болған кезде қазақтар ас бермеген, тек жылы ғана өткізілген.
Жалпы өліктің артын күту салтындағы «қонақ асы», жетісі, қырқы, жылы
өзінің ғұрыптық рәсімдерінің байлығы, күрделілігі, түрлілігі жағынан түркі
халықтарының, оның ішінде көшпелі-малшы халықтардың дәстүрінде кең орын
алады. Оның өткізілуінің әлеуметтік-қоғамдық мәні жағынан да осы түркі
халықтардың ортасында ерекше салтанатты.
Қазақтың аза тұту дәстүрінің халықтың
өз тарихы сияқты тым көнеден
бастау алатынына дау жоқ. Сонау есте жоқ ескі заманнан елес беретін Геродот
еңбектерінде егжей – тегжейлі баяндалатын өлік жөнелту, аза тұту салттарының
бүгінгі қазақ әдет – ғұрыптарымен сабақтасып жатқанын ілкі ғалымдар ежелден
көрсетіп келсе, кейінгі кезеңде «Ұлы дала» (Л.Н. Гумилев) төсінде жүргізіліп
жатқан археологиялық қазбалар, ғылыми ашылымдар сол пікірлерді
бұлтарыссыз бекіте түсетін ғылыми дәйектерге айналу үстінде.
Қазтуған жыраудың Еділден ауғандағы қоштасу жырын айтуға болады.
Алаң да, алаң, алаң жұрт,
Достарыңызбен бөлісу: