Дисперстік жүйелерді Коагуляциялау жӘне тұрақтандыру Коллоидтық жүйелердің жалпы сипаттамасы


- жұмыс. Дисперстік жүйелердің тұрақтануы



бет8/10
Дата09.05.2022
өлшемі215,5 Kb.
#33240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
6.2- жұмыс. Дисперстік жүйелердің тұрақтануы.

Зольге төмен және жоғары молекулалы беттік активті затты (БАЗ) енгізген кезде жүйенің тұрақтылығы шексіз жоғарылауы мүмкін. БАЗ тұрақтандырушы әсері, оның бөлшек бетіне адсорбциялануымен байланысты. Ұзын тізбекті БАЗ және өзінің сольваттық қабатын алып жүретін жоғары молекулалық қосылыстардың (ЖМҚ) макромолекулалары біріншілік, сонымен бірге көптеген жағдайларда екіншілік потенциал шұңқырын бүркейтін үлкен ауқымды және тығыздықты адсорбциялы-сольваттық қабат түзеді. Ребиндер бойынша, ЖМҚ адсорбциясы жағдайында адсорбциялық-сольваттық қабатты лиофильді қабыршақты сірне (гель тәрізді құрылымдалған қабат) ретінде қарастыру қажет. Мұндай қабаттар ығысуға қарсы тұра алатын, серпімді, жоғары тұтқырлық қасиеттеріне ие және бөлшектердің жанасуына кедергі келтіретін "құрылымдық-механикалық тосқауылды" туғызады. Молекула бағдарлануы мен полярсыз топтардың гидрофобтық әрекеттесуі, сутектік байланыстардың түзілуі, көрші адсорбцияланған молекулалар арасында диполь дипольдік тартылуы - бүйірлі когезия нәтижесінде құрылымдалу жүреді. Адсорбциялық-сольваттық қабаттың беріктілігі уақыт бойынша артады. Диффузия коэффициенті аз және фазалар бөлу шекарасында макромолекулалардың ориентациясының баяулығына байланысты шектік мәніне бірнеше сағаттан соң жетеді.

Зольдердің тұрақтануы үшін, адсорбциялық-сольваттық қабаттың сыртқы бетінде беттік керілу шамасы аз және бөлшек бетіне қарай күрт өспеуі қажет. Бұл жағдайлар орындалмаған кезде, коагуляция адсорбциялық қабаттың жабысу жолымен жүреді.

Бөлшек бетіне ЖМҚ адсорбциялық-сольваттық қабатты қалыптастыруын, қорғану әсері деп атайды. Тұрақтанған зольдер, мысалы -потенциал шамасына қарап, қорғанған коллоид қасиетіне ие болады.

Дәрілік препараттарды дайындаған кезде, дисперстік жүйенің қорғануын қолданады. Проторголмен колларгол бактерицидтік препараттар - ақуызбен тұрақтанған металл күміс зольдері. Суалту кезінде олар өте жұқа майда ұнтақ түзеді, олар суда жоғары дисперсті золь түзе, өздігінен "жайылады". Бактерицидтік қасиеті ақуыз қаптауымен бүркелмей, бөлшекті қоршайтын сулы ортаға тарайды.

ЖМҚ қорғану әсерін сипаттау үшін Зигмонди "алтын сан" деп аталатын ұғымды енгізді. Ол 10 мл алтынның қызыл золіне 1 мл 10%-тік NаСІ ерітіндісін енгізгенде, оның көгеруін болдырмайтын ЖМҚ мг саны. Алтын золінің орнына кейде Ag, Fe(OH)3 және т.б. зольдерді қолданады (сәйкесінше, "күміс", "темір" және т.б. сандар деп аталады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет