Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Өс, өс, балам, өсе бер,
Батыр бол балуан білекті.
Батыл бол таймас жүректі!
Аяғыңды созайық
Саусағыңды жазайық
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным!
Өс,өс,өс, - деген сияқты балаға жақсы тілектер тілеу сипатында болып
келеді.
Жылап отырған балаға кімнің болмасын мейірімі түсіп, асты – үстіне
түскісі келетіні – табиғи нәрсе. Тілі әлі толық шығып, есі кіре қоймаған сәбиге
ата –анасы:
Жас алыпсың көзіңе,
Не болды екен өзіңе?!
Саған тиген кісінің
Қолы сынсын таң ата,
Көзі шықсын күн ата, - деп өзінің ішкі эмоциясын, жәбірлеген адамға
деген ренішімен қоса қабат әзіл өлеңмен білдіреді. Сәби сәл қара тұяқ болып,
аяғы, тілі шығып, өз бетімен ойынға айнала бастаған уақытта баланың белгілі
бір дене мүшесін пайдалана отырып, алдарқататын ермек – ойын өлеңдер
басым бола бастайды.
Бесік жырларын көпке дейін фольклоршылар тұрмыс–салт жырларының
арнасында қарастырып келеді. Оның өзіндік себебі де бар–ды. Өйткені балалар
фольклоры деген ұғымның өзі фольклортану ғылымында Г.С. Виноградовтың
еңбектерінің нәтижесінде ғана бертінде, тек 30-жылдар ішінде қалыптасты.
Және оған тек балалар репертуарындағы шығармалар жатқызылып келді.
Бесік жырына айрықша мән беріп, оны алғаш зерттеу объектісіне
айналдырған зерттеушілердің бірі – С.Сейфуллин. Оның 1932 жылы жарық
көрген «Қазақ әдебиеті» атты еңбегінде бесік жырына арнайы орын беріліп,
жанрлық ерекшеліктері, эстетикалық мұраты мен тәрбиелік қызметі, кейбір
көркемдік қырлары сөз болады [40.5].
Мәселен, бесіктің арқалығын қару, оған үкі, қасқырдың азуы сияқты заттарды
іліп қою, баланың басына пышақ, қанжар, т.б. заттар жастап қою Орта Азия
халықтарының көпшілігіне ортақ. Ал, бос бесікті тербетпеу салты бар халықта
бар. Қазақта баланы бөлерде бесікті отпен аластап:
Алас, алас, пәледен қалас,
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас,
Қырық қабырғасынан алас,
44


Отыз омыртқасынан алас! – дегендей ырым өлеңдер айтылады. Мұндай
анимистік ұғым әр халықта сақталған.
Бесік жырының мазмұндық құрамын іштей жіктеу жөнінде де ғалымдар
түрлі толғамдар айтады.
О.И. Капица орыс халық бесік жырларын мазмұнына қарай «балалар
әлемін бейнелейтін», «аналар сырын шертетін жырлар» деп екіге бөлсе [43.11
б.], Н.М. Элиаш оны 1) Бесіктегі бала күтіміне байланысты (колыбельная
оберега) 2) тарихи 3) тұрмыстық 4) кеңестік кезеңдегі бесік жырлары деп
төртке бөледі. Кеңес дәуіріндегі бесік жырлары дегенге қосылмағаны болмаса,
М.Н. Мельников жіктеуі осыған ұқсас. Өзбек бесік жырларын зерттеуші А.
Сафаров та осыны қолдайды.
А.Н. Мартынова бесік жырын «Дәстүрлі және дәстүрлі емес» деп екі жікке
бөледі.Татар зерттеушісі Р.Ф. Ягафаров та осыны қолдай отырып, оған «қазіргі
тақырыпқа арналған бесік жырлары» дегенді қосады [55.8 б.]. Біздіңше, қазақ
бесік жырларының табиғатына А. Мартынованың жіктеуі жақын келетіндей.
Өйткені жоғарыдағы зерттеушілердің жіктеулері шындығында осы топқа сіңісіп
кетеді. Дәстүрлі бесік жырларынан біз негізінен «бесіктегі бала күтіміне
байланысты» тілектерді танысақ, «дәстүрлі емес» жырлардан аналардың ішкі
мұңын, халық тұрмысының, айтулы тарихи оқиғалардың ізін көбірек
аңғарамыз. Бірақ бесік жырлары негізінен шағын лирикалық толғаныс
болғандықтан тұрмыстық немесе тарихи тақырыптарды кең қамти алмайды.
Сондықтан оларды арнайы топтаудың қажеті шамалы. Сол сияқты
Р.Ф. Ягафаров көрсеткендей «қазіргі кезең тақырыбына арналған» деп бір топқа
жіктеу, біздіңше өте шартты. Шындығында, бұл «дәстүрлі емес» жырлардың
қатарына жатады [55.11 б.].
Мартынова «дәстүрлі емес» бесік жырларының қатарына жазба
әдебиетінен алыған немесе ауыз әдебиетінің басқа жанрларынан ауысқан
жырларды жатқызады. Ал дәстүрлі емес қазақ бесік жырларында жазба
әдебиетінен ауысқаны жоққа тән. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен үндес
келетіндері болғанымен де, оларды жолма – жол қайталамайды, олар негізінен
әртүрлі жағдайда импровизациялық тәсілмен шығарылып таралған.
Сондықтан қазақ бесік жырларын:
1. Дәстүрлі бесік жырлары.
2. Суырып салма бесік жырлары, - деп екі топқа бөліп қарастырған жөн
тәрізді.
Ұлы Абай қарасөздерінің бірінде (жетінші сөз) «Жас бала анадан туғанда
екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар –
тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі
өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демелік, не көрсе соған талпынып,
жалт- жұлт еркен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап,
тамағына , бетіне басып қарап, сырнай – керней болса дауысына дауысына
ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, иал шуласа да, біреу күлсе немесе
жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене, бұл немене» деп, ол неге үйтеді?», «бұл
неге бүйтеді?» - деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық
көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен
45


деген» [53. 138 б. ]- деп жазады. Міне, осы «жан құмарлығын» халық бесік
жыры арқылы өтеуге тырысады. Бала ең алдымен ата, әке, апа, көке сөздерін
естісе, бесік жыры арқылы алғашқы өмір әуендерін құлағына сіңіре бастайды.
Әрине, бесік жырының мазмұн – мәнін бала бірден қабылдап кете алмайтыны
сөзсіз. Нәрестенің өсу, жетілу деңгейіне қарай бесік жырының мазмұнына да
өзгеріп отырады.
Халық тұрмысында бесік жырын айтушылар аналар ғана емес. Оны
немересін жұбатқан аталар мен әжелерден бастап, отбасы мүшелерінің барлығы
да орындайды. Әдетте, қазақ отбасы көп балалы болатындықтан ересектерінің
кішілерін бағып тәрбиелеуі үйреншікті жағдай. Кейде бесік жырын балалар
кезектесіп те айтатын көрінеді. Бірінші бала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет