Екінші кезең (2018 - 2019 жж.) қалыптастырушы - жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігінің мазмұнын құрылымдау мен сипаттауға, болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық моделін әзірлеуге арналды. Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың компоненттері, критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері сипатталды.
Үшінші кезең (2019 - 2020 жж.) қорытынды - бұл кезеңде зерттеудің рефлексиялық жағына баса назар аударылды. Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі жасалды және эксперименталды түрде апробациядан өткізілді.
Бұл кезеңде «5В010800 ‒ Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» элективті курсы тәжірибеге енгізілді;
практикалық ұсынымдар апробацияланды және енгізілді; негізгі ережелер нақтыланды, қорытындылар тұжырымдалды, диссертация ресімделді.
Алынған нәтижелер статистикалық өңдеуден өтті, кестелер, модельдік сипаттамалар құрылып, графикалық суреттер жасалды.
Зерттеудің негізгі ережелері мен тұжырымдарының сенімділігі мен дәйектілігі төмендегілерге негізделеді: - көтерілген мәселені шешуге деген біртұтас көзқарас; - танылған ғылыми тұжырымдарға сүйену; - ақпарат көздерінің алуантүрлілігі; - эксперименттік жұмыстың мерзімі; - алынған практикалық нәтижелерді талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |