Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Қой баласы – қоңырым,
Қойдан жуас момыным,
Шопан ата түлігі –
Қошақаным, қайдасың?
Пұшайт, пұшайт!
Төлді қалай шақыру, малдың баласын сүюі, бөбектің төрт түлікке айтқан
тілегі, қой мен ешкінің айтысы, сондай – ақ шешілуі оңай, құрылысы
қарапайым жұмбақтар, ұғымға жеңіл өтірік өлеңдер, міне, бұлардың қай –
қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған.
Міне, осы айтылған өзгешеліктердің бәрі де жалпы адамзат фольклорының
ерте дәуірдегі сәбилік шағына тән белгілер. Рас, балалар фольклоры түрлі
тарихи дәуірлерді бастан кешірді, өзгерді, өркен жайды.Сөйте тұра, ол осы
айтылған дәстүрлі қалыптың аясында дамыған сияқты. Бұған белгілі бір
дәрежеде сәбилер ортасы, болашақ жан – жақты интеллектуалды адамның
балдырғандар арасынан бірден суырылып шыға қоймайтыны да себепші болса
керек.
Сонымен қатар балаларды тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын халық ауыз
әдебиетінің бір саласы мақал-мәтелдер болып саналады. Қазақ халқының
мақал-мәтелдеріне мынадай адамдық қасиеттер өзек болған: қайырымдылық,
кішіпейілділік, адамжандылық, жақсылық, ізгілік. Бұған мысал ретінде
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені,
шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені», «Жақсы болсаң – жақын көп»,
«Ұлық болсаң – кішік бол» т.б. мақал-мәтелдерін атап кетуге болады.
Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде, туған жеріне, еліне деген
62


сүйіспеншілік сезімін оятуда «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел
болмас», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Елінен
безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»
т.б. мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор.
Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын
сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш. Сәбидің тілі шығып,
балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта
алмаса, кейде қинала айтады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін бала қиналып
айтатын дыбыстары бар сөздерді неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтқызып,
жаңылмай жаттықтыру керек. Сонда сөйлегенде де мүдірмей, анық, өз ойын
толық жеткізетін болады. Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы
баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы
дамиды, тәлім алады.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты тәрбиелеуде негізгі міндеттерінің бірі –
жаңылтпаштар арқылы балаларды тәрбиелеуде олардың жас ерекшеліктеріне
сай, сауат ашу сабақтарының мазмұнына лайықты етіп, тіл дамыту құралы
ретінде дұрыс қолдана білу. Айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытушы
тарапынан қазақ халқы мен өзге халықтардың көркем сөзді қандай
жаңылтпаштары бар екенін жақсы білуі қажет, бала жанын баурап алатын, тіл
дамытудың қисынды қиюластырылған көркем жаңылтпаштардың әр түрін
сараптап, талдай алатындай болуы шарт.
Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол –
жұмбақ. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын
ұштастыруға әсер етеді, баланың ойлау қабілетін дамытады. Ол баланың
күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді
сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға
болады деген ой елегін көз алдына елестете отырып, қоршаған дүниені
бақылап, бағалауға баулиды. Жұмбақтың жауаптары, көбіне, табиғат жайы,
адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші, елдің еңбек процесі,
еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады.
Математикадан қолданған ауыз әдебиетінің бір бөлігі санамақтарда
баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның желілі нұсқалары тапқырлықты
танытуға құштар етеді. Сандарға сәйкес сөздерді қосып айту арқылы сөздік
қорын байытады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет