Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»


 Шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
1.3 Шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер –
ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін
24


көрсететін негізгі жанрлардың бірі. Жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетін
көтеруде шешендік сөздерді, сондай – ақ мақал – мәтелдерді мұқияттап жинап,
зерттеп, сұрыптап жариялаудың әдеби мәні зор. Өйткені сөз өнерінің әлі
жеткілікті зерттелмеген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал-
мәтелдерде ойды кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері
мол.
Әдетте, шешендік өнер айтыс – дауда дамиды. Сондықтан ердің, елдің
тағдыры сөз болатын, соғыс - бітім секілді маңызды мәселелер қозғалатын сот
залдары, парламент сарайлары және халық жиналатын ас тойлар, міне, шынайы
шешендер, саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және
шындалатын орындар – осылар болған. Дүние жүзіне есімдері әйгілі
шешендердің, көбінесе,мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен,
парламент мүшелерінен шығатыны ешкімге құпия сыр емес. Мәселен, ежелгі
Афин (грек) шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерондар әуелгі адвокат,
кейін парламент басшылары болған. Ал ХІХ – ХХ ғасырларда өмір сүрген орыс
шешендері П.А. Александров, Ф.Н. Плевако, А.Ф.Кони тағы басқалар белгілі
адвокаттар еді. Сол сияқты атақты қазақ шешендері Төле би, Қаз дауысты
Қазыбек, Қаражігіт, Әйтекелер би болғаны мәлім.
-Қазыбек биге бір адам «Кім жақын, не қымбат, не қиын» дегенге жауап
беріңізші деп қиылыпты. Сонда атақты би былай деп жауап беріпті екен:
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса – апайың жақын.
Бауырмал болса – інің жақын,
Инабатты болса – келінің жақын.
Сыйлас болса –нағашың жақын,
Адал болса –досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Жан серігің жас кезіңнен,
Бәрінен де әйелің жақын.
Алтын ұяң әйелің қымбат,
Құт – берекең атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Туып – өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
 Өзің түскен өрт қиын.
Тентек болса ұл қиын,
25


Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас – миың.
Қазыбек би бата бергенде былай депті:
Өркенім өссің десең,
 Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссің десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшірерсің.
Басыңа іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға.
Қиын – қыстау күндерде,
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
Қазыбек бидің баласы – Қазымбеттен, Қанай би туған. Қанайдан туған
Қожабектің айтуына қарағанда, Қазыбек би Қанай туған 1764 жылы 97 жасында
дүние салса керек. Сонда Қазыбек бидің туған жылы 1667 жыл болып шығады.
Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың денесі Түркістандағы Ахмет Яссауи
ғимаратына жерленген.
Қазақтың шешендері мен шешендік өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш
зерттеуші ғалымдар да назар аударған. «Билер сотының ертеден келе жатқан
халықтық түрі» туралы айта келіп Ш. Уәлиханов былай дейді: « Би атағын беру
қазақта халық тарапынан бір сөйлеу арқылы немесе халықты билеп отырған
үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес; тек сот ғұрыптарына әбден жетік,
сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті аттаққа өз бетімен ие
болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң
ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет
көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез
жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Сонымен, бұл би
деген атақ келіп билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге
айналған».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет