Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігі мінез-құлықтың өзіндік үлгісі болып табылады. Оның құрамына басқару саласындағы теориялық және практикалық бағдарланған білім, білік және дағдылар, сонымен бірге өзін-өзі анықтау, сыни ойлау, шығармашылық, өз іс- әрекетін рефлексиялау және білім беру процесінің барлық қатысушыларының іс-әрекетін рефлексиялауды ұйымдастыру, өзін-өзі тану секілді ішкі ресурстар жүйесін іске асыруға дайындық кіреді.
Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-функционалды моделі мақсатты, диагнос- тикалық, мазмұнды, ұйымдастырушылық және нәтижелік блоктарды қамтиды. Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзырет- тілігін қалыптастыру компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері.
Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі: «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» элективті курсты, «Басқару мектебі» үйірмесінің жұмысын, «Басқарушылық құзыреттілік негіздері» электрондық оқулығын қамтиды.