Диссертация мамандығы 6М020500- «Филология»



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата20.09.2022
өлшемі429,69 Kb.
#39538
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Магистерлік диссертация

ержүректік қасиеті өз арнасынан шығып, алды-артын аңдамайтын, жақсы-жа-
ман деп талғамайтын соқырлық дәрежесінде қатыгездікке ұласуы ғажап емес.
Пайғамбарымыз жақсы қасиетті қарама-қайшы қасиетпен араластырмаған.
Өз арнасынан тасытпаған. Алла Елшісі (с.ғ.с) ержүрек, батыр және мұнысымен
қоса құмырысқаны байқамай басып кетсе, жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса
мейірімді, рақымды және кішіпейіл еді. Өте мейірімді боламын деп ешқашан
қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Алла Елшісі (с.ғ.с) өте салмақты,
байсалдылығымен қоса жанындағы адамдарға шаттық сыйлай алатын, күлкісі
күміс шашқан жарқын жүзді еді. Қысқасы, әр қасиетті өз арнасынан асырып,
екінші бір жаман қасиеттің жағасына апармаған. Яғни, таразының екі басын тең
ұстап, тепе-теңдікті сақтаған.
Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) үлгі алуға былай деп үн-
дейді:
Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,
Мү’мин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ...
Иә, он төрт ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Алла Расулының (с.ғ.с) көркем де
әсем мінез-құлқы әрбір мұсылман баласының аңсарына айналды. Себебі, Онда-
ғы бұл асыл қасиеттер – адамзатты адамдықтың асқар шыңына шығарар, өзгер-
мес ереже-қағида, барлық жақсылық атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспет-
ті.
Жаратылыстардың абзалы болған адам баласына тән жомарттық, әділдік,
шынайылық, шыншылдық, сенімділік, мейірімділік, тақуалық, сабырлылық
сынды қасиеттердің ең биік шыңында қашанда Алла Елшісі (с.ғ.с) тұрды.
Алла Елшісінің (с.ғ.с) бойына сіңген тағы бір қасиет – жомарттығы еді.
Рахым Пайғамбары (с.ғ.с) көркем мінезімен ерекшеленгені сияқты
жомарттығымен де ерекше еді. Бұл Оның пайғамбарлыққа ғана тән қасиеті
30


болатын.
Алла Елшісі (с.ғ.с) өзі де өнегелі өмірінде жомарттықтың керемет үлгісін
көрсетуімен қатар мәрттікке байланысты: «Жомарт – Аллаға, жәннатқа және
халыққа жақын, жәһәннамнан алыс. Сараң – Алладан, жәннаттан және ел-
жұрттан алыс, жәһәннамға жақын» деген. Ол осы айтқан сөзінің үлгісі бола
білді, әйтпесе пайғамбар бола ма?!
Әрине, ол қаласа, әлемнің ең бай адамына айналар да еді. Негізінде, хазреті
Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыз ғаниметтерінің бестен біріне Алланың
бұйрығымен ие болатын. Яғни, мүлкінің бестен бірі Алла Елшісінің (с.ғ.с) жеке
өзіне берілген-ді. Оны қалағанынша жұмсай алатын. Алайда хазіреті Омар (р.а)
(585-644) бір күні Пайғамбарымыздың үйіне келген кезде, Оның тым жұпыны
хал-жағдайын көріп, жылап жіберді. Хақ Пайғамбар неге жылағанын сұрағанда,
ол:
– Пайғамбарым! Әлемнің патшалары қазына мен байлыққа кенеліп
шалқып жүргенде, сенің төсенер көрпешең де жоқ. Бар болғаны ши ғана. Ол да
тәніңе батып, іздері қалып қойыпты. Әлем Сен үшін жаратылған емес пе еді?! –
деді.
Алла Елшісі (с.ғ.с) сонда: «Омар, мына дүние олардың, ал ақырет біздікі
болуын қаламайтын ба едің!?»-деп жауап айтады.Алла Елшісінің (с.ғ.с) тағы бір
асыл қасиеттерінің бірі – сенімді (Әмин) әрі турашылдығы болатын.
Мақал-мәтелдер адам аңсарын абзалдыққа баурай тартады, жақсы
қасиеттерге үйретеді, жамандықтан жирентеді. Жастарға тәлім-тәрбие беріп,
оларды өнер-білімге баулиды. Солардың ішінде туған жерді, елді қадірлей
білуге тәрбиелейтін мақал-мәтелдердің маңызы ерекше.
Ауыз әдебиеті - халық педагогикасы. Халық педагогикасында еңбек
тәрбиесі ерекше орын алады. Жер де еңбекпен –жер, ел де еңбекпен –ел. Жерді
көркейтетін, елді күшейтетін–еңбек. «Туысы жаманды түйе үстінен ит қабар,
туысы жақсы үйде жатып мал табар» деп жұмыстың сәтті – сәтсіздігін
туысымен, ата-тегімен байланыстырған. Алайда ауыз әдебиетінің, соның ішінде
мақал-мәтелдердің негізгі авторлары ат төбеліндей қанаушылар емес,
қарапайым шаруа, қалың бұқара, еңбекші қауым. «Еңбектің көзін тапқан
байлықтың өзін табады», «Егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады» дейтін
мақалдар соны аңғартады. Алайда еңбек ермек те емес, мереке де емес.
Қазақ – қала салып, қазына жимаған, оның есесіне «Малым – жаным
садағасы, жаным – арым садағасы», - деп ар-намыс сақтаған, елін, еркіндігін
жоғары бағалаған халық.
Мақал-мәтел - мазмұны бай, көлемі шағын, тілі көркем халық шығармасы,
белгілі бір халықтың қоғам тіршілігінен, табиғат құбылысынан жасалған
қысқаша қорытындысы, әлеуметтік және жеке адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды белгілейтін заңы, кодексі, жас ұрпақты тәрбиелейтін өсиеті,
насихаты, оқулығы.
Мақал –мәтелдердің мазмұны белгілі бір халықтың, ұлттың, қауымның
шаруашылық кәсібін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, сенім-
нанымын көрсетеді.
Қазақ халық мақал-мәтелдерінің басым көпшілігі қазақ шаруасының
31


негізгі күнелткіші болған малшылық пен егіншілікті, көмекші кәсіптері –
аңшылық пен балықшылықты бейнелейді. Онда шаруаның және диханның
мінез-құлқы, тұрмыс –салты, ұғым –сенімі тапқыр ой, көркем тілмен жан-
жақты сипатталған; шаруашылық жүргізудегі,қарым-қатынас жасаудағы
тәжірибелері мен көрген – білгендері қорытылған.
Көптеген мақал – мәтелдерде балалар мен жас өспірімдерді елін, жерін
сүюге, еңбек пен ерлікке баулуға, биік адамгершілікке, мәдениеттілікке
тәрбиелеуге және өнер –білімді насихаттауға айрықша көңіл бөлінген.Сонымен
бірге кейбір ежелгі мақал-мәтелдерде қанаушы тап өкілдерінің, қожа –
молдалардың және қараңғы шаруалардың көне көзқарастары мен ұғымдары да
елес береді. Мақал – мәтелдердің осындай мазмұндылығын, көркемдік
қасиеттерін аңғарған шешен билер сөздерін күшейту үшін оны шебер
пайдаланған. Қазақ арасында көп жыл әскери қызметте болған орыс офицері Е.
И. Шевалин былай деп жазған: «Қазақ тілінде тағы да оның мінез –құлқы,
жалпы халқы туралы айқын ұғым бергендей мақалдар бар... Әділін айту керек,
олардың кейбіреулері өте жақсы... Тәуір деген әрбір би мен төре мақалдап
сөйлеуді сүйеді және қатардағы қазақтармен сөйлескенде, тіпті кез-келген
сөзінде оны тіпті көп қолданады». Қазақ шешендері ана тілінде таза сөйлеуді
де, мақал – мәтелді де оқулықтан, кітаптан үйренбеген, атасы мен әжесінен,
халық тәжірибесінен дағды алған. 
Есімдері аңызға айналған алғашқы қазақ шешендері, халық даналары
Майқы би, Аяз би, Асанқайғы, Жиренше аттарынан айтылатын тарихи
әңгімелер мен шешендік сөздердің, қай – қайсысы болса да мақал – мәтелге,
нақыл термеге бай. Тіпті,әдебиетіміздің ұлы тұлғалары – Бұхар жырау мен
Махамбеттің, Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннің өздері аталған
халық даналығынан нәр алған, өлеңдері мен әңгімелерінде мақал – мәтелдер
мен нақыл, тақпақ сөздерді өзгертіп те, өз қалпында да молынан пайдаланған.
«Рас, бұрыңғы біздің ата-бабаларымыздың білімі, күтімі, сыпайылығы,
тазалығы төмен болған, - дейді Абай өз сөзінде. – Бірақ бұл замандағылардан
артық екі мінезі бар екен... ең әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген
кісілер болады екен. Көші –қонды болса, дау - жанжалды болса, билік соларда
болады екен. Өзге жұрт жақсы, жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен...
«Қой асы қолыңа ал, қолайыңа жақсы сақа қой», «бас – басыңа би болсаң–
Манар тауға симассың, басалқаңыз бір болса жанған отқа күймессің»деп...
Екіншісі – намысқор келеді екен. Аты аталып, аруақ шақырылған жерге
ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен: «аз
араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «жол қуған қазынаға жолығар, дау
қуған пәлеге жолығар» десіп.Кәнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да
арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық.
Ендігілердің достығы пейіл емес, алдау; дұшпандығы кейін емес, ие күндестік,
не тыныш отыра алмағандық». Қазақ даласына алғаш білім ұрығын шашқан
ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин Абаймен тілдескендей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет