Дисперстік жүйелерді Коагуляциялау жӘне тұрақтандыру Коллоидтық жүйелердің жалпы сипаттамасы


Электролиттердің коагуляциялау әсері



бет2/10
Дата09.05.2022
өлшемі215,5 Kb.
#33240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6 -зертханалық жұмыс

Электролиттердің коагуляциялау әсері.

Барлық электролиттер коагуляцияға ұшыратады. Электролиттердің лиофобты коллоидтарға әсерін былайша тұжырымдауға болады:

1. Коагуляция электролиттің белгілі бір критикалық концентрациясында Ск байқалады, оны коагуляция табалдырығы деп атайды;

2. Коллоидтық бөлшектің зарядына қарама-қарсы зарядталған иондар коагуляцияға ұшыратады, яғни қарсы иондар;

3. Иондардың валенттілігі артқан сайын олардың коагуляциялық қабілеттілігі күшейеді;

4. Бірдей зарядталған иондардың коагуляциялық қабілеттілігі олардың өлшемдері артқан сайын күшейеді.

Коагуляция табалдырығы қарсы иондардың валенттілігіне қатаң тәуелділік-те болады. 1 л коллоидтық ерітіндіге есептегенде бір валентті электролиттер үшін коагуляция табалдырығы 25 пен 100 миллимольдер аралығында, ал еківа-ленттілерде 0,5 –2 миллимоль, үшваленттілерде 0,01-0,1 миллимоль аралықтарында жататыны табылған. Бұл заңдылық Шульце-Гарди ережесі ретінде белгілі, ол иондар мен олардың коагуляциялық қабілеттіліктерінің арасындағы тура пропорционалдықты көрсетпейді. Коагулирлеуші күш валенттілікке қарағанда әлдеқайда күштірек артады. Шульце As2S3 золь үшін бір, екі және үшвалентті катиондардың мынандай қатынастарын тапты: 1: 20 : 350. Басқа зерттеу-шілер басқа қатынастар тапты. Бұл бір зольді бірнеше рет алғанда сипаттамалық қасиеттері бірдей болмауымен түсіндіріледі. Валенттілігі бірдей иондардың коагулирлеуші қабілеттіліктері бір-біріне жақын болуы тиіс, бірақ әртүрлі әсер етеді. Бір валентті иондар үшін мынандай лиотропты қатар жазуға болады:
Li+  Na+  K+ NH4+

Шульце-Гарди ережесіне сәйкес, электролиттердің әсері тек қана коагуля-ция табалдырығы үшін ғана анықталмаған, сонымен бірге қос электрлік қабат (ҚЭҚ) негізгі рольді атқаратын электркинетикалық құбылыстар және жалпы барлық құбылыстар үшін де анықталған. Электролит концентрациясы мен қар-сы ион валенттілігі артқан сайын, - потенциал шамасы азаяды. Сондықтан, көптеген бұрынғы жұмыстарда коллоидтық жүйелердің тұрақтылығын - по-тенциал шамасымен байланыстырып, коагуляция табалдырығына  - потенци-алдың кейбір критикалық mіn мәнінен (30 мВ) төмен мән сәйкес келеді деп есептеді. Бұдан төмен мәнде коагуляция басталады. Бірақ, көптеген жағдай-ларда коагуляцияның басталуына сәйкес келетін - потенциал мәні 30 мВ-тан өзгешелеу болды. Сонымен бірге, - потенциал шамасының азаюы, барлық уа-қытта коагуляцияны туғызбайды, керісінше дисперстік жүйенің тұрақтылығын арттырды. Бұл - потенциал мен тұрақтылық арасындағы қарапайым байланысқа күмән келтірді. Бірақ, тұрақтылыққа баға бергенде, соның ішінде дисперстік бөлшектер арасында әсер ететін электрстатикалық тебісу күшін анық-тағанда ҚЭҚ параметрлері негізгі рольді атқарады. Тебісу күші тұрақтылық шекарасын анықтамайды, оны тартылу күшімен (вандерваальс күші) бірге қарастыру қажет. Ландаумен бірге Дерягиннің дамытқан және жалпы құптауға ие болған тұрақтылықтың қазіргі заманғы теориясы, коагуляция процесін бөлшектер арасындағы вандерваальс тартылу күші мен электрстатикалық тебілу күшінің біріге әсер ету нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл күштердің балансына тәуелді, жақын бөлшектердің арасындағы сұйықтықтың жұқа қабатшасында олардың бірігуіне қарсы не оң, не қабатша жұқарып, бөлшектер арасындағы жанасудың түзілуіне алып келетін теріс сыналық ажыратушы қысым пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет