Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері



бет4/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында теориялық- əдістемелік негіз ретінде антропоөзектік парадигма аясындағы этно- лингвомəдениеттанымдық қағидалар басшылыққа алынып, дəстүрлі сипаттама əдісі, тілдік бірліктердің этно-мəдени мазмұнын ашуда жүйелеу, топтау, танымдық-логикалық тұрғыдан талдау тəсілдері қолданылды. Қажетіне қарай лингвистикалық талдаудың тарихи-салыстырмалы əдісі, этимологиялық, мəтіндік амалдары да қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Түркі тіл білімінде антропоөзектік парадигма аясында Қараханид дəуірінде жазылған түркі жазба ескерткіші «Диуани лұғат-ит-түрік» тілі негізінде орта ғасырлық түркілердің танымындағы əлем бейнесі алғаш рет этнолингвомəдени тұрғыдан арнайы зерттеу нысаны ретінде алынды;

  • зерттеу жұмысында Қашқаританудың тарихи жəне теориялық əдіснамалық негіздері жүйеленді;

  • ғұламаның бізге жеткен жалғыз еңбегі «Диуани лұғат-ит-түрік» негізінде М. Қашқаридың тілдік тұлғасы ашылды;

  • ескерткіштегі тілдік берліктер арқылы орта ғасырлық түркілердің əлемді тануы көне түркілер дүниетанымының дəстүрлі жалғасы екені дəлелденді;

  • жазба ескерткіші тіліндегі отбасы жəне туыстық қатынастар жүйесін сипаттайтын «Əйел», «Ер адам», «Ұрпақ» концептілері жəне некелесу мен тойлау дəстүрін көрсететін тілдік бірліктердің этнолигвомəдени мазмұны сараланды;

  • ескерткіш тіліндегі «Төрт түлік» концептісіне қатысты тілдік бірліктердің этнолигвомəдени ерекшелігі анықталды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.


Диссертациядағы ғылыми пікірлер мен тұжырымдар тарихи лексика, этнолингвомəдениеттанымдық бағыттағы теориялық зерттеулердің қатарын толықтыра түседі. Қашқаритану арнайы курсын жүргізуде тікелей дерек көзі ретінде қолдануға болады. Практикалық маңыздылығы жағынан диссертациядағы талданған тілдік деректерді тарихи сөздіктер жасауда, қазақ тілінің тарихи грамматикасы, қазақ тілінің лексикологиясы, орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілі, түркітану пəндерін оқытуда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет