6.1 - жұмыс. Зольдерді электролиттермен коагуляциялау.
Жұмыстың мақсаты: 1. Коагуляциялаушы ион зарядтары әртүрлі электролит-термен зольдердің (Fe(OH)3, MnO2 және т.б. ) коагуляция табалдырығын анық-тау. 2. Дерягиннің алтыншы дәреже заңының орындалуын тексеру.
Қондырғылар мен реактивтер: Фотоколориметр ФЭК-56М; көлемі 20 мл сынауықтар (пробиркалар); көлемі 250 мл конус тәрізді құты (колба); градуирленген тамшуырлар (пипеткалар); темір (ІІІ) хлориді, калий перманганаты, натрий тиосульфаты, натрий хлориді, барий хлориді, алюминий хлориді, натрий сульфаты, натрий фосфаты ерітінділері.
Жұмыс барысы:
Оқытушының көрсетуі бойынша зольдерді (Ғе(ОН)3, МnО2) алады. Жеті сынауыққа 10 мл золь, үстіне келесі көлемде су мен электролитті құяды (17-кесте):
17-кесте
Сынауық нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Су көлемі
|
10
|
9
|
8,5
|
8
|
7,5
|
7
|
6
|
Электро- лит көлемі
|
0
|
1
|
1,5
|
2
|
2,5
|
3
|
4
|
Оптикалық тығыздық (D)
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр сынауыққа зольді оптикалық тығыздықты өлшеу алдында 2-4 мин. бұрын құяды. Оптикалық тығыздықты (D) анықтауды ФЭК-56М фотоколориметрінде жүргізеді.
Әрбір оптикалық тығыздықты өлшеуден соң, зерттелетін ерітіндісі бар кюветаны жуып, дистилденген сумен бірнеше рет шайқау қажет. Алынған мәліметтерді кестеге толтырады.
Өлшеу нәтижелері бойынша барлық электролиттер үшін, оптикалық тығыздықтың қосылған электролит көлемінен VК (мл) тәуелді график тұрғызады. Коагуляция табалдырығына, оптикалық тығыздық максимал мәнге жетіп, электролитті әрі қарай қосқанда өзгермейтін электролиттің табалдырықтық көлемі сәйкес келеді (40-суретті қараңыз). Ск - коагуляция табалдырығының мәнін мына формула бойынша есептейді:
, (8.16)
мұндағы Сэл - енгізілген электролит концентрациясы, моль/л; V - золь көлемі, мл. Коагуляция табалдырығының шамасы бойынша, CК= const/z6 мәнділік ережесі мен VІк:VІІк:VІІІк 1:64:729 қатынасының байқалатындығын тексеру қажет.
40- сурет. D оптикалық тығыздықтың а) Vэл - электролит-коагулятор көлемінен; б) Vтұр - тұрақтандырғыш көлемінен тәуелділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |