Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


90 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қорытындылай келе, мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық 
түсініктерін қалыптастырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі - модельдеу. 
Баланың модельдеуші іс-қимыл жүйесі бастапқы математикалық түсініктерді 
қалыптастыруға, сондай-ақ зерттелетін объектілерді модельдеудің жалпы 
қабілетін қалыптастыруға бағытталуы керек. Барлық осы жағдайларда 
модельдер мен модельдеуді пайдалану жаңа ақыл-ой әрекетінің сыртқы 
материалдандырылған тірегінің маңызды рөлін атқарады, оның түрі бойынша 
бала қиялында құрылады. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі ересек жас 
топ балаларының танымдық дағдыларын қалыптастыру барысында 
математикалық модельдеудің маңызы ерекше.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға математика негіздерін үйрету өте 
маңызды болып саналады, себебі мектепте математика негізгі пәндердің бірі. 
Математикалық түсініктерді қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдарының 
тәрбие-білім беру жұмысының барлық тараптарымен байланысты іс-
әрекеттің математикалық түрлерін қалыптастыруды, логикалық ойлау 
тәсілдерін дамытуды қамтитын көпжақты процесс болып табылады. 
Математикалық түсініктерді дамытуға математиканың сандық және есептеу 
қызметімен танысу, геометриялық фигуралар, кеңістік пен уақытты 
бағдарлау бөлімдері кіреді. Алайда, арифметикалық міндеттерді шешу және 
сандық түсініктерді қалыптастыру мектепке дейінгі ұйым білім беру 
бағдарламасының аса күрделі бөлігі болып қала береді. Тақырыптың 
өзектілігі қазіргі қоғамдағы математикалық білімнің өсіп келе жатқан рөліне, 
мектеп жасына дейінгі балалардың математика негіздері есебінен дамуына 
қойылатын талаптарды айтарлықтай арттыратын қоғамдық және кәсіби 
өмірдің барлық салаларын компьютерлендіру және осы математикаға 
байланысты анықталады.
Жүргізілген зерттеу гипотезаның дұрыстығын растады және келесі 
тұжырымдарды жасауға мүмкіндік берді:
1. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық модельдеу әдісі 
арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін 
анықталды.
2. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық модельдеу әдісі 
арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырудың әдістемесін айқындалды. 
3. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық модельдеу әдісі 
арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыруды тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстар барысында нәтижелерін тексерілді және тәрбиешілерге 
әдістемелік нұсқаулар берілді. 
4. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық модельдеу әдісі 
арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық 
моделі жасалды. 
5. Әдістеме ретінде «Қызықты математика», «Есептейміз. Салыстырамыз» 
лэпбуктары жарыққа шықты. «Қарлыға Ахан» ютуб каналы, «Qarlygamen 
birge» телеграм каналы ашылып, материалдар салынып отырды. 


91 
Мектеп жасына дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық 
модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыруда мынадай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет