Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Зерттеудің әдістері: Жұмысты талдау, жинақтау, қорыту, жүйелеу, топтау,
салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеу нысаны: халық ауыз әдебиеттегі адамилық мәселесі.
Зерттеу жұмысының пәні: халық ауыз әдебиетіндегі фольклор.
Зерттеудің теориялық маңызы: Фольклор – халық мұрасы, ұлттық өнер
және ол сол халықтың әлеуметтік ауыз әдебиет мұрасындағы адамилық
мәселесінің шыңдалуын жанрлық құрамы жағынан да қалыптастыру. 
Зерттеудің тәжірибелік маңызы:
Лексикалық элементтерге тоқталу барысында

автордың этнографизмдерді, қарапайым сөздерді қолданудағы мақсатын
ашу, оның кейіпкер тіліндегі алар орнын, атқарар қызметін көрсете білу.

ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар, батырлар, ғашықтық жырлар,
эпостық жырлар, тарихи, өтірік өлеңдер, шешендік сөздерге талдау жасау
арқылы қазақ халқымыздың тіл көркемдігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының жариялануы: «ИнЕУ хабаршысы»журналына
«Халық ауыз әдебиеті – тал бесіктің тірегі» атты мақала, «Голоса молодых»
журналына «Халық ауыз әдебиетіндегі тәрбиелік іс - әрекеттер», Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияда жарияланған «Дни науки -2015»
журналына «Вопросы изучения фольклорного наследия казахского народа»
8


атты мақала, Махачкалинский инновационный университетте жарияланған
«Проблемы и перспективы развития научных исследований в 21 веке» атты
журналда «Белгілі ғалым Сейіт Қасқабасовтың ғылыми – зерттеу еңбектерінің
негізгі бағыттары» атты мақаласы жарияланды.
Зерттеу жұмыстың көлемі мен құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, іштей төрт тараушалардан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттерден құрылған.
9


1 Халық ауыз әдебиетінің зерттелу тарихы
1.1 Халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар үлгілері
Қазақ ауыз әдебиетін, этнографиясын көптеп жинап, оны басып шығаруда
және зерттеуде зор қызмет атқарған адам - Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев. Ол
1856 жылы 3 желтоқсанда Орынбор қаласында туған. Ұлты - башқұрт. 1871
жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия бөліміне оқуға түсіп,
оны 1876 жылы бітіріп шығады. Ә. Диваев кадет корпусында оқып жүргенде
қазақ тілін үйреніп, халқымыздың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына байланысты
материалдарды, ауыз әдебиетін жинай бастайды. Әбубәкір қырғыз, өзбек, тәжік,
парсы тілдерін де жақсы білген.
Ол әуелі әскери қызметпен Түркістанға келеді. Бірер жылдан соң Әулиеата
уезіне ауысады. Кейін Ташкент қаласына келіп, Сырдария облысы генерал-
губернаторының кеңсесінде тілмәш және ерекше тапсырмалар жүргізетін кіші
чиновник міндетін атқарады. 
1884 жылы Сырдария облысының генерал-губернаторы Н.И. Гродеков қазақ,
қырғыз халықтарының тұрмыс-салт дәстүріне байланысты материал жинауға
кіріседі. Ол көне қолжазбалардағы тарихи аңыздар мен деректерге, батырлық
поэмаларға, діни сенімге, шаруашылыққа байланысты мәліметтерге көңіл
бөледі. Осы тәрізді деректерді жинау жұмысына Ә. Диваев та қатыстырылады.
Ол Түркістан өлкесін аралаған сапарында көп жасаған қариялармен,
шешендермен, ақын-жыраулармен, басқа да зиялылармен кездесіп, солардың
айтуынан аңыз әңгімелер, батырлық жырлардың нұсқаларын жазып алады.
Қазақ халқының сөзге ұсталығы, тілге байлығы мені қатты қызықтырды», -
дейді ол.
Ә. Диваев «Шора батыр», «Бекет батыр», «Қобланды», «Алпамыс
батыр» (оның бірнеше нұсқасы), «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Айман -
Шолпан» жырларын, «Алаң ғасар алып», «Ажы», «Алашахан мен Алдар көсе»,
«Қазығұрт», «Ысмайыл ата» ертегілерін, «Қазақ балаларының ерте
замандағы ойындарын», «Шешендік сөздерін» жинап, қағаз бетіне түсіреді,
бұлардың кейбіреулерін орыс тіліне аударады.
Диваевтың фольклоршы ретіндегі қызметінің дені Ұлы Октябрь
революциясына дейінгі кезде өткені белгілі. Ал ауыз әдебиетінің революцияға
дейін жиналып, зерттелуі қандай сатылардан өткенін Н.Смирнованың мына сөзі
дәл сипаттайды: «Қазақстанның Россияға қосылуы нәтижесінде қазақ
халқының орыс халқымен экономикалық, саяси және мәдени байланыстары
нығая түсті. Халықтардың өзара жақындасуының көп формаларының бірі -
қазақтың халық творчествосын орыс ғылымының зерттеуі екенін де айту қажет.
Орыстың революцияға дейінгі ғылымы бұл жолда екі дәуірді бастан кешірді.
Біріншісі - ХҮІІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың ортасына дейін, екіншісі ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы». Диваевтың ауыз әдебиетімен
10


айналысуы осы екі кезеңнің соңғысына тән. Октябрь революциясын Ә. Диваев
зор үмітпен қарсы алды. Қатты науқастанып, төсек тартып жатса да, ол зерттеу
жұмысын тоқтатпайды. Сол кездерде көптеген этнограф дос, жолдастарының
оның тезірек сауығып кетуіне баспасөз жүзінде тілектестік білдіруі ғалымның
зор беделге ие болғанын көрсетеді. [1, 5 б.]
Осыдан кейін Сәкен қазақ әдебиеті тарихын екі кітап етіп жазбақ болады.
Бұл кітаптың біріншісі 1931 жылы жазылып, 1932 жылы «Билер дәуірінің
әдебиеті» деген атпен жарық көреді.
Сәкен жазған бұл кітап (біріншісі), негізінде, қазақ ауыз әдебиетінің
тарихын баяндауға арналған. Мұнда ол, ең алдымен, қазақ халқының
тарихынан шолу түрде мәлімет береді. Содан кейін ауыз әдебиетін жанрына
қарай жіктеп, бірнеше салаға бөліп баяндайды. Және де ол ауыз әдебиетінің
өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиетін көрсетеді [40.52 б.].
Сәкеннен кейін қазақ ауыз әдебиетін оқулық көлемінде зерттеп, баяндау
жөнінде 30-жылдары көп жұмыс жүргізілді. Бірнеше оқулық, хрестоматиялар
баспа жүзіне шықты. Осы ретте бастауыш және орталау мектептерге арнап
М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, Ө. Тұрманжанов, М. Қаратаев,
С. Мұқанов, Қ. Бекхожин т.б. жазған және солар құрастырған оқулықтар мен
хрестоматияларды атаған орынды. 
Бұл оқулықтар, әрине, қазақ ауыз әдебиетінің барлық жанрын қамтымайды
және әдеби факторларды зерттеп баяндауы да жетіспейді.Олар оқушыларға
қазақ ауыз әдебиетінен аздаған мәлімет қана береді.
Профессор Құдайберген Жұбанов қазақ тілінің мәселесін зерттеуде аса
құнды еңбектер қалдырған үлкен ғалым екені бәрімізге мәлім. Ол қазақ ауыз
әдебиеті туралы да ғылыми мәні зор пікірлерін қазақ тілі мәселелерін зерттеуге
арналған еңбектерінде келтіріп отырған. Мысал үшін оның 1936 жылы баспа
жүзіне шығарған «Из истории порядка слов в казахском предложении» деген
еңбегін алайық.
Мұнда ол қазақ сөйлеміндегі сөз тіркестері тарихын зерттей отырып, өзінің
ғылыми ережелерін дәлелдеу үшін нақтылы мысалды қазақ ауыз әдебиетінен де
алады. Мәселен, аталған еңбегінде қазақ тілінде кездесетін «сүт кенже», «бір
туған» деген екі сөздің мағынасы не екенін анықтау үшін Шақар мен Тараза
дейтін ақынның айтысынан мысал келтіреді.
Профессор Қ. Жұбанов қазақ ауыз әдебиетін мейлінше жақсы білген және
ел арасынан фольклорлық шығармаларды көп жинаған ғалым.Мұның негізінде
«Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен» (1936) дейтін
ғылыми еңбегін жазған. Осы зерттеуінде, ол қазақ музыкасының шығу, даму
тарихын ауыз әдебиетінің, әсіресе, эпостың шығу тарихымен байланыстыра
қарастырады. Бұл жөнінде ол «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс»
жырларына тоқталып, оларды шығаруда жыршылар үшін ән мен күйдің,
домбыраның көп роль атқарғанын дәлелдейді, халық творчествосына тән
синкретизм мәселесін көтереді.
Профессор Қ. Жұбановтың халық әдебиетіне байланысты айтқан
пікірлерін еске алғанда, оның «Абай қазақ әдебиетінің классигі» (1934) дейтін
еңбегінің фольклористер үшін аса маңызды да мәнді, үлгі етерлік зерттеу еді
11


деп қарауға тиістіміз.
Бұл еңбегінде профессор Қ. Жұбанов Абайға байланысты біраз мәселе
қозғайды. Соның бірі «Абай және халық әдебиеті» деген мәселе. Мұнда ол
халық әдебиетінің тілі мен Абай тілін салыстыра зерттейді.Халықтың сөз
байлығын пайдалануда, айтпақ болған негізгі ойды ауыз әдебиеті қалай береді,
Абай қалай береді деген мәселелерді ғылыми тұрғыдан өте дәлелді етіп
баяндайды.
Сонымен, профессор Жұбановты ауыз әдебиетін, оның көркем тілін
нақтылы түрде зерттеуде аса көп мұра қалдырған, фольклористиканың дамуына
елеулі үлес қосқан, шығармаларды ғылыми тұрғыдан зерттеу үлгісін көрсеткен
үлкен ғалым деп білеміз.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеу ісіне белгілі тіл маманы
профессор Сәрсен Аманжолов та айтарлықтай үлес қосты. Ол «Бөгенбай
батырды» (1936) баспа жүзіне шығарды, қазақ халқының жұмбақтары туралы
еңбек жазды. Ал «Қазақ тілінің диалектологиясы» дейтін монографиясында
ауыз әдебиетінен көптеген мысалдар келтіреді және диалект мәселесін
зерттеуде ауыз әдебиетінің мәні зор екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ, қазақ тілі және оны оқыту методикасы мәселелерін зерттеуде
елеулі еңбек еткен ғалым Шамғали Сарыбаев та ауыз әдебиеті үлгілерін жинау
саласында қызмет атқарды. Жамбыл туралы және Жетісулық халық ақындары
жайында тұңғыш рет көп мәлімет жинап, баспа жүзіне жариялады. Бұл
материалдар Жамбылдың, басқа да халық ақындарының творчествосын
зерттеуде аса пайдалы болған еді. 
Қазақ фольклористикасы 40-жылдары, яғни соғыс жылдарының өзінде де
ілгерілей түсті. Бұл жылдары соғыс жағдайына және біраз фольклористердің
майданға кетуіне қарамастан, фольклористикамыз қазақ ауыз әдебиетін
зерттеуде көп қызмет атқарды. Және де ол бұдан бұрынғы кезеңде жүргізілген
жұмыстарды жалғастыра және оны ілгері дамыта отырып, тыңнан біраз
проблемалық мәселелер көтерді. 
Халқына адал ниетімен қызмет студі арман еткен Шоқан, бұл жөнінде көп
жүмыстар істейді. Соның бірі қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап
баспа жүзіне шығару, оны мәдениеті озық елдерге таныстыру болады және бүл
Шоқанның алдына қойған зор мақсатының бірінен саналады. қазақтың ауыз
әдебиетін жинап бастыру ісше өзінің зор мән беруін Шоқан былай деп
түсіндіреді: «Осы күнге дейін Европада көшпелі елдерді аса қатал, жөн білмес
тағы деп жалган түрде түсінушілік үстем болып келеді. Көшпелі монғол немесе
қазақтар жайындағы мүндай ұғымдар оларды мал тәрізді, түрпайы таіылар
деген пікірмен тығыз байланысты. Шынына келгенде, осы надан, түрпайы деп
қаралған халықтардың көбінің жазбаша немесе ауызша шығарған әдебиеті,
аңыз әңгімелері бар Өлеңге, әсіресе өлеңді суырьш салма түрінде шығарып
айтуга бейімділік, барлық көшпелі елдердің, еоның ішінде қазақтардың өзіне
тән ерекшеліктері деуге болады» .
Қазақ халқын қорлап, кемсітуге қарсы шыққан Шоқан қазақтар жайында
Европада орын алып келген түсініктердің жалған екендігін әшкерелейді.
Сондықтан да ол қазақ халқының жабайы, тағы еместігін көрсету үшін, оның
12


ғасырлар бойына жасаған ауыз әдебиеті және ауыз әдебиетінің неше алуан
әдемі үлгілері барлыгын, қазақ ақындарының, әсіресе өлеңді суырып салу
түрінде шығаруға қабілеті күшті екендігін мысал етеді. Европада қазақтар
жайында айтылып жүрген жалған пікірлерге намысганған және ол пікірлерге
тойтарыс беруді көздеген Шоқан қазақ халқының ауыз әдебиетіін жинап
бастыру жайын қарастырады, бұл іскс оныңі өзі белсене араласады.
Омбыдағы кадет корпусын 1853 жылы бітіргеннен ксйін, Шоқан
қазақстанның біраз жерін: Көкшетау, Ақмола, Баянауыл, Семей, Жетісу
жақтарын аралайды. 1856 жылы қырғыз елін зерттеу мақсатымен шыққан
экспедицияға қатысады, 1858 жылдары Қашқарияда болады.
Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы ғана емсс, сонымен қатар оның
зерттеушісі де болды. Ол жалпы қазақ халқының тарихы, этнографиясы,
қоғамдық өмірі, әлеуметтік тұрмысы туралы үздік, ал бүгінгі күнде мәнін
жоғалтпаған ғылыми пікірлер айтады. Солардың өзінде ол қазақтың ауыз
әдебиетін жоғары бағалайды. қазақтың аңыз әңгімелері, оныңқұрылысы,
ертегілеріменжырлары, мифтсрі халықтың өткендегі тарихын білу үшін маңызы
зор материалдар деп қарайды. Мәселен, көшпелі халықтардың, соның ішінде
қазақтардың шыгу тарихын зерттеушілер үшін ауыз әдебиеті бірсыпыра дерек
болатындығын айта ксліп, Шоқан былай дейді: «Егер жұрттың айтуынан
Герадот жинаған Гомердің өлендері мен аңыздарының аз да болса тарихи мәні
бар десек, егер де езгеріліп мысал тәрізді болып кеткен аңыздардьщ негізінде
оқиға және шындық жатады десек, қазақтардың тамаша және жүйелі түрде
айтылатын, олардың қазіргі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, ата бабаларының
тұрмысын елестететін аңыздарының да тарихи деректерге сәйкес келетіндігіне,
тарихи маңызы барлығына шүбәланбауымыз керек. Халықтың ақыл-ойынан
және қоғамдағы қалың бұқараның сана-сезімі, өмірі мен алға басуы негізінде
туған бұл шығармалар ауызша айтылу түріндс бірден бірге, содан бүкіл
халыққа жайылады, сондықтан да олардың тарихи, философиялық және
психологиялық мәні жоқ емес».
Шоқан бұл пікірін «Шамандықтың қазақтағы қалдықтары», «Ұлы жүз
қазақтарының ертегілері мен аңыздары», «Жоңғария очерктері», «Тәңірі»
секілді еңбектерінде де айтады. қазақтың ауыз әдебиеті халықтың өткендегі
өмірін елестетін, тарихи мәні бар материалдар екендігін көрсетеді.
Қазақтың батырлар жыры жайында да Шоқан азды-көпті пікір айтқан. Бұл
жырлар, Шоқанның айтуынша, ногайлы дәуіріндс, XIV, XV, XVI ғасырлар
шамасында туған. Онда: «Халықтың рухы, көзқарасы, әдеті, мінез-қүлқы,
тұрмыс-тіршілігі суреттслген. Сондықтан бұл жырлардың әдебиет жағынан
болсын, тарихи жағынан болсын маңызы зор» .
Қазақ ауыз әдебиетінің тарихын, жанрларын, тағы басқа да мәселелерін
әдейі зерттеуге арналған еңбектердің молшылығын еске ала отырып, бұл ретте
айрықша еңбек еткен фольклорист-ғалымдарды да атап өту қажет. Осыған орай,
ең алдымен, қазақ ауыз әдебиеті тарихын зерттеуде аса көп қызмет атқарған,
бұл салада жүргізілген ғылыми жұмыстардың ұйымдастырушысы,
фольклористердің ақылғой досы, үлкен жетекшісі деп аса көрнекті ғалым
Мұхтар Омарханович Әуезовті айрықша атауға тиіспін.
13


Мұхтар Омарханович қазақ ауыз әдебиеті тарихын зерттеуде 20-30-
жылдардың өзінде-ақ көптеген еңбектер жазған болса, соғыстан кейінгі
жылдары көлемді зерттеулер берді. Бұл ретте біз оның «қазақ ертегілері
туралы», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырлары жайында, «Айтыс
өлеңдері туралы» және «Жамбылдың айтыстағы өледері» жайында жазған
көлемді еңбектерін атаймыз. Аталған зерттеулер ғалымның советтік
фольклористикаға, қазақ совет фольклористикасының нығайып дамуына қосқан
зор үлесі деп білеміз.
Қазақ әдебиеті тарихын баяндауда ұзақ жылдар бойына елеулі еңбектер
берген ғалымның бірі академик Қажым Жұмалиев десек, ол қазақ ауыз
әдебиетін зерттеуде де елеулі еңбек сіңірді. Ол 50-жылдары «Қазақ эпосы мен
әдебиет тарихының мәселелері» дейтін монографиясын жариялады. 
Бұл оның бұрынғы еңбектері мен оқулықтарының негізінде жазылған
монография болса да ғылыми жаңалығы мол үлкен туынды еді. Қажымның бұл
еңбегіндегі ғылыми жаңалықтары: қазақ ауыз әдебиеті мен эпосының даму
жолдарын тарихи негізде баяндауында, ауыз әдебиетінің халықтығы жөнінде
ғылыми үлкен проблема қозғауында, жыршы-жыраулар мектебі туралы және
қазақ ауыз әдебиетін көрші елдердің фольклорымен салыстыра зерттеу туралы
ғылыми күрделі мәселе көтеруінде. 
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін ел арасынан жинау, баспа жүзіне шығару
жұмысын ұйымдастыруда және фольклордың тарихын зерттеуде айтарлықтай
еңбек сіңірген адам профессор Есмағамбет Ысмайылов болды. Ол 30-
жылдардан бастап өмірінің ақырына дейін қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, елеулі
де көп мұра қалдырды. Қазақ фольклоры туралы Есмағамбеттің жазғандары да
өте көп. Солардың ішінен қазақ совет фольклоры туралы, Жамбыл жайында,
халық ақындарының творчествосы жөнінде жазған монографияларын біздің
фольклористикамызға қосылған елеулі үлес деп білеміз.
Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті профессор
Мұхаметжан Қаратаевтың да қазақ совет фольлорының көкейтесті мәселелерін
зерттеу ісіне белсене атсалысып жүргенін айту керек. Оның ел ақындарының
творчествосындағы Жамбылдың ақындығы және қазіргі халық поэзиясының
даму барысы жайындағы мақалалары, фольклор мен әдебиеттің бір-біріне
байланысы, әсер-ықпалы туралы зерттеуі назар аударарлық еңбектер.
Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың
қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де
ұлан-ғайыр әлеуметтік жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-
сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз
танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын
айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғ-дан басталады.
Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты
фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда,
фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғ-да жүзеге асты.
В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш. Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев,
сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың
14


текстологиясына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде, фольклорлық мұраны жинау
және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын,
наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғ-да
фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына
айналса да, мемлекет тарапынан қолдау тапты. 20 ғ-дың басындағы Ә. Диваев
бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-
создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны
жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 — 20 ғ-дың басында
Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық
дастандары көптеп жарық көрді. «Ер — Тарғын», «Қыз Жібек», «Алпамыс»,
«Бозжігіт», «Мұңлық — Зарлық», «Шәкір — Шәкірат» т.б. жыр- дастандар
дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетінің
көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да,
көпшілікке жол тапты. Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-
мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де
жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, «Алпамыс», «Қозы Көрпеш
—Баян сұлу», «Қыз жібек», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр» эпостарының
екі тілдегі ғылымда (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор
текстологиясындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық
басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды.
М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев,
Ә.Марғұлан, Б. Кенжебаев, М. Дүйсенов, Н. Төреқұл, Р. Бердібаев, М. Мағауин,
С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз
әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді.
Сондай-ақ филология ғылымдарының докторы, көрнекті ақын Әбділда
Тәжібаевтың Жамбыл творчествосына арналған көлемді зерттеу мақалалары да
қазақ совет фольклористикасынан лайықты орын алады.
Бір халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегісінде немесе батырлар
жырында кейбір сюжеттердің басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас
келетіндігі болады. Мұндай ұқсастық екі халықтың, кейде бірнеше халықтың,
жаңағы сюжеттерді бір-бірінен ауысып алғандығынан бола бермейді. Ондай
ұқсастық Экономиканың, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ұқсастығынан
туады. Бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасамаған, шалғай жатқан
халықтардың ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебі, міне, осыған
байланысты.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісіне белгілі ғалымдармен қатар жастар
белсене араласып келеді. Олар да туған халқының фольклорын, оның шығу
және даму тарихын, жеке жанрларды, сондай-ақ халық ақындарының
творчествосын кеңінен алып зерттеу жолында көп жұмыстар жүргізуде. Бұған
мысал етіп филология ғылымдарының кандидаттары Нұрмағамбетованың
«Нұрпейіс Байғаниннің творчествосы» туралы, Т. Шалабековтің «Жұмысшы
фольклоры» туралы, Т. Сыдықовтың «Қазақ эпосы» және «Алпамыс» жыры
туралы, Б. Уахатовтың «Халық өлеңдері» туралы, Б. Адамбаевтың «Шешендік
сөздері» жайында, С. Садырбаевтың «Мұрын жырау творчествосы» туралы,
К. Сейдехановтың «Отан соғысы кезіндегі халық лирикасы» туралы,
15


Н. Төреқұловтың «Қазақтың нақыл сөздері» жайында, М. Ғұмарованың
«Қамбар батыр жыры» туралы жазған зерттеулерін атауға болады. Бұл
зерттеулердің бәрі де қазақ фольклористикасына қосылған елеулі үлес және оны
ілгері дамыта, өрістете түскен ғылыми мәнді еңбектер деп білеміз.
Мысалға, Манас пен Қобыланды батыр жайындағы жырларды алайық.
Мұның бірі қырғыздың, екіншісі қазақтың жыры. Осы екі батырдың туысын
жырлауда үлкен ұқсастық бар. Мәселен, Манастың әкесі Жақып баласыз адам
болады. Көп уақыт оның еліне жау шабуылдап күн көрсетпейді. Жақып
құдайдан бала тілемейді, жауға қарсы күресетін, ел қорғайтын ұл бер дейді. Ал
Қобыландының әкесі Тоқтарбай да осындай. Қызылбастардан қысым көре
берген Тоқтарбай құдайдан бала тілемейді, басқыншылардан елді қорғай
алатын бала бер деп жалбарынады.
Сырт қарағанда бір-біріне өте ұқсас келетін бұл сюжетті қазақ ақындары
қырғыздан немесе қырғыз жыршылары қазақтан алған секілді болып көрінеді.
Шынында олай емес. Бұл сюжет осы екі халықтың ертедегі өмірінен алынады.
Тарихи деректерге қарағанда, қазақ пен қырғыз елі көп уақыт шетелдік
басқыншылардың шабуылын көрген. Сондай жағдайда басқыншыларға қарсы
аттанып, жаудан ел-жұртын қорғап аларлық ұлды қазақ та, қырғыз да арман
еткен. Мұны олар өздерінің жырына да қосқан. Осы бір мысалдың өзі-ақ сюжет
ұқсастығы ауысып алу нәтижесінде тумайтындығын, ол халықтардың тұрмыс-
тіршілік, қоғамдық жағдайларының ұқсастығына байланысты болатындығын
көрсетеді. 
Рас, ерте заманнан бастап әр түрлі шаруашылық, мәдени қарым-
қатынастар жасаған және көршілес отырған халықтардың бір-біріне әдебиеттік
әсер ететін болады. Мысалға қазақпен туыс, ағайындас қырғыз, өзбек, түрікпен,
қарақалпақ халықтарын алайық. Бұлардың арасында туысқандық қарым-
қатынас ертеден келе жатыр. Олардың әдебиеті бір-біріне әсер еткен, өзара
кейбір сюжетті «ауысып алған» жайы да бар. Бұған қарап, аталған халықтардың
өзіндік таланты, творчестволық қабілеті жоқ, тек бір-бірінен сюжет алып
отырған, сол сюжеттерді ғана жырлап өткен деуге болмайды. Олардың
әрқайсысы үлкен талант иесі, ауыз әдебиетінің неше алуан әдемі үлгілерін
тудырған және ондай творчестволық іс қолынан келетін халықтар.
Жоғарыда айтылғандарды қысқаша қорытындыласақ, 20-жылдары
мақалалардан басталған қазақ фольклористикасы қазіргі күнде кемеліне келген,
қазақ ауыз әдебиеті тарихының мәселелерін жан-жақты кең көлемде зерттеу
дәрежесіне жеткен ғылым саласына айналды.
Бүгінгі фольклористикамызды сөз еткенде мына бір мәселені айрықша атап
айтуымыз керек. Ол – Қазақстанда фольклористиканың қалыптасуы, дамуы
жолында және әдебиетші, фольклорист кадрларды даярлауда аса көп еңбек
сіңірген, туысқандық, ағалық жәрдем көрсеткен, сонымен қатар қазақ ауыз
әдебиетінің тарихын өздері де ғылыми білгірлікпен зерттеп, бұл салада көп
елеулі еңбектер берген орыс ғалымдарының игілікті ісі туралы. Бұл ретте
академик А.С. Орлов, профессор М.И. Фетисов, профессор В.М. Сидельников,
Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі М.С. Сильченко, әсіресе Қазақ
ССР Ғылым академиясының докторы корреспондент-мүшесі, филология
16


ғылымдарының докторы профессор Н.С. Смирнова жолдастардың көп жыл
бойына жүргізген еңбектерін зор мақтанышпен атап өтуге болады [2. 12].
Халықтың ертегі, әңгіме, жырларында кездесетін Қарабайлар, Мыстандар
сол қанаушы таптың, хандар мен феодалдардың өкілдері болып бейнеленеді.
Олардың жауыздық іс-әрекеттерін сынға алады, әшкере етеді. Сондай-ақ,
мақалдардағы «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді»,
«Сопы сұмнан шығады», «Төреге ерген ер-тоқымын арқалар», «Қойды құртаң
бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді» деген халықтың даналық сөздері еңбекші
бұқараның қанаушы тапты жек көргендігінің айғағы. Бұл келтірілген
мысалдардың қайсысы болса да ауыз әдебиетінің таптығын, таптық тілектен
туғандығын көрсетеді. Демек, еңбекші халық тудырған ауыз әдебиеті қалың
бұқараның қоғамдық-таптық көзқарасын, сана-сезімін білдіріп отырады.
Мұнымен қатар, еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық
сипаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние
танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті,
достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендегі оның ауыз
әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда
халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі,
мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы
қойып әңгімелейді. Мысалға «Аяз би» ертегісін алайық. Бұл ертегіде халық өз
ортасынан шыққан қарапайым шаруа адамын, оның ақылын, адамгершілігін,
тапқырлық ісін ардақтайды және оны қанаушы тап адамдарына қарсы қояды.
Бүкіл материалдық және рухани байлықты жасаушы да, қоғам өмірін алға
бастаушы негізгі күш те халықтың өзі екендігін елестетеді. 
Әрине, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығын халық
тудырған және оның бәрін халықтық шығармалар деуге болмайды. Олардың
ішінде үстемдік еткен қанаушы тап тудырған шығармалар да бар. Сол
шығармалары арқылы қанаушы тап өзінің таптық идеясын, халыққа жат іс-
әрекетін, көзқарасын білдіріп отырған. Үстем тап өзінің ауыз әдебиетінде: ел
талауды, еңбексіз мал табуды, халықты езіп ұстауды, еңбек адамдарын кемітіп
қорлауды жырлайды және бұл жолда «ерлік» жасаған адамдарын үлкен
дәрежеге көтеріп ардақтай суреттейді. Екіншіден, үстем тап халыққа жат,
кертартпа идеясын өзінің шығармалары арқылы бейнелесе, сонымен қатар,
халықтық ортада туған әдебиет үлгілерін де өңдеп пайдаланғандығы
байқалады. Мұның мысалын батырлар жырынан көруге болады.
Көркем әдебиеттің әрбір шығармасы жеке автордың өз атымен тарайды.
Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жұртқа белгілі болып отырады.
Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы айырмашылықты
көрсететін белгінің бірі болады. 
Көркем әдебиетке қарағанда, ауыз әдебиетінде қалыптасып дәстүрге
айналған дағдылы сөздер мен сөйлемдер, тұрақталған ұқсастық, ұқсастар жиі
қолданылады. Мысалы, ертегілердің көпшілігі «Ертек, ертек ерте екен, ешкі
жүні бөрте екен...» деп, немесе «баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы
болыпты» деп, болмаса «бұрынғы өткен заманда» деп басталады. Ертегілердің
бұлай басталуы белгілі дәстүрге айналған. Бірақ әрбір ертегінің басталуы
17


осындай ұқсас болғанымен, оның оқиғасы, әңгіме желісі бір-біріне қабыса
бермейді, әр түрлі айтылады. Мұндай жағдай көркем әдебиетте кездеспейді.
Белгілі бір тақырыпты жырлаған шығармалардың көркем әдебиетте басталуы
да, баяндалуы да бір-біріне ұқсас келмейді, әр түрлі болады. 
Жоғарыда айтылғандар ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы
кейбір айырмашылықтарды көрсетеді. Әрине, ұлғайып өскен, кемеліне келген
көркем әдебиет және оның шеберлері (ақын, жазушылар) ауыз әдебиетінен
әрдайым нәр алып отырады. Ең алдымен, көркем әдебиеттің шеберлері
халықтың ауыз әдебиетінен тіл байлығын үйренеді. Халық тілін меңгере,
пайдалана отырып, әдеби тілімізді дамытады. М. Горькийдің жазушыларға:
«Ауыз әдебиетінің тіл байлығын пайдаланыңдар, одан үйреніңдер, - дейтіні де
осыдан. Мұнымен қатар, көркем әдебиеттің шеберлері халық ауыз әдебиетінің
кейбір сюжеттерін өздерінің еңбектерінде пайдаланады. Осы негізде жаңа
шығармалар тудырады. Халық ауыз әдебиетін пайдалана отырып, оның таптық
сипатын, қоғамдық сырын аша түседі. Бұған: А. Пушкиннің, М. Салтыков-
Щедриннің, М. Горькийдің, Абайдың т.б. жазушылардың ауыз әдебиетінің тіл
байлығын, ауыз әдебиетінің сюжетін пайдалануы толық дәлел. А. Пушкин
бірнеше ертегі, поэмалардың сюжетін халық ауыз әдебиетінен алған,
М. Салтыков-Щедрин кейбір ертектерін халық ертегілері үлгілерінде жазып,
қоғамдық мәселелерді, патша әкімдерін, чиновниктерді мысқылдап сынаған.
Мұндай фактілерді қазақ совет әдебиетінен де кездестіреміз. Қазақ жазба
әдебиетінің шеберлері де ауыз әдебиетінен халықтың тіл байлығын үйренумен
келеді. Сонымен бірге, олар ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін, сюжеттерін
пайдалана отырып, сол негізде жаңа шығармалар тудырады. Бұл ретте
Мұхтардың «Қобыланды батыр» және «Еңлік – Кебек» пьесаларын, Ғабиттің
«Қыз Жібегі» мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Сәбиттің «Сұлушашын» т.б.
атауға болады.
Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп айту өте қиын.
Өйткені олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек
сақталмаған, тек ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Мүмкін, бұл
нұсқалардың көпшілігі көне заманда туып тарала бастады десек те, халық
арасына жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың бірқатарын ХҮІІІ-ХІХ
ғасырларда өмір сүрген атақты ақын-жыраулардың ел аралап айтып жүргені,
өңдеп жөндегені мәлім. Қалайда олардың туып, дамып, сан түрлі өзгерістен
өтіп, бізге келіп жеткеніне дейін талай замандар бастан кешірілген болу керек.
Қазіргі міндет: қосынды-құраулар мен өңдеу-өзгерістерден өткен нұсқалардың
ішіндегі нағыз халықтық үлгілерін айыра білу, жол-жөнекей қосылған жат
жамау-жасқаулардан оларды аршып, тазарта отырып, тиісті және әділ бағасын
беру. 
Бұл ретте, ең алдымен, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ғылыми еңбектерін
ерекше атаған жөн. Аса көрнекті ғалым қазақ ауыз әдебиетінің көптеген
түрлерін (айтыс, ертегі, ұсақ форма, батырлық жыр) зерттеумен бірге, лиро-
эпостық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» секілді тамаша екі
нұсқасына арнаулы еңбектер жазды. Автор бұл тексерулерінде лиро-эпос
жанрының шығу, даму жолына, өзіне тән ерекшеліктеріне, көркемдік
18


қасиеттеріне тоқтала отырып, жоғарыда аталған екі нұсқаға ғылыми терең
талдау жасады.
«Күлше қыз», «Есім сері-Зылиха», «Құл мен қыз», «Мақпал қыз» секілді
көлемді, көркемдігі бірсыдырғы дастандар бар. Бұлардың түп негізі халық
аңыздарына барып тірелсе де, кейбіреулерінің авторлары да белгілі, шамасы ел
арасында есімдері мәлім ақындар сол халыққа жете таныс сюжетті қайтадан
жырлап өңдеген, толықтырған болу керек [3.9].
Қазақ лиро-эпосы нұсқаларының ішінде өзіне үнемі назар аударып, көбірек
тексерілгені «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын Жанақ ақынның аузынан
жазып алады да, осы нұсқа жөнінде тұңғыш рет келелі пікір айтады. Бұлардан
басқа «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» ертеректе қағаз бетіне түсіп үлгірген бірер
нұсқасы Омбы, Ленинград архивтерінде сақтаулы екенін де ескерте кетуіміз
қажет [3.40].
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры тек қазақ топырағында ғана емес, басқа
да халықтар арасында да молынан тараған. Мысалы, «Куз Курпячь» деген атпен
башқұрт нұсқасының орысша аудармасы (Т. Беляев) 1812 жылы Қазан
қаласында басылып шықты. Аудармашының бұл шығарманы Құрайшының
аузынан жазып алдым деген жалпылама куәлік еткені болмаса, өкінішке қарай,
башқұрт тіліндегі түп нұсқасы немесе ол жөніндегі бірде-бір дерек сақталмаған.
Мұндағы тағы бір өзгешелік, башқұрттардың өмір-тіршілігі, әдет-салты
суреттелумен бірге қазақ халқының тірлік тұрмысы, салт-санасы қоса
көрсетіледі.
Башқұрттың «Куз Курпячі» мен қазақтың «Қозы Көрпеш –Баян сұлу»
жырының шыққан түп негізі бір десек те, бұл екі туындының мазмұн жағынан
да, түр-сипатында да зор айырмашылығы бар. Оның бірініші ерекшелігі:
башқұрт нұсқасы түгелге жақын қарасөзден тұрады да, онда ертегінің сарыны
басымырақ келеді. Екіншісі - бұл шығармадағы жағымды, жағымсыз
кейіпкерлерде өзара жіктелу, даралану жоқ, олардың қарым-қатынасы мен
әрекетіндегі даму тым үстірт беріліп, жөнді өрістей алмай қалған.
В.В. Радловтың «Образцы народной литературы...» деген әйгілі еңбегінің
ҮІ томында ұйғырдың «Бозы Көрпеш» атты ертегісі басылған. Расында, ХІХ
ғасырдың екінші жартысында жазылып алынған бұл ертегіні «Қозы Көрпеш-
Баян сұлудың» ұйғырша версиясы деп санауға ешбір қисын жоқ. Мұнда тек
шығарманың «Бозы Көрпеш» делінген атындағы сырттай ұқсастықтан басқа
оларды өзара жанастыратын ештеңе таба алмаймыз.
«Қозы Корпеш» деп аталатын барабин татарларының шағын ертегісін
қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырымен салыстырғанда екі шығарманың
мазмұн жақындығы бірден көзге түседі. Ең алдымен татар нұсқасында Ақ хан
мен Қара ханның аңда жүріп кездесіп, танысуынан басталады.
Екі шығарманың қай-қайсысында болсын жағымды бейнелерді, олардың
ізгі қасиеттерінің жоғарылығын опаздық еткен Қара ханға қарама-қарсы қояды,
оған адамгершілік, ар-намысты аяққа басқан қара бет адам деп лағынет айтады.
Қазақ нұсқасында дүниеқоңыз, сараң, мейірімсіз, пасық Қарабайдың бейнесі де
осыған жақын емес пе?
19


«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ертедегі нұсқасынан бізге екі
қолжазба жетіп отыр. Оның бірінші 1834 жылы Ғ. Дербісәлин жазып алса,
екіншісін 1841 жылы А. Фролов деген тілмаш қағаз бетіне түсірген.
Қорыта келгенде, жағымды кейіпкерлердің бойынан терең сезімді, адалдық
пен ізгілікті, ақ ниет пен таза көңілділікті табатын болсақ, олардың ыстық та
таза махаббаты сол заманның әділетсіздігіне қарсы күресуге апарғанын көрсек,
осылардың бәрі ғасырлар бойы езілген бұқараның неге ұмтылып, нені өзіне қол
жетпес идеал еткенін айқын дәлелдейді.
Жырдың көркемдік түрі, ақынның шеберлігі мен сөз өрнегі қандай?
Мұндағы негізгі ерекшелік: оқиғаны баяндау, өмірдегі көріністерді сипаттау
жағы басымырақ [3.41].
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті нұсқалары ішіндегі ең бір асыл да
көркем үлгісі - «Қыз Жібек». Бұл шығарманың бізге жеткен варианттары онша
көп емес. Не бары екеу-үшеу ғана. Сан алуан мәліметтерге қарағанда «Қыз
Жібек» жырының негізгі айтушыларының бірі Мұсабай жырау деседі. Бірақ ел
арасына көп тарап, әйгілі болған нұсқасы Жүсіпбек қожа Шайхұлисламұлының
сан рет жарияланған «Қыз Жібек» хикаясы атты поэма екен. Қазақ фольклорын,
оның ішінде лиро-эпос үлгілерін зерттеушілердің басым көпшілігі «Қыз Жібек»
жырын ХҮІІ ғасырға жатқызып келді және олар осы жорамалдарын поэманың
өз бойындағы кейбір деректер мен фактілер арқылы дәлелдеуге
тырысады.Қалайда, бұл шығарманың кейінгі дәуірдің туындысы екендігі ешбір
күмән туғызбайды. Бұл шығармадағы аса жарқын, ең қымбат, әрі сүйкімді де,
мейлінше әсем образ - Қыз Жібек. Автор егер Төлегенді өзінің барлық ерекше
сипаттары арқылы: көрік - келбеті, ақыл-парасаты, мінез-құлқы ақ жүрек
асылдығын айтып, шабыттана сипаттаса, Қыз Жібек те оған тең, барабар
ұсынылған: ол керемет сұлу нәзік сезім иесі, жар борышына да берік, ішкі жан
дүниесі де бай.
Қазақ эпосының ішінде «Қыз Жібек» поэмасы тілінің көркемдігі мен
байлығы жағынан да оқшау тұр. Жыр түгелдей дерлік жеті-сегіз буынды, еркін
ұйқасты жырмен орындалған, ара-арасында қара сөзбен жалғастырылып,
түсінік беріліп отырады. Сонымен бірге халық арасында қалыптасып, орын
тепкен қанатты сөздерді, өрнекті тіркестерді молынан қолданады, олардың
кейбіреулерін жеке алғанда белгілі ұғымдарды бере алмайды, олар көбінесе
қосалқы рөл атқарады.
Қорыта айтқанда, тіл байлығы, композициясының мінсіздігі, жалпы
көркемдік ерекшелігі жағынан «Қыз Жібек» жыры қазақ ауыз әдебиетінде
жеке–дара тұрған ғажап туынды, шын мәніндегі шедевр екенінде ешбір күмән
жоқ.
Сөз соңында тағы бір жағдайға көңіл бөлмеуге болмайды. Осы сөз етіліп
отырған «Қыз Жібек» жырының соншалық көркем дәрежеге көтеріліп,
тыңдаушылар мен оқырмандарына айрықша танымал болуына өте-мөте зор
еңбек сіңірген адам – Жүсіпбек қожа Шайхұлисламұлы.
Алғаш жоғарыдағы ұқсастықтарды байқаған ғалым С. Қаскабасов осы
мәселелер төңірегінде іздсну керектігін ескерткен еді. Іздену, салыстыру
барысында мынадай тұжырым, түйінге тоқталдық- бұл сәйкестіктердің себебін
20


толық ашу үшін, олардың әрқайсысының материалдары кімнен және қашан
жазып алғандығын білуіміз керек. В. В. Радлов кітабында жоғарыдағы үлгілерді
кімнен қашан алғандығын нақты көрсетпейді. Тек кітабының алғы сөзінде
мынандай дерек келтіреді: «Қазақ әдебиеті шығармаларын қазақтардың өздсрі
екі бөлімге бөледі, халық шығармалары (қара сөз) және кітаби өлең. Халық
шығармаларын карапайым халыктың ауызша таралған өлеңдері мен әңгімелері
құрайды. Сондықтан да оған қазақ халкының ислам діні әсері тие қоймаған
шығармалары жатады. Оларды тек қарапайым адамдар ғана біледі, өйткені
сауатты молдалар т. б. оған менсінбей қарайды. Бұл жазылған шығармаларды
бұрын біреудің кағазға түсіргенін, мен көрген де, естіген де емеспін. Кітаби
өлеңдердің мұндай атқа ие болу себебі, оны жыршы жатқа айтпайды, жазылған
кітаптан оқиды. Мұндай кітаби өлеңді шығарушылар - молдалар, сауатты
қазақтар. Олардың сөз оралымдарында исламның, кітаби тілдің әсертабы айқын
сезіледі. Бұзылған кітаби тілмен жазылған бұл өлеңдердің көп бөлігі халықтың
ауызекі тіліне де араласа бастады. Бұл кітаби өлеңдерді мен қазақ тілінің
табиғатына жат грамматикалық формалар мен сөздерден сақтана отырып
қарапайым қазақтардың көмегімен көшірдім, араб және парсы тілдерінен енген
сөздерді қолжазба өте дұрыс жазылғанына қара-мастан, сол қарапайым
халыктың формасында беруге тырыстым. Осылайша бұл өлеңдер
түпнұсқадағыға қарағанда әлдеқайда қазақы сипат алды». Бұдан біздің
білетініміз, біріншіден, қазақтардың өздері қазақ әдебиеті шығармаларын екіге
бөлгені, оның ішінде қара сөзбен жазылған үлгілерді сауатты молдалардың
менсінбейтіні айтылады. Ал, Мәшһүр-Жүсіпте қара сөзбен жазылған
нұскалардың ұшан-теңіз екені бізге мәлім. Екіншіден, нұсқалардың біразын В.
В. Радловтың колжазбалардан көшіргендігі, оған қарапайым қазақтар
көшірісуге көмектескендіктері сөз болады. Бірақ ол қолжазба кімдікі екендігі,
көшірісуге көмектескендердің нақты аты-жөні туралы дерек берілмеген.
Үшіншіден, қолжазбадағы текстерді көшіру барысында В. В Радлов кейбір
сөздерді өзінше өзгерткенін айтады.
Қашанда, қай халықтың әдебиетін алсақ та ана бейнесі һаманда таза
сақталады. Ол ылғиына мейірім иесі, ізгіліктің көзі, перзентінің шын
қамқоршысы, оның ыстығына күйіп, суығына тоңатын да сол ғазиз ана. Бүкіл
жер жүзі әдебиетінде адам анасына арналған ыстық жолдар мен қалтқысыз
айтылған алғыстарда шек жоқ.
Осы поэмадағы екі ана да өте жарқын бейнеде сипатталған. Тегі мойнында
жүктелген ауыр міндеттің салдарынан болса керек Қозының анасы өте берік,
ұстамды, парасатты жан іспетінде көрінеді. Ол Қарабайдың арам ниетін,
опасыздығын бірден түсінеді де, жалғыз ұлын кесір - кесапаттан, қауіп-қатерден
сақтаудың қамын қарастырады.
Ақынның тағы бір табысы: сол кездегі бұқара көпшілік тіршілігін сараң
болса да нанымды етіп бере білген [3. 90].
Қазақ халқының бай фольклорында мол дамып, кемеліне жеткен жанрдың
бірі – лиро-эпос. Бұған дәлел сан ғасырлар бойында ел арасына кеңінен тарап
келген көркем туындылар және олардың бізге жеткен көптеген үлгілерінің
нұсқалары. ХІХ-ХХ ғасырларда қағаз бетіне түскен лиро-эпос нұсқаларын
21


тексергенде негізінде екі түрлі жағдайды аңғарамыз. Біріншісі, тарихи жаңа
кезеңнің ықпалымен ескі шығарманың мазмұны мен түрі өзгере бастауы;
екіншісі, феодал-байшыл ақындардың өз тарапынан халықтық үлгілерге
«жаңалықтар» енгізуге тырысқаны, дәлірек айтқанда, халықтық туындының
бағыт-бағдарын, қанаушы тап мүддесіне әдейілеп бағындырмақ болғаны.
Эпостың көркемдік жүйесіне тереңдеп бойлап, ондағы бейнелердің
тұрпаттарын бұзатын, сондай-ақ шығарманың жалпы сюжетіне,
композициясына және тіліне тереңірек әсер ететін шақтар да, ара тұра болсын,
ұшырап отырады. Мысалы, сондай жағдайды «Қозы Көрпеш - Баян сұлудың»
бірер варианттарынан немесе «Қыз Жібек» жырынан айқын сезінеміз.
Расында, сол ескі мұра үлгілерінің мол аумақта жиналуы да, жан-жақты
зерттелуі де тек совет дәуірінде ғана басталды. Бір жағы, әріден келе жатқан игі
дәстүр ескеріліп, оның ұтымды және тиімді жақтары сақталса, сонымен қатар
жаңа заманның қойған тілек-талабына сай халық туындылары тың сапада дами
түсті, ілгері сатыға көтеріліп отырып мағыналы мазмұн, күрделі түр тапты.
Демек, лиро-эпос нұсқаларының кейбіреуі өзінің соңғы даму кезінде жазба
әдебиеті туындыларымен (поэмалармен) тоғыса бастағаны да баса айтылды,осы
процестің ерекше сипаттарына арнайы тоқталып, тиісті дәлелдер келтірілді.
Сөйтіп, қазіргі уақытта лиро-эпос жанрының даму процесі жазба әдебиеті
ықпалынан тыс болуы енді мүмкін еместігін, сондай-ақ оның бір сәтте ақын-
жазушылардың нәр аларлық қайнар бұлағы рөлін атқарғандығы дәлелденді
және негізгі қорытындының бірі есебінде ұсынылды.
Фольклорлық жанрлар неғұрлым шындыққа жақын болса, яғни оқиғаны
өмірде болған деп бейнелеуге барынша тырысса, соғұрлым олар сюжеттік және
көркемдік жағынан ұтылады:шығарманың сюжеттік арқауы бос болады,
композициялық құрылысы ширамайды, көркемдік тұтастығы жетілмейді.
Бұл - танымдық функциясы басым жанрларда кездесетін құбылыс [3.147].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет