Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


Уақ малға қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомәдени көрінісі



бет35/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

Уақ малға қатысты тілдік бірліктердің этнолингвомәдени көрінісі


Түбі бір түркі халықтарының мал шаруашылықтарының негізін қой мен ешкі құрағаны белгілі. Əшекей ыдыс, бұйым жақтауына салынған қошқар мүйіз өрнектер қойдың Андронов дəуірінде өмір сүргенін көрсетсе, Ашхабад маңында жүргізілген қазбалардан табылған ешкі сүйегі оның неолит дəуірінде болғанын көрсетеді. Қазақ халқының кейбір наным-сенімдері мен салт- дəстүрлерінде, малға табынудың ізі сақталған. Табыну киелі заттарға байланысты болады десек, ал біздің нысанымызға сəйкес табыну малдың киелілігіне жəне оның мазмұнын этномəдени ашатын салт-дəстүрлерге байланысты көрінеді. Н.Шаханов бала шомылдырғанда қолданылатын ырымдарға тоқтала келіп, баланы алғаш рет арнайы сойылған қой сорпасының көбігі қосылған суға шомылдыратынын, осының өзі көшпелі халықтар мəдениетінде қойға табынуға қатысты ырымының ежелден бар екендігін көрсететін деректер туралы сөз етеді [199, 333 б.]. Одан бөлек ұры-қарыдан сақтайды деген ырыммен есікке қойдың кəрі жілігін іліп, сəбидің мойны жылдам бекиді деп жас босанған анаға қалжаға сойған қойдың мойын омыртқасын тіс тигізбей мүжітіп іліп қою, қой жауырына қарап болашақты болжау, ақжолтай болсын деп жақынына ақсарбас, ақ қой атау санамызға сінген қойға қатысты наным-сенімдердің айғағы. Біздің оймызша бұл ырым қойдың əлсіз сəбиді қастандық жасайтын күштерден сақтай алатын қорғаныш магиясының болуына байланысты қалыптасқан. Басқа түліктерге қарғанда қойдың жуас екендігі анық. Ол өзімен бір жайылымда бірге жүретін ешкіден де тыныш болып келеді. Қойдың осы қасиетін негізге ала отырып, адамның момындығын сипаттау үшін «қойдан қоңыр», «қойдан жуас» сынды сөз орамдары пайда болған.
Сөздікте күйіс қайтаратын ашатұяқты төрт түліктің бірі қой koy [10, T.2, 198 б.] жəне kon [10, T.3, 196 б.] түрлерінде көрініс тапқан. М.Қашқари орта ғасыр түркілерінің қой етін азық ретінде пайдаланғанын koy etleldi «қой етке сойылды» деп көрсетеді [10, T.1, 348 б.]. Түркілердің он екі мүшел жылдардың бірі koy yılı деп берілген [10, T.1, 404 б.]. Ал жəдігерде кездесетін kon тұлғасын М. Қашқари Арғулардың «y» əрпінің орнына «n» əрпін алмастырып сөйлейтіндігімен түсіндіреді [10, T.3, 196 б.]. Қазіргі түркі тілдерінде бұл сөз көбінесе «й» фонемасымен əзірбайжан, түркімен, түрік, гагауыз тілдерінде : ғойун, қойун; алтай, қарақалпақ, қырғыз, ноғай, ұйғыр тілдерінде: қой, тува, хакас: хой; өзбек: куй түрлерінде айтылады [177, 23 б.]. Э.В. Севортян аталмыш лексеманың ілкі түбірі *kon тұлғасы деп көрсетеді [177, 23 б.].
Ə.Нұрмағамбетұлы қой сөзінің төркінін «момын, жуас» мағыналарымен ұштас қарайды [247, 180 б.]. Қой атауына қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «күйіс қайтаратын ашатұяқты төрт түлі мал» деп анықтама берілген [192, 800 б.]. Дəстүрлі қазақ ортасында қойдың бойдақ қой (тарттырылған еркек қой), дөнен қой (төрт жасар еркек қой), қазақы қой (қылшық жүнді, үлкен құйрықты қой тұқымы), құнан қой (үш жасар еркек қой), құрттаған қой (қасқырдан, не басқадан денесі зақым көріп, тез емделмегендіктен денесінің бір жері құрттап кеткен қой), сары тісті қой (бес рет қоздаған қой), саулық қой (үш жастан асқан қоздаған қой), ту қой (қозыламаған семіз қой, қысыр қалған), тусыған қой (жазғытұрым емес одан кешірек семірген қой), тұсақ қой (екі жасар ұрғашы қой), іскек қой (екі жасар еркек қой), тұсақ (бір екі жас арасындағы ұрғашы қой), шар қой (бірсыпыра жасаған, семірген саулық қой) т.б. түрлері бар [199, 261 б.].
Дəстүрлі түсінік бойынша қой жылы қойдың мінезі тəрізді «қоңыр», яғни жуас мал мен жанға жайлы, құт берекесі мол жыл деп есептелінген. Қой жылы жауын-шашын мол жауып, шөп шүйгін шығып астықтың түсімі мол болған. Жылдардың сипатына қатысты айтылатын «жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды, қой жылы зеңгір тоғыс болды» деген сөздер халықтың сан ғасырлық күнқайыру тəжірибесінен туындаған. Қазақ тілінде
«Ақсақ қой жатып семіреді» (аяғы ақсақ қойдың жайылымға бармай-ақ шем шөбін бермей күткендіктен бір орында жатып-ақ, үй төңірегінде жайылып-ақ семіре береді деген сөз; ауыспалы мағынада жеңіл-желпі ауру сырқаумен ауырып, үйде жатып күтінуден түр əлпеті оңала бастаған адамдарға да айтуға болады), «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» (аяғы сынып не құрттап, жүре алмай қалған қой, əдетте ертемен отарға ілесіп, жайылымға шыға алмай, қорада жатып қалады да, қораластарын іздеп сəске түстен кейін жиі-жиі маңырай бастайды; мақалдың негізінде осы құбылысты баяндау бар; ауыспалы мағынада кейбір адамдардың отырып-отырып, болар іс болып, бояуы сіңгеннен кейін ғана сол істі бастауға əрекеттену əдетіне байланысты айтылатын мақал), «Еркек қой бұралқы болмас» (саулық қойға қарағанда еркек қойдың – қошқарлардың саны əлдеқайда аз болады, сондықтан да əр қошқардың өз қорасы болады, қорама-қора жүріп, бұралқы болудың реті жоқ), «Кәрі қойдың жасындай жасы қалған» (аузынан тісі түсіп, шөп жеужен қалған, аяғынан шалысып жайылымнан қалған, көтерем-көнтек болған кəрі қойдай ішіп-жеу, жүріп- тұрудан қалған қарт адам), «Көк ала қойдай» (əбден сабалып, таяқ жеп, бет- аузы, денесі таяқ ізінен көгеріп, қызарып, ісіп, домбығып жараланып, түр-түсі көк, көк ала қойдай болуы), «Қасқыр көрген қойдай» (үрпиісу, не бір жаққа тобымен дүрліге, дүркірей қашу), «Қоздайтын қойша...» (ыңырау семіз адамның тамақты көп жеп, қозғалуға ауырсынып ыңырсуы), «Қой егіз тапса, шөптің басы айыр боп шығады» (əркімнің алла тағаладан бұйырған өз несібесі болады; жер бетінде адам көбейіп, өсіп-өнген сайын оларға қажетті жағдайдың да туындауы табиғи заңдылық деген сөз) т.б. қойға мақалдар мен тұрақты тіркестерді кездестіруге болады.
Ескерткіш тілінде қойдың жынысына байланысты аналық қойдың атауы – saɣlık [10, T.1, 531 б.] ал аталығы kočŋar [10, T.3, 509 б.], koč [I, 380 б.] деп берілген. Сөздікте жазды суреттеп айтылған Kočŋar teke šešildi / Saɣlık sürüg košuldı / Sütler kamuɣ yušuldi / Oɣlak kоzı yamrašur «Қошқар теке бөлінді / Саулық топ-топ қосылды / Сүттер түгел жосылды / Лақ, қозылар жамырасты» өлең жолдары көрініс тапқан [10, T.3, 144 б.]. Saɣlık лексемасы көне түркі тілінде saɣ- (сауу) етістігіне –lık зат есім тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалғанын көруге болады. Орта ғасырда saɣlık сөзі аналық қойдан бөлек, барлық сауылатын малға қатысты айтылатын болған [10, T.1, 531 б.]. Басқа түрлі сауылатын малдардан ажыратып, нақтылап алу үшін, қазақтың саулық қой деп айтатыны осыдан болу керек. Сауылатын қой мағынасын беретін бұл атау тіпті славян тілдеріне де енгендігін ғалымдар ол тілдегі сагмал, сагмалица – сауылатын қой атаулары арқылы дəлелдейді [250, 114 б.].
«Диуани лұғат-ит-түрікте» кездесетін еркек қойдың koč тұлғасын М. Қашқари оғызша деп көрсетеді [10, T.1, 380 б.]. А.М.Щербактың пікірінше олардың толық нұсқасы коч/у/нғар болса керек [200, 111 б.]. А.М.Щербак kočŋar сөзінің құрамындағы қолданылатын -kar тұлғасы жайлы сөз қозғамайды. Қ.Жұбанов бұл сөздің құрамын былай талдайды: қош (қой)-қар (ер, еркек) бірақ қар сөзінің жеке тұрып қолданылмайтын ерекшелігі туралы ештеңе айтпайды [179, 68 б.]. Ал түркі тілдерінің көпшілігінде қойдың піштірілмеген күйекке түсетін еркегі қошқар деп аталатыны белгілі. Осындай дыбыстық құрамда айтылатын сөз қырғыздарда: кочкор, туваларда: кошкар, хакастарда: хуча, ұйғырларда: қошқар, түрікмендерде: гоч, өзбектерде: кучқор, қарақалпақ, ноғайларда: қошқар, башқұрттарда: құсқар/кушкар, татарларда: кучқар тұлғаларында сақталған [177, 86 б.].Одан бөлек ескерткіш тілінде жұмыртқаларының терісі ажыратылғандықтан қойға шаба алмайтын қошқар adzma деп берілген [10, T.1, 159 б.]. А.Егеубаев аталмыш лексеманың қолжазба нұсқасында azman түрінде көрініс тапқанын айтып, қазақ тіліндегі дəл осы мағынады азбан лексемасынң бар екенін ескертеді [10, T.1, 159 б.]. Қазақ ұғымында жыныстық қуаты жетілген мүйізі жоқ қошқар тұқыл қошқар ал еркек-қозы лақты тарттырғанда ұрық сабағы түбінен суырылмай, бергі жағынан үзіліп, шала қалатындары шартық қошқар деп аталады. Ондай қозылар өсе келе қошқарлық жасауы да мүмкін. Бірақ ол толыққанды қошқар болмағандықтан қойдың төліне əсер етеді. Осыған орай қазақ тілінде: «Шала молда дін бұзар, Шартық қошқар қой бұзар» деген мақал қалыптасқан [199, 265 б.]. Одан бөлек қазақ тілінде ата- ананың денсаулығы мықты болса, оның ұрпағы да өсіп өнеді мағынасында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет