Дисперстік жүйелерді Коагуляциялау жӘне тұрақтандыру Коллоидтық жүйелердің жалпы сипаттамасы



бет10/10
Дата09.05.2022
өлшемі215,5 Kb.
#33240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6 -зертханалық жұмыс

Жұмыс барысы:

Ғе(ОН)3 золін алу үшін, 250 мл қайнаған дистильденген суға 10 мл 2%-тік темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады. Түзілген қызыл-қоңыр түсті зольді бөлме температурасына дейін суытады. 10 сынауыққа 10 мл золь, үстіне келесі көлемде су мен электролитті құяды (18-кесте):



18-кесте

Сынауық нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Су көлемі, мл

10

9

8,5

8

7,5

7

6,5

6

5,5

5

Электролит көлемі, мл

0

1

1,5

2

2,5

3

3,5

4

4,5

5

Оптикалық тығыздық (D)






























Екі- және үш валентті коагуляциялаушы иондар үшін бірінші алты сынауықты алса жеткілікті.



Әр сынауыққа зольді оптикалық тығыздықты өлшеу алдында 2-4 мин. бұрын құяды. Оптикалық тығыздықты № 1 жұмыста жазылған әдіс бойынша өлшейді. Алынған мәліметтер бойынша D -ның электролит көлеміне (V) тәуелділігінде график тұрғызады және электролиттің коагуляциялаушы көлемін (Vк) табады (8.1-жұмысты қараңыз). Сонан соң Ғе(ОН)3 золіне қатысты полимердің қорғану санын анықтайды. Ол үшін 10 сынауыққа золь, полимер және электролит қоспасын келесі көлем мен ретте дайындайды (19-кесте):
19-кесте

Сынауық нө-мірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Золь көлемі, мл

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

Су көлемі, мл































Полимер кө-лемі, мл

5

4

3,5

3

2,5

2

1,5

1

0,5

0

Электролит көлемі, мл































Оптикалық тығыздық (D)































Барлық сынауықтарда электролит көлемі коагуляциялаушы көлемге (Vк) сәйкес келеді. Электролитті полимерді енгізгеннен кейін 10-15 мин соң қосады.

Бұл уақыт аралығында Ғе(ОН)3 золінің бөлшектерінде полимер адсорбциясы жүреді.

Барлық сынауықтардағы қоспаның жалпы көлемі 20 мл құрайды. Бұдан сынауықтағы су көлемін золь, полимер, электролит көлемдерінің қосындысынан 20 мл дейін жеткізеді. Барлық сынауықтарда су көлемі әртүрлі болады. Оптикалық тығыздықты электролит қосқаннан соң 2-4 мин кейін өлшейді.

Алынған мәліметтер бойынша D-ның тұрақтандырғыш көлеміне (V) тәуелділігінде график тұрғызады және одан зольдің коагуляциясын болдырмау үшін қажет тұрақтандырғыш көлемін табады. Полимердің қорғану көлемі, D минимал мәнге келіп, полимерді әрі қарай құйған кезде өзгермейтін (40-сурет) көлеміне сәйкес келеді. Қорғану саны (S) мына формуламен есептеледі:


(8.17)
мұндағы, Стұр-тұрақтандырғыш концентрациясы, г/л; Vқор- коагуляцияны болдырмау үшін қажет тұрақтандырғыш көлемі, мл; V- золь көлемі, мл.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дисперстiк жұйелердiң тұрақтандыру факторларың айтыңыз.

  2. Дисперстiк жұйелердiң тұрақтылықын қандай параметрлермен анықтауқа болады?

  3. Дисперстiк жұйелердiң термодинамикалық тұрақтандыру факторының маңызы қандай?

  4. Тұрақтылықтың құрылымдық – механикалық факторы қалай пайда болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет