Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

Құлан жортпас құба жонға
Қурай шықпас емеңіз.
27


Қу таяқты кедейге
Мал бітпеді демеңіз.
Жарлы байға теңеліп
Жарыса қонбас демеңіз.
Жалғыз көпке теңеліп
Теңдік алмас демеңіз.
Тіпті жаңа, прогресшіл әдебиетіміздің өкілі Махамбет Өтемісұлының
өлеңдері де шешендік толғауларымен аралас, астарлас жатады.
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар,
Тарлаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар,
Дұшпанға кеткен ары мен
Талауға түскен малы бар, - деген шешендік сөздер мен мақал – мәтелдерге
бай толғауларды Махамбет жырларының қай-қайсысынан болса да кездестіруге
болады. 
Жаңалық пен жақсылыққа «құтты болсын» айту, қаза мен қайғыға «арты
қайырлы болсын» деп көңіл айту қазақтың ежелден келе жатқан әдет –ғұрпында
бар. Келгенде «қош келдіңіз» деп қарсы алу, кетерде «жолыңыз болсын» деп
шығарып салу жаңа салтымызға да жат емес. «Жақсы лебіз – жарым ырыс» деп
тілектестік сөзді жоғары бағалаған халқымыздың бата - тілегін бейнелейтін
шешендік сөздердің неше алуан нұсқалары бар. Қазақ халқы «Ас адамның
арқауы», «Астан ешкім үлкен емес» деп заттық игіліктің адам өміріндегі
шешуші мәнін дұрыс түсінген де, астың алды –артында жақсы тілек, игі
ниеттерін білдіретін болған.
Бәлшіл, бәлшіл, бәлшіл бол,
Боз торғайдай тәлшіл бол.
Тәңір берген несібең,
Тепкілесең кетпесін, - дейтін бата, алғыс сезімдері әр халықтың үміті мен
келешегі болып табылатын: балаң көп болсын. Тұрмысың жақсы, бақытың
баянды болсын деген ешбір дәуірде ескірмейтін игі тілекті білдіреді.
Алтын ерлі ақ боз ат
Астында жүріп арысын.
Қолан шашты, қой көзді
Таңдап алған бұраң бел
Қасында жатып қарысын, - 
дейтін сөз, біріншіден, ердің басына бақыт пен байлық тілесе, екіншіден –
байлық пен бақыт иелі деген ескі ұғымнан елес береді. «Алғыспен ер көгереді,
жаңбырмен жер көгереді» деп елдің алғысын, үлкеннің батасын қазақ жоғары
бағалап, сөздің рухтандырушылық, дем берушілік күшіне кәміл сенген. Осы
батаны Қанжығалы Шеңкі қарт айтқанда: «бүкіл денем шымырлап, буын-
буыным жіпсіп тұрды» деген екен кейін Бөлтірік шешен. Мұндай батаға біреу
мақтанса, біреу үміттенеді. Үміт – талаптың басшысы, талап – табыстың кілті.
[5.9]
28


Қазақ ауыз әдебиетін кімдер жинады дегенде, оның XX ғасырдағы қазан
төңкерісіне дейінгі өкілдсріне арнайы көңіл бөлушілік тсгін емес. Кітап
бастыру енді - енді жолға қойыла бастаған шақта, көшпслі қазақ ауылдарында
ауыз әдебиеті, негізінен алғанда, ертегішілср, жыршылар арқылы тарап, жатқан
кезде ол шығармалардың бастапқы бояуы нсғұрлым толық сақталған уакытқа
жинаудың мәні ерекше. Ал, кейінірек кітап бастыру, сауат ашу кең етек алғанда,
жазба мәдениет өрістегенде, сонымен бірге қазан төңкерісінен кейін, әсіресе,
1920-1956 жылдар аралығында көне мәдениет нұсқаларына тұрпайы
социология тұрғысынан біржақты карау, бар шығарманы тап тартысы айнасы
ретінде бағалау, оның еңбекші мүддесіне, «қолайлы» дегендерінің өзін
редакциялау, өзгерту етек алған мерзімде ауыз әдсбиеті үлгілерін жинау да,
жариялау да басқа арнаға түскені мәлім. Алғашқыда халыктың сөйлеу тілі,
ұғымы қазіргі ұрпактың бірқатарына ұғыну қиын, тіпті қайшылықты болып
көріну мүмкіндігі бар түрде болса да, сол арқылы бастапқы табиғи қалыпта
сақталса, кейінгіде шынайылық орнына жасандылық көбейіп, соның
нәтижесіндс дәуір шындығының да, шығарма көркемдігінің де көп солғын
тартқаны белгілі. Мұның бәрі кейінірек жарық көрген халық ауыз әдебиеті
үлгілерін, атап айтқанда, ертегілер, «шешендік сөздер» т. б. айдарымен шыққан
кітаптарды қайта қарап. олардың бір кездегі айтылу, қағазға түсу қалпын
іздестіру қажеттігін де алға қояды.
Қазақ ауыз әдебиетінің жиналу тарихы - өз алдына кең көлемді арнайы
зсрттеуді тосып түрған мәнді тақырыптың бірі. Бұл орайда оны
жинаушылардың басты өкілдрінің бірі М. Ж. Көпейұлының осы саладағы
еңбектерін арнайы түрде, жан - жақты қарастыру міндеті келіп шығады.
Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушылық еңбегін
қарастыруда алдымен оның сол туындыларды қаншалық көлемде әзірлегенін
анықтау керектілігі аян. Сөз жоқ Мәшһүр-Жүсіп жинаған ауыз әдебиеті
үлгілерінін көбі әлі баспа бетінде жарияланбауы аталған міндетті шешуді
біршама киындатса да, өзіміз тапқан және жариялаған үлгілерге, сондай-ақ ҚР
ҰҒА қолжазба қорында т. б. сақталған материалдарға сүйене отырып, алғашкы
мағлұматты, әрине, кейін де толықтырып, тиянақтай түсуді қажет ететін
мәліметті жинақтап айтуға болады деп таптық. Мәселен, Мәшһүр-Жүсіп
жазбаларында тұрмыс - салт жырларының отыз шакты түрі, аңыз-әңгімелердің
екі жүздей үлгісі, ертегінің шамамен он шақты, жырдың төрт үлгісі, қисса-
дастанның он бірі, жаңылтпаштың екі-үш беттік көлемі, жұмбақтың кара сөзі
мен өлең түріндегі елу шақты үлгісі, мақал - мәтелдердің екі жарым мың
жылдық мөлшері, акындар айтысының жиырма бес нұсқасы, отыз шақты ақын -
жыраулардың өлеңдері, дастандары т. б. орын алған. Сондай-ақ колжазбалар
ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген
күлдіргі сөздер топтамасы т. б. нұсқалары бар.
Мәшһүр-Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің біразына сипаттама беріп отырған.
Мәселен, «Ғылым, білім» кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның
ішінде 12 айт, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал «Әмір» әңгімесі 26
сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы «сахифа» - араб сөзі,
«бет», «парақ», «газет» деген мағыналар береді. Бізге келетіні «бет» деген
29


мағынасы. Келесілері: «Бір жұмбақ шешуімен 5 сахифадан: «Намаз мағынасы»
- 23; «Бір соқыр, бір саңырау, бір тұттай жалаңаш» 7 (бұл жерде өз туындысы
туралы ескертпесі де бар: «бұл басылып шықты жұртқа жайылып» - деген Н.
Ж.), «Алашахан» - 9; «Асан қайғы» - 17; «Жиренше шешен» - 25; «Ер Едіге» -
10; «Еңсегей бойлы Ер Есім" - 10; «Атасының аты білінбей өз аты шыққан
ерлер» -5; «Әмір Темір"»- 9: «Ғытман ғазы заһары» - 6; «Ноғай - қазақ заманы»
-8; «Абылай»- 38; «Бұхар Шәріп» - 28; тағы да «Абылай», «Кенесары,
Наурызбай» әңгімелері - 50; «Бұхар, Қоқан» - 21; «Қазақ билері» -90 сахифадан
тұрады дей отырып, барлығы 461 сахифаны, яғни бетті құрайтынын Мәшекең
өзі жазып көрсеткен. Бұл дерек жанұялық архивтен алынған. Мәшһүр-Жүсіп
тағы бір жазбасында: «Торайғыр би» сөзі 18 сахифадан; «Бөлтірік би» - 12;
қайым өлең «Күдері мен Ұлбике» 12: «қайым өлең», «Сақау мсн Тоғжан» -12
сахифадан тұрады дей отырып, үшбу нұскаларды жазып 1913 жылы 30 августа
молда Нұрғали Бикбаевқа жібердім» -деген ескертуі де сақталған. Пайғамбары-
мыз бойындағы адамилық қасиеттер мүлдем ерекше еді. Кез келген кісінің бір-
біріне қарама-қайшы екі көркем қасиетті араластырып, шатастырмастан тепе-
теңдігін сақтап алып жүруі өте қиын. Мысалы, біреу жомарт, бірақ ол жомарт-
тығын ысырап дәрежесіне дейін апаруы мүмкін, немесе қолындағысын үнем-
деймін деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман, бірақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет