге тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Әсемділіктің таптырмас бұлағының бірі - табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді. Эстетикалык тәрбие баланың жан-жақты даму факторының бірі бола тұра, оқушылардың өз өмірін «Әдемілік заңы» бойынша құра білуге баулиды.
«Эмоционалдық-эстетикалық лепсіз баланың толық қанды ақыл - ойының дамуы мүмкін емес» В.А.Сухомлинский
«Эмоционалдық-эстетикалық лепсіз баланың толық қанды ақыл - ойының дамуы мүмкін емес» В.А.Сухомлинский