Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


Сиыр малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомәдени сипаты



бет33/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

Сиыр малына қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомәдени сипаты


Сан ғасырлар бойы мал өсірген түркі халықтары төрт түліктің əрқайсысының жаңа туған төлінен бастап қашан тісі мүжіліп əбден қартайып өлгенге дейінгі кезеңдерін жылдап, маусымдап жасына қарай атаумен атап отырғаны белгілі. Сондай түліктің бірі жабайы турдан тарап, қолға үйретіліп, біздің дəуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африкада кең тараған сиыр малы. Дене бітімі өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болатын сиыр түлігі негізінен жартылай отырықшы жəне отырықшы мал өсірушілерде болған. Қарахан мемлекеті тұсындағы түркі халықтарының шаруашылығының басым түрі мал өсіру болғандықтан ескерткіш тілінде сиыр малына қатысты тілдік бірліктердің көрініс табуы заңды құбылыс.
Аша тұяқты, мүйізді ірі қара мал, төрт түліктің бірі сиыр «Диуани лұғат- ит-түрік» тілінде sıgır [10, T.1, 420 б.], ud [10, T.1, 73 б.], iŋek [10, T.1, 142 б.] нұсқаларында кездеседі. Сиыр сөзі түркі тілдерінде кең тарағандығына қарамастан, кейбір тілдерде өзгеше дыбысталатыны көруге болады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «мүйізді ірі қара мал; төрт түліктің бірі» деген анықтама берілген [248, 301 б.]. Қарақалпақ, құмық, ноғай, татар тілдерінде: сиыр, Қырғызстанның оңтүстік аймағында:йинек, қазақтармен көршілес аудандарда: сиыр, жалпы қырғыз тілінде: уй, ұйғыр тілінде: сіиір, серә, түркімендерде: сығыр, сахаларда: ынах, туваларда: инек т.б. деп аталады [249, 411 б.]. Ескерткіш тілінде Alın tüpü yašardı / Urut otın yašurdı / Kölniŋ suwın küšerdi / Sıgır boka möŋresür «Тау төбесі жасарды / Қураған шөпті жасырды / Көлдің суы лық толды / Сиыр бұқа мөңіресті» деп берілген [10, T.2, 99 б.]. Сиыр малының тағы бір атауын М.Қашқари ud деп береді. Сөздікте автор
«Түрік халықтардың қабылдаған он екі жылдың бірі ұд иылы –сиыр жылы деп аталады» деп көрсетеді [10, T.1, 73 б.]. Г. Рамстедт жалпы түркілік ud лексемасымен монғол тіліндегі udu-s «бык-як» тұлғасының шығу төркіні бір деп көрсетеді [174, 573 б.].
Iŋek сөзі жəдігерде сиыр малының тағы бір атауы ретінде көрсетілген [10, T.1, 142 б.]. Бірқатар түркі тілдерінде осы тұлғадағы ң дыбысы н фонемасымен
алмасып келіп отырады: əзірбайжан, өзбек, ұйғыр: инек, алтай, гагауыз, қырғыз, тува, түркімен, хакас: инэк, чуваш: енэ, саха: ынах [174 358 б.]. Сөз түбірі «ана, ене, ұрғашы» мағынасындағы ine/ene тұлғасы болуы мүмкін дейтін болсақ, inek (сиыр), iŋen (інген), inek (ұрғашы тасбақа) лексемаларын өзара түбірлес деп қарастыруымызға əбден болады [174, 359 б.].
Қазақ түсінігінде сиырдың күй-жайы мен бұзаулауына байланысты мамырлаған сиыр (қыстан шыққан семіздігіне жазғы семіздігі қосылып, еті өте майланып семірген сиыр), шайлаған сиыр (əдеттен тыс қатты семіріп кетіп, денесінің ауырлығынан аяқтарын зорға алып, жай басатын сиыр), көтерем сиыр (аурулықтан аузы оттан қалып, əбден арықтаған немесе қыста жемшөптің жоқтығынан қатты жүдеп, көктемде жатқан орнынан тұра алмай, арықтық шегіне жеткен сиыр), босалаң сиыр (сиырдың қысқа төзімсіз, тез арықтап жүдейтіні), бітеу сиыр (өмірі бұзауламай, бірқалыпты семіз болатын сиыр), мама сиыр (бірнеше бұзаулаған үлкен сиыр), сүзеген сиыр (мүйіздеп кететін, сүзетін сиыр), тұмса сиыр (тұңғыш төлдейтін сиыр), туған сиыр (сиырдың бұзаулағаны), ерте сиыр (мезгілінен бұрын (ерте) бұзаулайтын сиыр), кеш сиыр (өз мезгілінен кейін, кенже бұзаулайтын сиыр) т.б. түрлері бар. Қазақ тілінде сиырдай... (үлкен денелі, етті-женді адам), сиырдың тіліндей («үлкен», «ұзын» мағынасындағы бейнелі өлшем, ірі қара малдың ішінде сиырдың тілі алақанның аясындай қамақты да үлкен, жеңбі білектей ұзын тіл), сүзеген сиыр мүйізін жасырмайды (ауыспалы мағынада пейілі бұзық, мінезі шатақ адам қанша білдірмеуге тырысса да, үйреншікті қылығын жасыра алмайды, зұлымдығы көрініп тұрады), сүтсіз сиыр сүзеген (ауыспалы мағынада адамгершілігі адамгершілік қасиеті, елге істер жақсылығы аз кей адамдар мінезі шайпау келеді, елді төңірегіне көп жақындатпайды), сиыр мүйізді өгізде күш жоқ, өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ (əр нəрсенің өзіне сəйкес қасиеті бар, сол қасиет ауысса ауысса, ол затта өзімен өзі болудан қалады) т.б. тілдік бірліктерін кездестіруге болады [199, 328 б.].
Cиыр малының тұқым тарататын еркегі ескерткіш тілінде жалпы түркілік buqa лексемасы арқылы берілген [10, T.3, 308 б.]. Қазіргі түркі тілдерінде əзербайжанша, гагауызша, қарақалпақша: buɣa, алтайша, қырғызша, өзбекше, ұйғырша: buka, ноғайша, татарша: bugay, түрікше: boɣa, хакасша: puɣa [226,
231 б.]. Сөз төркіні жайлы түркітанушы ғалымдар бұқа, бугу(бүғы), буғра сөздерінің түбірлестігі жайлы айтады. А.М.Щербактың айтуынша «татарский и ногайский буғай по внешной форме является заимствованием из русского языка, который это же слово в форме буга заимствовал несколько раньше из других тюркских языков или у монголов и придал ему, в соответствии со значением, конечный й (j) ң» [200, 99 б.]. Ол түркі тілдерінде айтылатын бұқа сөзі мен орыстың бык сөзі өзара тамырлас болуы керек деп табады, бірақ арнайы зерттемейді [200, 99 б.]. Түркі тілдерінде бұқа сөзімен тіркескен сөздердің малдың жасын білдіретіндігін əзербайжан диалектісіндегі буғана дуран – екі жасар бұқашық, иаз буға – екі жас пен үш жас аралығындағы бұқашық, гагауз тілінде буа алті –үш жасар бұқа мысалдарынан көруге болады [200, 100 б.]. Қазақ тілінде де бұқа сөзімен тіркесіп жастық мөлшер білдіретін
құнан бүқа, дөнен бұқа, бесті бұқа т.б. сынды атаулар бар. Жалпы алғанда бұқа қазақ дүниетанымында үлкен күштің бейнесі ретінде қалыптасқан. Тұрмысында бұқа малын жиі қолданған қазақ тек дөрекілігін ғана сипаттап қоймастан, оның күштілігін, қуаттылығын да мойындаған. Осыған орай үлкен тойларда екі кісінің мойнына арқан салып тартысып, күш сынасатын ұлттық ойынын «Бұқатартыс» деп атаған. Сондай-ақ қатты ағын су жолына қойылған қамыс бөгетті бұқа деп, суы мол бас арықты бұқа арық деп атаған. Ал бұқаның жағымсыз қасиеттеріне байланысты бұқа мойын (жуан мойын), бұқа көзденді (көзін сүзе қарау), бұқа тамақ (алқымы салбыраған, бұғағы салыңқы) сынды адам бойындағы жарамсыздықты білдіретін тұрақты тіркестер де тілімізде ұшырасып жатады.
Дəстүрлі қазақы ортада бұқаның азбан бұқа (кестірілген, тарттырылған еркек мал), бесті бұқа (аталығы əбден жетілген, бес жасқа келген бұқа), бұқашық (жас бұқа, бұқаша), құнан бұқа (екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан бұқа), сүзеген бұқа (мүйіздей беретін, сүзгіш бұқа) сынды түрлері бар.
Қазақ тілінде бұқадай мойны жуан, денесі сом (өте ірі, əрі семіз батыр тұлғалы адамдарға қатысты теңеу), бұқаша көз аларту (жаман көзімен қарау; сиыр малының ішінде, əсіресе, бұқаның көзі үлкен, қарасынан ағы мол болып келеді; əсіресе бұқа күйлеген кездерінде, жер тартып, буырқанып, күжілдеп, жан-жағына көзін аларта қарап, айбаттанғандағы көрінісінен туындаған теңеу), бұқа иесіне бұзау жоқ (малшы қауым уəжі бойынша: бұқа болмаса – бұзау жоқ, өйткені сиыр қысыр қалады; бұқа болса – бұзау бар, өйткені бұқадан қашқан сиыр бұзаулайды. Бірақ бұзау – бұқаның иесінікі емес, сиырдың иесінікі. Бұл табиғи заңдылық.), бұқаның сүргеніне өгіз сүйсінер (белгілі бір себептермен өз қолынан келмейтін, өзі орындауына, істеуіне мүмкіншілігі жоқ адамдардың ісін басқа біреудің орындағанын көріп, сүйсіне қарауы, одан өзі де лəззат алуы) сынды тілдік бірліктер кездеседі [199, 229 б.].
Сиыр малының піштірілген еркегі сөздікте ögüz деп берілген [10, T.1, 88 б.]. Бұл сөз араб графикасының ерекшеліктеріне байланысты öküz деп те қолданылады. Сөздікте Öküz azakı bolgınša buzau bašı bolsa yıg «Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болса игі». Бұл мақал «басқаға жүгінді болғаннан, бас-басына болған артық» деген мағынада қолданылады» деп көрсетілген [10, T.1, 88 б.]. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде өгіз «күш көлік ретінде пайдаланылатын сиыр малының еркегі» деп көрсетілген [248, 507 б.]. Піштірілген еркек малдың бұл түрінің аталуы басқа түркі тілдерінде төмендегідей дыбыстық құрамда кездеседі. Қырғыз тілінде: өгүз, ұйғыр тілінде: хөкүз, түркімендерде: өкүз, қарақалпақ, ноғайларда: өгіз, өзбектерде : хукіз, өзбек диалектілерінде: укіз, хәвкуз, сахаларда: ат оғус [174. 523 б.]. М. Щербак қазіргі түркі тілдерінде өкүз лексемасының бірнеше фонетикалық варианттары болғанымен, олардың ішіндегі ең ескісі деп, оғуз тұлғасы деп көрсетеді [200, 98 б.]. Одан бөлек ескерткіш тілінде қырман бастырған кезде ортада жегілетін ал басқалары соның маңында айналып жүретін өгіз mama деп берілсе, арғу тілінде op деп көрсетілген [10, T.3, 318 б.]. Қазақ түсінігінде өгіздің азбан өгіз (бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен кестірілген еркек өгіз), атан өгіз
(піштірілген, ақталған денесі ірі, үлкен өгіз), дөнен өгіз (үш жастан асқан өгіз), құнан өгіз (екі жастан асқан өгіз), тай өгіз (екі жасқа толмаған еркек тайынша) түрлері бар. Қазіргі қазақ тілінде аузын буған өгіздей... (дымын шығармау, үндей алмау, тіс жарып бір сөз айта алмау, томсыраю, томаға тұйық қалу (адамға қатысты)), бұралқы өгіздей... (əр үйде, əр ауылда бейсауат жүре беретін (адам)) теңеулерін кездестіруге болады [199, 330 б.].
Сиыр малының жасына байланысты «Диуани лұғат-ит-түрікте» жиі кездесетін сөздің бірі – buzagu [10, T.1, 505 б.]. Жəдігерде өз қабілетімен жоғары мəртебеге жетсе де қарындас пен туған-туысқандар арасында жас бала санатында саналған адамға қатысты қолданылатын Evdeki buzagu öküz bolmas


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет