Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: XV-XX ғғ. ақын-жырауларының рухани құндылықтар туралы ой-тұжырымдары мен пайымдауларын ғылыми-теориялық жағынан дәлелдеп, оларды бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарына ендірудегі маңызын ашу. Ақын-жыраулар поэзиясының рухани құндылығы, тақырыптық өзгешілігі мен жанрлық сипатын ашу. Ақын-жыраулар поэзиясын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау, оны оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін тәжірибеде қолдану, белгілеу.
XV-XX ғғ. ақын-жыраулар толғауларын қазақ әдебиеті сабақтарында жыраулар поэзиясының оқытылу мәслелерін қарастыру;
Ақын-жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық жүйесін талдау;
XV-XX ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларындағы рухани құндылықтар туралы ой-тұжырымдарды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктерін айшықтау.
Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы.
Қазақ мектептерінде қазақ әдебиеті сабағында ақын-жыраулар поэзиясын оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін жүйелі түрде анықтауға жұмыс атқарылды;
Ақын-жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетіндегі алатын орны анықталды;
Ақын-жыраулар шығармашылығын жаңа технология бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдер жүйесі көрсетіліп, білім алушылардың дара тұлғалық қабілеттерін дамытудағы мәні нақтыланды;
XV-XX ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулар поэзиясының мазмұндық-құрылымдық сипаты айқындалды.
Диссертациялық жұмыстың нысаны. Жалпы білім беретін мектептерде қазақ әдебиетін оқыту үдерісі.
Диссертация жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі: оқу үрдісінің тәрбиелік, білім беру, дамыту мақсаттарына қатысты ұстанымдар; ұлттық тәрбие заңдылықтары мен ақын-жыраулар мұрасының философиялық, психологиялық, педагогикалық тегі арасындағы байланыс;
Диссертация жұмысының ғылыми тәжірибелік мәні.Ғылыми зерттеу еңбегіндегі әдістемелік тұрғыдағы ұсыныстар мен оқытудың жаңа бағыттағы жүйелерін, сабақ үлгілерін әдебиетті оқыту үдерісінде қолдануға болады. Әдістемелік нұсқауларды қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері өз тәжірибелік-педагогикалық шығармашылық жұмыстарындағы ізденістерге қолдануға, басшылыққа алуға болады.
а) мұғалімдерге, оқытушыларға арналған «XVIII-XIX ғасырлардары ақын-жыраулардың мұраларындағы рухани құндылықтарды тәрбие процесінде пайдалану» арнайы семинары;
ә) оқушылар мен студенттерге арналған «XVIII-XIX ғасырлардағы ақын-
жыраулардың мұраларындағы рухани құндылықтар туралы ой-тұжырымдары» арнайы курсы;
б) «XVIII-XIX гасырлардары акын-жыраулар жоне олардын эстетикалык
торбие туралы ойлары» монографиясы дайындалы, усынылды.
Зерттеу нәтижесінде қол жеткізген теорилық қорытындылар мен ұсыныстарды жастарға рухани құндылықтарды сіңдіріп, тәрбие беру жұмыстарында қолдануға болады.
Диссертация жұмысының әдістері:ғылыми-педагогикалық, теориялық әдебиеттерге талдау беру арқылы талдау, топтастыру, салыстыру, осыған дейін зерттеліп, ғылыми айналымға түсірілген ғалымдар мен әдебиеттанушылардың еңбектерін саралау, дәстүрлі объективті-аналитикалық ой-тұжырымдар жасау, жинақтау, жүйелеу әдістері жүзеге асты.
Диссертация жұмысының құрылымы:Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.