Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет3/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – орта ғасырлық түркілер танымында орныққан əлемнің тілдік бейнесін М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі «Отбасы» жəне
«Төрт түлік» концептілері тілдік бірліктерінің этнолингвомəдени мазмұны негізінде анықтау. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • М. Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы жайлы деректерді нақтылау;

  • Түркі дүниесіндегі ұлы ойшыл М.Қашқаридың өмірі мен шығармашылығын тұлғатанымдық аспектіде саралау;

  • М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінің əлемдік түркітанудағы зерттелу тарихын жүйелеу;

  • «Диуани лұғат-ит-түрік» шығармасы тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-əдіснамалық негізін саралау;

  • «Диуани лұғат-ит-түрік» орта ғасыр жазба ескерткіші тіліндегі отбасы жəне туыстық қатынастар жүйесін сипаттайтын «Əйел», «Ер адам», «Ұрпақ» концептілерінің жəне некелесу мен тойлау дəстүрін танытатын тілдік бірліктердің этномəдени мазмұнын ашу;

  • «Диуани лұғат-ит-түрік» шығармасы тіліндегі «Төрт түлік» концептісіне қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомəдени ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі ретінде С.Е.Малов, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак, В.В.Радлов, И.А.Батманов, Э.Н.Наджип, А.К.Құрышжанов, А.Вежбицкая, В.А.Маслова, Ю.Н.Караулов, И.Г.Ольшанский, Ш.Сарыбаев, Ə.Нұрмағамбетов, Қ.Қалиев, Р.Сыздық, Ə.Қайдар, М.Жолдасбеков, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Н.Г.Шаймердинова, М.Қ.Ескеева, Г.Сағидолда, Н.Уəлиев, М.Атабаева, Ш.Сейітова, С.Сатенова, Қ.Ғабитханұлы, Б.Ақбердиева, А.Қ.Сейілхан, М.Жақсыбаева, Г.Снасапова т.б. сынды отандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі ескерткіштер тіліне қатысты жəне этнолингвомəденитанымдық бағыттағы қорытындылар мен тұжырымдар басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеудің материалы ретінде М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінің А.Егеубаев, Б.Аталай, З.А.Əуезова, С.Муталибов аударған нұсқалары қолданылды. Жалпы тақырыптық топтарды айқындауға, тілдік бірліктерді талдауға байланысты түсіндірме, этимологиялық, фразеологиялық жəне т.б. сөздіктердегі, ғылыми еңбектердегі тілдік деректер мен ғылыми тұжырымдар пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет