Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»


Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
akhan ko mektepke deiingi eresek zhas top balalarynyn matema

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Мектепке дейінгі ересек топ 
балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін 
мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарда, мектепалды сыныптарында және 
тәрбиешілерді даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде қолдануға 
болады. Сонымен қатар, математикалық модельдеу әдісі арқылы балалардың 



танымдық дағдыларын қалыптастыру мақсатында лэпбуктар жарық көріп, 
ютуб, телеграмда арнайы каналдар ашылды. 
Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қорытындылардың 
дәйектілігі теориялық және әдістемелік негіздермен қамтамасыз етілген; 
зерттеу тақырыбы мен мақсатына сәйкес әдістер жиынтығын қолдану; 
ауқымды фактілік материалды сапалы және сандық талдау; эксперименттік 
жұмыс нәтижелері бойынша алға қойылған болжамның дұрыстығын растау.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
1. Балалардың танымдық дағдыларын қалыптастыру барысында 
математикалық модельдеу әдісін пайдаланудың маңыздылығы және бұл 
әдісті қолдану барысында берілген модельдермен жұмыс істеу қабілеті 
қарастырылады.
2. Осы тәжірибені мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының ата-
аналары мен мектепке дейінгі педагогтардың бірлескен іс-әрекетін қажет 
етеді және оның тиімділігі қысқа мерзімде емес, ұзақ мерзімді уақытта 
қарастырылуы керек.
3. Балалабақша тәрбиешілері ата-аналармен тікелей байланысқа түсе 
отырып, баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру барысында 
математикалық модельдеу әдісін үй жағдайында қолдану біліктілігі 
ұсынылған педагогикалық шарттардың тиімділігінің өлшемі болып 
табылады. 
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі 
тараудан, қорытынды және қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысын жазу 
барысында 8 кесте, 32 сурет, 98 әдебиет пайдаланылды.


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет