«Сақина» жаттығуы. Бұл білім беру ойыны есте сақтауға, зейінге, сөйлеуге көмектеседі және дислексия белгілерін жояды. Балаға келесі әрекетті көрсетіңіз: саусақтарыңызбен кезекпен түртіңіз, әр саусақты бас бармағыңызбен сақинаға бекітіңіз. Сұқ саусақпен бастаңыз және кішкентай саусақпен аяқтаңыз. Содан кейін кері санақты бастаңыз. Алдымен жаттығу бір қолмен, содан кейін екі қолмен орындалады. Екі ай бойы таңертең және түстен кейін баламен 10-15 минут айналысу керек.
«Айнамен сурет салу» жаттығуы. Бұл жаттығу миға белсенді әсер етеді, жалпы оның жұмысын жақсартады. Баланың алдына бос қағазды қойыңыз. Оған сүйікті маркерлерін немесе қарындаштарын беріңіз. Екі қолмен айна симметриялы өрнектерді немесе әріптерді салуды бастаңыз. Алдымен, бала жаттығудың принципін түсінуі үшін сурет салуды қолға алыңыз, содан кейін оған өздігінен бірдеңе салуға тырысыңыз. Жаттығуды күн сайын, бір күнді жібермей жасау керек.
Мектеп оқушыларындағы дислексияны түзетудің тиімді әдістері бойынша эксперимент жұмысының нәтижелері
Мектеп оқушыларындағы дислексияны түзетудің тиімді әдістерінің бірі Рональд Дэвис әдісінА,9 жастағы балаға қолдандық. Эксперимент барысында А, бала сөздердің басындағы және соңындағы дыбыстарды алмастыру бұзылысы байқалды. Осы әдісті пайдалана отырып, арнайы жаттығулар арқылы бала қиялын босатуға, бағдарлау нүктесін табуға үйренді. Рональд Дэвис әдісін пайдалана отырып, бағдарсыздануды «өшіру» арқылы оның миын іске қосуға және айналасындағы әлемді бұрмалаусыз қабылдауға үйренуге көмектестік.
Мектеп оқушыларындағы дислексияны түзетудің тиімді әдістерінің бірі Оксана Макерова әдісінБ, 8 жастағы балаға қолдандық. Б, балада сөйлемдердегі сөздерді немесе сөздер тізбегін шатастырады. Балада уақытты қабылдауы, бұрмалануы,қозғалыс дағдылары баяу немесе ебедейсіздігі байқалды. Оксана Макерова әдісі бойынша Б, балаға кинезиологиялық және артикуляциялық жаттығулар, сондай-ақ витаминдік терапиясін жасадық. Интеллектуалдық және танымдық сөздік ойындар, яғни: ребустар, изографтар, сөз лабиринттері қолдану арқылы оқу бірліктерін автоматтандырдық.