кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.
Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және
қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға
қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер
еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?»
сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын
етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден үзінді бойынша
сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, кай халық ертегісі екенін
айтуы керек.
Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып
беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш,
тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа,
үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты
адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге,
әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық,
зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Қазақ балалары фольклорын саралап жіктейтін болсақ олардың ішінде
кейбір жанрлардың (жанрлық түрлерін) үлкендерге де, балаларға да ортақ
екендігін көреміз. Олар: ертектер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлік
жырлары т.б. Алайда осы жанрларға жататын көркем шығармалардың мазмұны,
түр – сипаты, ішкі табиғаты бірдей емес. Олардың ішінде балалар
айтатын,өздеріне ғана лайықты өлең – жырлар бар:
Достарыңызбен бөлісу: