Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет4/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Зерттеу мақсаты: университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісін теориялық негіздеу және әдістемелік қамтамасыз ету.

Зерттеу нысаны: болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау үдерісі.

Зерттеу пәні: болашақ педагог-психологтарды даярлауда диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруды ұйымдастыру.

Зерттеудің болжамы: егер болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі жасалып, университеттің білім беру үдерісіне ендірілсе, онда қажетті құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру қамтамасыз етіледі, өйткені дидактикалық үдеріс теориялық ұстанымдар мен тәсілдердің интегративтік негізіне, сондай-ақ білім беру ортасының әлеуетін тиімді пайдалануға негізделеді.

Мәселеге, мақсатқа, нысан мен пәнге сәйкес, мынадай зерттеу міндеттері белгіленді:



    1. Кәсіби даярлау үдерісінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін құрайтын ғылыми еңбектер мен тұжырымдамаларға талдау жасау.

    2. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырларын негіздеу.

    3. «Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі» ұғымының мәнін нақтылау, мазмұнын, құрылымын сипаттау.

    4. ЖОО үрдісінде болашақ педагог-психологты даярлауда диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін әзірлеу.

    5. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемесін жасап, тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру. Эксперимент қорытындылары бойынша оқу құралы, әдістемелік кешен, диагностикалық дәптер даярлап баспадан шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет