11
Абылкасымова А.Е және т.б.) танымдық белсенділігін дамыту мәселелерін де
өз еңбектерінде кеңіненқарастырған[24].
Сонымен қатар, отандық ғалымдардың еңбектерінде 5-6 жастағы
мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне қатысты
бірқатар мәселелер теориялық тұрғыдан негізделіп жазылған. Мысалы үшін,
балалардың тілін дамыту бойынша (Аралбаева Р.[25], Бакреденова А.[26],
Метербаева К.[27]); ойын әрекетін дамыту туралы (Турскельдина М.[28],
Иманбеков Т.[29]); айналамен танысу, экологиялық тәрбие беру мен
денсаулығын нығайту туралы (Манкеш А.[30], Керімбаева Р.[31], Сайлауова
Н.[32]), рухани адамгершілікке тәрбиелеу туралы (Сыздық Р.[33]), баланы
еңбекке тәрбиелеу туралы (Меңлібекова Г.[34], Жиенбаева С.Н.[35],
Сапарбаева Ш.[36]), баланы мектепке дайындау туралы (Сәтімбекова М.[13],
Таубаева Ғ.[37] және т.б. ғалымдар) мәселелер қарастырылып,
тереңірек
зерттелген.
Масару Ибуканың “Үш жастан кейін кеш” («После трех поздно») [38]
кітабында мектеп жасына дейінгі баланың ерте жастағы дамуы туралы
зерттеп жазған еді. Ал зерттеудің нәтижелері адам баласы дүниеге келгенде
бәрі бірдей мүмкіндікпен келеді және баланың дүниеге деген көзқарасын
қалыптастыруға оқу-тәрбие, орта орасан зор рөл атқарады дегенге саяды.
Мектепке дейінгі кезең - өте сезімтал, сенсорлық дағдылары
қалыптасатын кезең болып табылады және осы жас аралығындағы
балалардың психо-физиологиялық, танымдық ерекшеліктерін дамыту
арқылы өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызамыз.
Ал
одан кейінгі, мектеп кезеңінде - мектепке дейінгі шақтағы жинақтаған
білімдерін толықтыруға, тереңдетуге көмек бере аламыз. Яғни келешекте
балалардың кім болатыны, қалай өсіп дамитындығы және қандай білімге
толы болуы осы жас кезеңдеріне тәуелді. Сондықтан да, мектепке дейінгі
ұйымдарда және отбасында сапалы білім беріліп,
баланы жан-жақты
дамытуға тиіспіз.
Математика негіздері бастапқыда мектепке дейінгі педагогикада
қарастырылып, соның ішінде болған. Уақыт өте біраз эмпирикалық
тәжірибелер жинақтап, бірте-бірте жеке білім саласына айналды. Ол
педагогикалық ғылымдар жүйесінде баланың қайталанбайтындығын,
бірегейлігін, жеке қажеттіліктері де әртүрлі болып, әр баланың табиғи
әлеуетіне бағдарлану мүдделерін қолдауды ескерді және интеллектуалдық,
жан-жақты дамуына ықпал етуге арналған.
Математика негіздерінің мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу, оқыту
және дамыту, балалардың логикалық ойлау қабілетімен қоса, қоршаған
ортадағы кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту. Математикалық білімі мен
дағдыларын, сенсориканы, жадты,
назар аударуды, өз бетінше елестетуді,
логиканы дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, күнделікті өмірде
танымдық дағдыларын өз бетінше қолдана білуді қалыптастырады[39].
Математика негіздері мектепке дейінгі педагогика ғылымы саласының
құрамында болғанымен қазіргі таңда жеке бір ғылым саласын ретінде дамып
12
жатыр. Математика негіздерінің негізгі бағыты жоғары, міндеттерінің
тармағы өте ауқымды[40].
Мектеп жасына дейінгі әрбір жас тобының баласы математика
негіздеріне байанысты мөлшер, сан, көлем, уақыт,
кеңістік туралы
түсініктерін дамытып, оны дамытудың бағдарламалық талаптарын айындап,
анықтау;
Мектепке дейінгі балалардың мектепке дайындығы, оның ішінде
математика негіздерінен қаншалықты дайын/дайын еместігін анықтайтын
материалдардың мазмұнын айқындау;
Қарапайым
математикалық
түсініктерді
қалыптастырудың
материалдарын жіктеп, жетілдіру;
Қарапайым математикаық түсініктерді балада дамытуда дидактикалық
құралдар мен әдістерді, әртүрлі формаларды тәжірибеге енгізп, өңдеу;
Жан-жақты қамтылған, тиімді әдістемені енгізу мен оны тарату;
Отбасы жағдайында ата-ана көмегімен балаға математика негіздерін
ұғынуға берілген әдістемелік нұсқауларды шығару.
Мектепке дейінгі балалардың математика негіздерінің теориялық базасы
тек жалпы философия, педагогика, психология заңдылықтарына ғана
сүйенбейді, олардың да
өзіндік теория мен практикасы, өзіндік бағыты мен
дереккөзі болады. Ал олардың дереккөздеріне
ғылыми ізденістер (мақалалар, монографиялар, ғылыми еңбектер тізімі);
бағдарламалық нұсқаулықтар (балабақшаларға арналған бағдарламалар,
әдістемелік нұсқаулықтар); методикалық әдебиеттер, үздік деп саналған озат
тәжірибелер мен жаңашыл педагогтарды жатқызамыз.
Достарыңызбен бөлісу: