«Саулығыңшелдіболса,тұсағыңтөлдіболар»деген мақал кездеседі.
Ескерткіш тілінде қойдың жас ерекшелігіне байланысты төлі kozı [10, T.3, 304 б.], toklı [10, T.1, 490 б.], töl [10, T.3, 189 б.] лексемалары арқылы көрініс тапқан. М. Қашқари töl лексемасын қой төлінен басқа да туған төлдерге қатысты қолданылатынын айтады [10, T.3, 189 б.]. Ал қойдың алты айға толмаған төлі kozı қазіргі түрік тілінде: кузу, қырғыз тілінде: қозу, ұйғыр тілінде: коза, татар диалектісінде: кузы, ғағауыз тілінде: кузу, өзбек тілінде: кузи,түркімен тілінде: ғузы,əзірбайжан тілінде: ғузу, алтай тілінде: кураган,
тува тілінде:кураган, бурят тілінде: хурага (н) түрлерінде кездеседі [177, 107 б.]. Ал қазіргі қазақ тілінде жəне басқа да түркі тілдерінде қойдың жас төлін қозыдан бөлек қошақан деп те атайды. Мұны А.Щербак «Слово коч (кош) в соответствии с общей тенденцией в развитии новых словообразовательных типов тюркских языков присоединяет к себе аффиксы уменьшительности- ласкательности, собственное значение которых, как неоднократно указывалось выше, преобразуется по линии (обобщенного) выражения возрастных категорий молодняка», – деп түсіндіреді [200, 112 б.]. М.Қашқаридың көрсетуі бойынша басқалардан бұрын, ілгерірек істеген істің бəріне де baldır дейтін орта ғасырлық түркілер ерте көктемде туған қозыны baldır kozı [10, T.1, 516 б.], өсіп жетілуіне қарай семіз қозыны baklan kozı [10, T.1, 502 б.], ал мезгілінен кешігіп күзде туылған төлді körpe деп атаған [10, T.1, 76 б.]. Қазақ тілінде мезгілінен кешігіп туған қозы «көрпеш» деп аталады. Жəдігерде алты айлық қозы toklı лексемасы арқылы берілген [10, T.1, 490 б.]. А.М.Щербактың пікірінше лексеманың о бастағы негізгі түбірі тоғ (туу) тұлғасынан тоғығлығ (туған, туылған) деген лексема жасалып, қолданыла келе, қысқару барысында тоғлы//тоқлы болып қалыптасқан [200, 115 б.].
Қазақ тілінде қозыға қатысты қозыдай жамырасты (улап-шулады, жарыса сөйлесті), қозыдай көгендеді (шетінен тізді, қаз-қатар байлап тастады), қозыдай маңырап табысты (шұрқырасып жолықты), қозыдай шулады (даң-дұң, у-шу болды), егіз қозыдай (бір анадан туғандай бір-біріне өте ұқсам адамдар; сойып, қаптап қойғандай екі адам), телқозыдай (бір анадан туып, бір емшеңті тең етіп, бірге өскен егіз қозыдай өте жақын, бауырлас, бір-біріне ұқсас екі адамға қатысты айтылады) т.б. сынды тұрақты теңеулерді кездестіруге болады.
Сөздікте екі жасар қой ісек tišek тұлғасында [10, T.1, 446 б.], төрт жасқа толайын деп қалған ерек қой ırk түрінде [10, T.1, 71 б.], ал төрт жасар қой man yašlıɣ koy деп берілген [10, T.3, 219 б.]. Түркімен əдеби тілімен қатар қазақ, өзбек тілінің диалектілерінде қойдың жас мөлшерлік сипатына байланысты қолданылатын маң атауын кездестіруге болатынын М.Буранов еңбегінен көреміз [251, 33 б.]. Ғалым Т.Мұсабаев Маңғыстау атауына байланысты түрікмен тілінде маң сөзі қой деген мағынаны білдіретіндігін айта келіп, маң+қышылақ қой қыстау сөзі екендігін айтады [252, 141 б.]. Ғалым қазіргі түрікімен тілінде маңрамаз – үш жасар қой атауының бар екендігіне жəне сақталған қой мағынасын білдіретін маң түбіріне сүйенеді. Əйтсе де атау қой малының маңырап дыбыс шығарумен байланысты дыбысқа еліктеуден туындаған деген пікір бар [200, 100 б.].
М.Қашқари сөздігін зерделей отырып, қой түлігінің түсі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты лексемаларды көптеп кездестіруге болады. Мəселен ескерткіште «қасқа қой» bašıl koy [10, T.1, 451 б.], «бурыл қой» boɣrul koy [ 9, I, 540 б.], «боз қой» bozkoy[10, T.3, 176 б.], «ала қой» čalkoy[10, T.3, 218 б.],
«қара-ала қой» kartalkoy[10, T.1, 541 б.], «қасқа қой» kaškakoy[10, T.1, 486 б.],
«қоңыр қой» koŋur koy түрлерінде көрініс тапқан [10, T.3, 487 б.]. Одан бөлек табиғи ерекшеліктеріне байланысты «мүйізі жоқ қой» sokar koy [10, T.1, 471 б.] жəне taz koy деп берілген [10, T.3, 208 б.].
Түркі халықтарының түсінігінде əр малдың өзіне тəн мінезі болады. Қойдың психикалық күй-жайына сыртқы факторлар əсер етеді де, оның сол кездегі мінез-құлқы қимыл-əрекеті арқылы байқалады. Басқа мал түрлеріне қарағанда қой өзінің жуастығымен ерекшеленеді. Ол өзімен бірге өрістейтін ешкіден əлдеқайда тыныш, жуас болғандықтан тілімізде жуас, момын адамды