Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология



бет34/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

«Үйдегі бұзау өгіз болмас» деген мақал берілген [10, T.1, 505 б.]. Buzagu тұлғасының ескі bozagu формасы «Ырық бітік» ескерткішінде көрініс тапқан [226, 240 б.]. Аталмыш лексеманың этимологиясын зерттеген А.М.Щербак түркі тілдеріндегі атаулардың дыбыстық-мағыналық нұсқаларын салыстыра келіп, оның түптұлғасы (праформасы) бұзағу-бурағу (буз -бур) «темный, серый» көнетүркілік буз(боз) сөзі бұзаудың түлеп, жүні бозарған уақытын білдіреді дей келе, саханың боруоску (жүні бозарған бұзау, төрт-бес айдан кейін оның түсі осылай өзгереді) сөзінің түбірі бор з//р заңдылығы бойынша жасалған (боз-бор, буз-бур) деген тұжырым жасайды [200, 100 б.]. Дегенмен біздің оймызша buzagu лексемасының түп төркіні жоғарыда көрсетілген «туу» мағынасындағы
«bor» түп тұлғасы . Одан бөлек М.Қашқари бір жасар бұзауды torbı деп, ал екі жасар бұзаудың еркегін tazun, оның ұрғашысын diši tazun деп көрсетеді [28, 905 б.]. Ірі қара малдың жасына байланысты қазақ тіліндегі торпақ лексемасы ескерткіш тіліндегі torbı сөзімен түбірлес болуы мүмкін. Қазақ түсінігінде бұзаудың барақ бұзау (жүні сабалақ болып келетін бұзау), жетім бұзау (енесіз қалған бұзау), қылау бұзау (тілінің үсті əр жерінен қызара бөртіп, іші өтіп, жүдей бастаған бұзау), марқа бұзау (қыс айларында туған бұзау), тоқал бұзау (екі-үш айдың ішінде мүйізі шықпаған бұзау), шақа бұзау (енесінен жүні жетілмей өте тықыр боп, яғни шала туылған бұзау) т.б. түрлері бар. Бұзауға қатысты тілімізде жаңа аяқтанған бұзаудай (тəлтіректеу), бұқаға туған күн бұзауға да туады (алдыңғы толқын буынның басына келген машақтап кейінгі ұрпақтың басына да келеді, бұл табиғи заңдылық), суыр су ішсе, бұзау мұз жалайды (əркімнің өз дəреже-атағына, лауазым мəртебесіне, жас ерекшелігіне қатысты өз кезегі, істейті ісі, өзі тұратын орын-тəртібі болады дегенді аңғартады) деген сынды тілдік бірліктерді кездестіруге болады [199, 331 б.].
Орта ғасыр түркілері сиыр бір-бірімен көп сүзісетін болғандықтан сиыр жылы кіргенде, ұрыс көп болады деп түсінген [10, T.1, 404 б.]. Сиыр мазасыз, шадыр мінезді мал болғандықтан қазақ тілінде де «Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді», «Бәлені қара тана бастайды», «Құдіреті келсе, жұртқа қашқан бұзауды қайтарып көр» т.б. деген сынды мақалдар қалыптасқан.
«Жаман сиыр өрешіл», «құдай сүзеген сиырға мүйіз бермейді», «сиыр сипағанды білмейді», «сиыр мінез» т.б. деген сынды тіркестер де сиырдың табиғи жаратылысындағы дөрекілігіне қатысты қалыптасқан. Өзара қастасу, жанжалдасу мағынасында жұмсалатын «мүйіздескен сиырдай», əбден ұялтты,
масқаралады деген ұғымды білдіретін «осырған сиырдай қылды», тоз-тоз болып, жан-жаққа тарап, берекесі кетті мағынасында жұмсалатын «сиырдың бүйрегіндей бытырады», аяқсыз қалдырып берекесіз етті ұғымын білдіретін
«сиыр құйымшақтатты» т.б. сөз тіркестері қалыптасқан.
Жалпы айтқанда ескерткіш тіліндегі сиыр малының жынысына, жасына, табиғи болмысына т.б. қатысты тілдік бірліктердің барлығы жалпытүркілік сипатқа ие.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет