Қолдасын Қыдыр ата.
Қызырың қияласын,
Періштең ұяласын.
Балаға бақ берсін,
Бас берсін, өмірі ұзақ жас берсін,
Кетпес ырыс, кең пейіл берсін.
Қазақ халқы арасында кең тараған этнографиялық астары мол сондай салт
өлеңдерінің бірі – «тұсау кесу» жыры. Өлеңнің аты да халықтың тұсау кесу
ырымына байланысты қойылған. Бұл ырым бала өміріндегі елеулі оқиға ретінде
атап өтіледі.Ырымның негізі аяғынан қаз тұрып, апыл – ғұпыл жүре бастаған
сәбидің қадамын байлап тұрған тылсым күш бар, соны қыйып жіберсе, бала
жүгіріп кетеді деген көне магиялық ұғымнан туған сияқты.
Бұған ұқсас
түсінікті әлем халықтары тарихының барлығында болғандығы белгілі – ал Орта
Азия халықтарының көпшілігінде бертінге дейін сақталған. Мәселен, қарашай –
балқар халқында бұл ырым «жанға атлан» (алғашқы қадам) деп аталады. Бұл
салт бойынша, бала алғаш жүре бастаған сәтте жүгері ұнынан күлше пісіріп,
оны сәбидің аяғының арасынан домалатады.нанды ұстап алуға талпынған бала
әрекетін қызықтаған әйелдер:
Хайда, хайда, топ, топ...
Балачығым, топ, топ, топ...
Онг жанына топ, топ...
Ерге, енше, топ, топ...
Балачығым, топ, топ... –
деп әндетеді.
Бұл ырымның жүзеге асуы қазақ пен қырғыз халқында бірдей. Ол үшін
аяғынан қаз тұрып жүрген баланың аяғын ала жіппен майлы тоқ ішек
араластырып (кейде шөп араластырады) тұсайды да, тұсауды аяғы жеңіл, ширақ
жүрісті адамға кестіреді. Содан соң отырғандар баланы жағалата жетектеп:
Тәй, тәй, балам, тәй, балам,
Жүре қойшы, жәй, балам,
Қарыс, сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым... –
деп әндетеді. Бұл жерде баланың аяғын ала жіппен тұсауда да астарлы мән
бар.
Халық тұрмысында ала жіпке байланысты
басқа да этногрфиялық
детальдар сақталған. Соның бірі мынандай: Араздасқан екі адамды
татуластырған кезде ертеректе билер оларға ала жіп ұстататын болған. Керіліп
тұрған жіпті екі адамға сыйлы, беделді адам ортасынан қиып жіберген.Оның
мәнісі – егер уәде бұзып бір – бірімізге
қайтадан жаулық сағынсақ, тәңір
жазамызды беріп, осы ала жіптей қиылып қалайық деген сөз. Қазақтардың
адамдарға қиянат жасаған емеспін деудің орнына «Ешкімнің ала жібін аттаған
жоқпын» дейтіні де сондықтан. «Ала жіп» - қазақ ұғымында белгілі әдептің
шегі. Ел ішінде қораға ит –құс (қасқыр) тимесін деп қора аузына ала жіп құрып
қоятын да салт бар. Яғни, халық түсінігінде ала жіп – киелі ұғымға ие.
Достарыңызбен бөлісу: