Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
akhan ko mektepke deiingi eresek zhas top balalarynyn matema

Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі ересек топ балалары 
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі ересек топ балаларының математикалық 
модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру 
Зерттеу болжамы: Егер мектепке дейінгі ересек топ балаларының 
математикалық 
модельдеу 
әдісі 
арқылы 
танымдық 
дағдыларын 
қалыптастырудың арнайы әдістемесі қолданылса, онда бұл процесс жылдам 
жүреді.
Зерттеу теориялық-әдіснамалық негіздері: зерттеу мәселесі бойынша 
ғалымдардың ғылыми еңбектері (К.Х.Лебединцевтің [17] «Ерте сәбилік 
шақта баланың сан ұғымын қалыптастыру», И.Г.Песталоццийдің [] 
«Гертруда өз балаларын қалай оқытады?», Ф.Н.Блехердің [19] ''Балалар 
бақшасы мен нөлінші топтағы математика'' еңбегі, М.Сәтімбекованың [13] 
оқу-әдістемелік кешені); балалардың танымдық дағдыларын дамыту 
қажеттілігі туралы тұжырымдамалар; жалпыадамзаттық және жеке 
тәжірибенің өзара байланысы мен сабақтастығы туралы; математикалық 
модельдеу туралы; оқыту мен білім беруді модельдеуді қолдану саласындағы 
зерттеу материалдары; балалардың жас мүмкіндіктерін психологиялық-
педагогикалық зерттеулер, мектепке дейінгі ересек жас топ балалардың 
математикалық 
модельдеу 
әдісі 
арқылы 
танымдық 
дағдыларын 
қалыптастыру әдістемесін жасауға мүмкіндік берді. 
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен, 
зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген жұмыстарымен және мерзімді 
баспа 
материалдарына 
талдау 
жасау, 
бақылау, 
педагогикалық 
эксперименттер (анықтау, қалыптастыру) өткізу барысында әңгімелесу, даму 
деңгейін сапалық сандық деректерін білдіруде статистикалық әдістерді 
қолдану, педагогикалық бақылау, сауалнамалар жүргізу, мектеп жасына 
дейінгі 
балалардың 
дүниетанымын 
бақылау. 
Алдыңғы 
қатарлы 
педагогтардың іс-тәжірибелерінмен танысу, педагогикалық институттағы 
тәрбие әдістемесі бағдарламасының мазмұнымен танысу. «Не артық?» 
(В.Чиркова), «Ұғымдарды салыстыру» (А. Пилипенко), «Абсурдтар» (Р. 
Немов)[16], 
«Қызықты 
математика», 
«Есептейміз. 
Салыстырамыз»
әдістемелері. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет