батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелейді. Ондағы кейіпкерлерді өздеріне үлгі
тұта отырып, балалардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдері оянады.
Ойымызды түйіндесек, «халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие
басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған, яғни, атадан
балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді,
тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.
К.Д. Ушинский айтқандай: « Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық
болуы тиіс»- дейді, яғни әрбір ұлттың өзінің дәстүрін, салтын сақтап, сол
рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аударуға ескерткен. Сондықтан да біз жас
ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуімізді халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік
үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп есептейміз.
Баланы жетілдіре тәрбиелеуде көне уакыттан келе жатқан әдістер көп.
Соның ішінде баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы өте
зор. М. Жұмабаевтың айтуынша да: «Балада қиял ерте оянады.
Бірақ оның
жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше
дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі мүмкін болатындай. Бала ертегінің бәрі
шын деп ұғады, бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып
келсең ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе», -дейді.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі
шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде
құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме,
мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін
меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге,
тілінің
грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда,
шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол –
жұмбақ. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын
ұштастыруға әсер етеді, баланың ойлау қабілетін дамытады. Ол
баланың
күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді
сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға
болады деген ой елегін көз алдына елестете отырып, қоршаған дүниені
бақылап, бағалауға баулиды. Жұмбақтың жауаптары, көбіне, табиғат жайы,
адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші, елдің еңбек процесі,
еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады.
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды,
көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік
жырларынынң сан-алуан түрлері, тұсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған
санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді
пайдаланылса, баланың тіл әлеміне
деген қызығушылығы артып, ана тілден
байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол
белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі
тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың
шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.
Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі,
64
баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің
грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге
ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге,
эстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық,
зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Бүгінгі жас жеткіншектердің бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер
тұтып келе жатқан ар-намыс, ождан, атамекені
мен ана тіліне деген
сүйіспеншілік, әдет-иба, қайырымдылық, үлкенді, ата-ананы құрметтеу
қасиеттерін дамыту тәрбиелеудің негізгі міндеті боп отыр. Сондықтан ұрпақ
тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына
енгізуді аса маңызды міндет деп қарастыру қажет.
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек
қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені
жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал
ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін
жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай
психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін
ұзақ уақыт
оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тыңдату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге,
оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз.
Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды
пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен эстетикалық
талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурет арқылы
ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау
қабілетін де дамытады.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жайт – кейіпкерлердің
аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері
қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз
кейіпкерлердің өздері де
ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі
болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын
тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін
мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талаптарына сәйкес,
тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартты. Кіріспе сөзді тек
баяндау тәсілімен ғана емес,
кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін
қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған
сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі — халық, өмірін суреттейтін
фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп
келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше
түрге бөлінеді»- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартады.Қорытындылай келе,
бүгінгі жас жеткіншектердің бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып
65
келе жатқан ар-намыс, ождан, атамекені мен ана тіліне деген сүйіспеншілік,
әдет -ғұрып, қайырымдылық, үлкенді, ата-ананы құрметтеу қасиеттерін дамыта
тәрбиелеудің негізгі міндеті боп отыр. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жайындағы
озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына
енгізуді аса маңызды
міндет деп қарастыру қажет.
66