Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
2-тарауға қорытынды 
Мектеп жасына дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық 
модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастырудың мазмұнын 
зерттеу барысында эксперименттік «Тұлпар» тобының 27 баласымен (15 
бала оффлайн, 12 бала онлайн) бекітілген арнайы бағдарлама бойынша 
жұмыс жүргізілді. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мониторинг нәтижесі 
бойынша эксперименттік «Тұлпар» тобының көрсеткіші күткеннен де 
әлдеқайда жоғары, бақылау тобы «Балдырған» тобының балаларының 
нәтижесімен салыстырғанда жоғары болды.
Сонымен қатар, бағдарламаны іске асыру барысында ата-аналармен де 
тікелей байланысқа шығып, жұмыстар жүргізілді. Ата-аналардан алынған 
сауалнама нәтижелері көрсеткендей, ата-аналар өз балаларының танымдық 
дағдыларын қалыптастыру барысында үйде де қосымша жұмыс 
жасайтындығы, бала мектепке дайындық этапынан өтті деген күннің өзінде 
де тағы да бағдарламаны созуымызды, математикалық модельдеу әдісі 
бойынша жұмыстарды жалғастыруымызды сұрады.


89 
Тәрбиешілермен жұмыс барысында, тәрбиешілерге эксперимент алды 
және эксперименттен кейінгі сауалнамалар алынып, семинар жұмыстары 
жүргізілді. Соңғы алынған сауалнама нәтижесі бойынша тәрбиешілердің 
баланың математикалық-логикалық қабілеттерімен қоса, танымдық 
тағдыларын дамыту барысында біршама жаңа өзгерістер, дидактикалық 
материалдар, ойындар енгізіп, қолданып жатқандығын байқаймыз.
Ересек топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы 
танымдық дағдыларын қалыптастыруда ретінде 
әдістеме ретінде «Қызықты 
математика», «Есептейміз. Салыстырамыз» лэпбуктары жарыққа шықты. 
«Қарлыға Ахан» ютуб каналы, «Qarlygamen birge» телеграм каналдары 
арқылы ата-аналармен байланысқа түсіп, арнайы дамыту жұмыстары 
жасалынды. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет