өлеңдерді орыс фольклортану ғылымында жеке жанрлық ртүр ретінде
қарастырады (пестушки, потешки). Қазақ балалар фольклорында да мұндай
өлеңдер аз болмаған. Оларды жинай келе ойын жырларының жеке саласы етіп
жіктеуге болады. Балалардың өз бетімен ойнап кетуге қабілеті жеткен кезде
олар үлкендердің көмегінсіз өлең, тақпақ айтып, сан түрлі ойындар ойнап, азан
қазан мәз болып жатады. Балалар творчествосының шын мәнінде қанат жайып,
еркіндікке шыға бастауы да осы кез. Ойындардың ішінде отырып та, түрегеп
тұрып та, дамылсыз жүгіріп жүріп те ойнайтындары бар. Ойын барысындағы
іс – әрекеттерді белгілеу, балалардың орын тәртібін анықтау, түрлі рольдерді
бөлісу, міне, мұның бәрі де өлең, тақпақтар арқылы іске асырылады.«Санамақ»,
«Қаламақ» тақпақтары ойын жүргізушілерді, жекелеген қызметтерді бөлісу
үшін айтылса, «Соқыр теке», «Үй артында қол ағаш», «Кім ұшты? » тағы
басқалары бүкіл ойын процесімен тұтастық тауып, мазмұны мен түрі бойынша
әр түрлі қимыл – қозғалыстармен бірлікте айтылады. Сондықтан да олар
ырғағы жағынан кейде жедел, енді бірде баяу орындалса, кейде арасына
ырғақты қара сөз араласып отырады. Мазмұны әзіл – қалжың, сықаққа толы
болса, құрылысы мейлінше қарапайым, айтылуы жеңіл, сөздері ойнақы.
Дыбысқа еліктеушілік, аллитерациялық, ассонастық қайталаулар жиі
ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: