Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата10.01.2017
өлшемі5,56 Mb.
#1566
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

26
мазмұны көрініс табады;
- мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті 
болады.  Құзірет  -  ұйымның  заңмен  бекітілген 
құқықтары  мен  міндеттерінің  жиынтығы. 
Ол  нақты  органға  немесе  лауазымды  тұлғаға 
мемлекеттік,  яки  қоғамға  маңызды  міндеттер 
мен тиісті қызметтерді тиісті дәрежесінде жүзеге 
асыру мақсатында беріледі;
-  мемлекеттік  органдар  өз  құзіретін  үш 
тәсілмен: 
а)  нормативті  актілер  (жалпы  сипаттағы 
нұсқаулар) қабылдау жолымен;
ә)  құқық  қолдану  актілерін  (жеке  сипаттағы 
нұсқаулар) қабылдау жолымен;
б)  нақты  -  ұйымдастырушылық  әрекеттер 
жолымен жүзеге асырады;
-  мүліктік  құқықтарды  жүзеге  асыру  бары-
сында  заңды  тұлға  ретінде  көрінеді,  яғни  өз 
жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған 
мүлікпен  жауап  береді,  сондай-ақ  өз  атынан 
мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  құқықтарды 
иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді 
атқарады,  сотта  талапкер  және  жауапкер  бола 
алады;
-  мемлекеттік  органдар  белгілі  бір  аумақта 
әрекет етеді.
Қазақстан 
Республикасының 
құқықтық 
мемелекетіндегі нарықтық экономика қызметінің 
іске  асыру  шарасына,  әдістеріне  байланысты 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі 
Стратегиялық  даму  жоспарында  жалпы  саяси 
жүйені  одан  әрі  жаңғыртудың,  оның  ішінде 
жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамытудың 
басымдығы анықталған. Қазақстанда 2020 жылға 
қарай  өкілді  биліктің  маңызы  арта  түсетіндігі, 
үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  және  азаматтық 
қоғамның  тиімді  институттары  құрылады  деп 
күтіледі.
Қазіргі  уақытта  мемлекеттік  функцияларды 
жүзеге  асыруда  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдарының  қатысуын  қамтамасыз  ету 
қажет.  Бұл  мемлекеттік  басқарудың  бірқатар 
мәселелерін жергілікті жерде шешудің барынша 
орындылығымен  түсіндіріледі.  Өз  кезегінде 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  мен 
мемлекеттік  билік  органдары  арасындағы 
осындай өзара қатынастар схемасы басқарудың 
деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге 
әкеледі,  бұл  ретте  біздің  еліміздің  біртұтас 
құрылымын  сақтай  отырып  бұл  органдардың 
өңірлік  міндеттерді  шешуге  бірлесе  қатысуын 
қамтамасыз етеді.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының 
мәнін  айқындаудың  маңызды  көрсеткіші 
олардың  қызметіне  халықтың  тікелей  қатысу 
факторы болып табылады.
Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  тиімді 
жұмыс  істеуін  және  халықтың  тыныс-
тіршілігін  қамтамасыз  ету  үшін  жергілікті 
өзін-өзі  басқарудың  жергілікті  органдарына 
материалдық-қаржылық  ресурстардың  тиісті 
көлемі біртіндеп берілетін болады.
Бұл 
елдің 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуына  және  толыққанды  азаматтық  қоғам 
қалыптастыруға жаңа серпін береді [2].
Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанын-
дағы 
Қазақстан 
халқына 
жолдауында 
«Қазақстан-2030»  Стратегиясының  жүзеге 
асуын  қорытындылап,  бұл  стратегияның 
біздің  мемлекетіміздің  қалыптасу  кезеңі  үшін 
жасалғанын  және  оның  бүгінгі  таңда  өзінің 
арқаулық  өлшемі  бойынша  орындалғанын 
айтты.  Сонымен  қатар,  еліміздің  2050  жылға 
дейінгі  жаңа  саяси  бағытының  жобасын 
ұсынып,  «Қазақстан-  2050»  Стратегиясының 
негізгі  бағыттарын  талдап  берді.  Бұл  құжатта 
ел  дамуының  басым  бағыттары  белгіленіп, 
экономикалық  саясатты  кезеңдік  жүзеге 
асыру  жолдары  айқындалды.  Елбасы  «Біздің 
басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай  мықты 
мемлекеттің,  дамыған  экономиканың  және 
жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам 
құру» деп атап көрсетті.
Президенттің  жаңа  стратегиясы  2030 
Стратегиясы  шеңберіндегі  реформалардың 
заңды  жалғасы  болып  табылады  және  2050 
Стратегиясын  жүзеге  асыруда  да  кадрлық 
саясатқа ерекше көңіл бөлінетін болады. Өйткені, 
жаңа  экономикалық  саясат  табыстылығының 
басты шарты – ол кадрлар арқылы нығайтылуы 
тиіс екендігі Жолдауда айтылды.
Сонымен қатар жаңадан агенттіктер, мемле-
кеттік  комитеттер,  әкімшіліктер  түріндегі 
мемлекеттік  органдар  құрылып,  шетелдерде 
елшіліктер  ашыла  бастады.  Өздерін  адал 
еңбегімен көрсеткен, білімді, мемлекетшіл, талай 
сыннан  өткен  азаматтар  орталық  мемлекеттік 
органдарды және облыс әкімдіктерін басқарды. 
Облыстарды басқарған, министр болған, басқа да 
үлкен лауазымдарда қызмет атқарған тәжірибелі, 
ел  сыйлайтын  қайраткерлер  жаңадан  ашылып 
жатқан  елшіліктердің  туын  көтерді.  Олардың 
көбісі  осы  кезге  дейін  мемлекеттік  қызметті 
жалғастырып, 
Парламент 
қабырғасында, 
мемлекеттік  органдарда,  қоғамдық  ұйымдарда, 
жоғары  оқу  орындарында  қажырлы  еңбек  етіп, 

27
Конституционное и административное право
жастарға  өмір  мектебінен  алған  тәжірибелерін 
үйретіп, тәлімгер болып жүр. 
Мемлекетімізді  дүниежүзілік  қоғамдас-
тықтың тәуелсіз мемлекет ретінде танығанының 
арқасында  көптеген  мемлекеттік  қызметшілер 
шетелдерге  шығып,  АҚШ,  Франция,  Германия, 
Жапония,  Сингапур,  Малайзия  және  т.б. 
мемлекеттерге  барып  білім  алып,  олардың 
мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдарымен 
танысып,  жетекші  әлемдік  компаниялардың 
өндірістерін  өз  көздерімен  көріп,  үздік 
тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік алды.
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінің 
институттандыру  үдерісіне  Президенттің  1995 
жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет 
туралы»  заң  күші  бар  Жарлығы  негіз  болады. 
Алайда  бұл  құжат  тек  өтпелі  кезеңдегі  ескі 
қалыптасқан кадр жұмысымен тәуелсіз еліміздің 
мемлекеттік қызметінің жаңа деңгейге көтерілу 
алдындағы бастапқы бір сатысы болып табылды 
және өзінің тиісті рөлін атқарды. 
2050 Стратегиясын орындау үшін, әлемнің ең 
дамыған  30  елінің  қатарында  болу  мақсатында 
бұл  салада  да  жаңа  реформалар,  сатылы 
өзгерістер  қажеттігін  уақыт  көрсетіп  отыр. 
Президенттің  2011  жылы  қабылданған  Қазақ-
стан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа 
үлгісінің  тұжырымдамасына  сәйкес  дайын-
далып,  өткен  жылдың  аяғында  қабылданып, 
үстіміздегі жылдың 26 наурызында күшіне енген 
«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнама-
лық  актілеріне  мемлекеттік  қызмет  мәселелері 
бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 
туралы»  Заң  негізінен  стратегияда  қойылған 
талаптарға  жауап  береді  деп  айтуға  болады. 
Жаңа  заң  мемлекеттік  қызметтің  кадрлық 
құрамын  қалыптастырудың  жұмысы  мен 
оны  бағалаудың  жаңа  механизмдерін  енгізу 
жолымен  мемлекеттік  аппараттың  тиімділігін 
арттыруға бағытталып отыр. Саяси мемлекеттік 
қызметшілердің  саны  сегіз  есе  қысқарып, 
олардың тізімге кірмегендері бұдан былай басқа 
үміткерлермен  бірге  конкурс  арқылы  қызметке 
қабылданатын болды. Сонымен қатар, олардың 
жауапкершілігі  арттырылды.  Қарамағында 
істеп  жүрген  қызметкер  сыбайлас  жемқорлық 
қылмыс  жасаған  жағдайда  оны  тағайындаған 
саяси  қызметтегі  басшы  отставкаға  кету 
туралы  өтініш  беруі  керек.  Кейбір  бұрынғы 
саяси  лауазымдардың  «А»  корпусына  көшуіне 
байланысты  көптеген  талантты  жастардың 
өз  бақтарын  сынап,  басшы  қызметке  келуіне 
мүмкіндік  туды.  Бұл  корпустағы  қызметкерлер 
төрт  жылдық  мерзімге  тағайындалып,  мемле-
кеттік  қызметтегі  тұрақтылық  күшейеді. 
Әкімшілік  «Б»  корпусына  келудің  де  тәртібі 
біраз өзгеріп, оған өту үшін қойылатын талаптар 
да күшейді. 
Жалпы кейінгі кездегі мемлекеттік қызметтегі 
оң  өзгерістер  оның  сапасын  жаңа  деңгейге 
көтеріп, мемлекеттік қызметші жоғары атағына 
ие  барлық  кадрлар  Елбасының  Жолдауында 
қойған талаптарын мерзімінен бұрын орындауға 
өз үлестерін қосады деп сенеміз [3, 1-2 б.]. 
Сарапшылардың пайымынша, Қазақстанның 
мемлекеттік  қызмет  үлгісі  әлемдегі  ең  озық 
30  мемлекеттік  қызмет  үлгісіне  жақындады.  
Халықаралық  сарапшылардың  жоғары  бағасын 
алған Қазақстандағы мемлекеттік қызмет моделі 
өз деңгейінде қалыптасты. 
«Ал  қазіргі  қолданысқа  енгелі  тұрған  жаңа 
өзгерістермен 
қазақстандық 
мемлекеттік 
қызмет  үлгісі  әлемдегі  ең  озық  30  мемлекеттік 
қызмет  үлгісіне  жақындап  отыр.  Бұны  сол 
30  елдің  өкілдерінен  тұратын  Экономикалық 
ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  сарап-
шылары да мойындап отыр. Осыны ескере келе, 
бір  жыл  бұрын  Елбасы  Н.  Назарбаев  Астанада 
Мемлекеттік  қызмет  саласындағы  озық  үлгіні 
тарататын  БҰҰ  мен  Мемлекеттік  қызмет  істері 
агенттігінің Өңірлік хаб құру туралы бастамасын 
қолдаған  еді»,  -  дейді  ҚР  Мемлекеттік  қызмет 
істері  агенттігінің  төрағасы  Әлихан  Бәйменов. 
Оның  айтуынша,  жалпы  бүгінгі  күннің  өзінде 
мемлекеттік  қызмет  саласының  қазақстандық 
үлгісі аймақтағы зор қызығушылыққа ие.
Дегенмен, мемлекеттік қызмет саласы ұдайы 
жақсартып,  жаңа  сынақтарға  қатысты  сапасын 
арттырып отыруды талап ететін сала. Сондықтан 
да,  Мемлекет  басшысы  былтырғы  Жолдауында 
мемлекеттік  қызметті  кадрлық  құрамын 
іріктеу  және  кәсіби  даярлықтың  жетілдірілген 
әдістемелерін  енгізу  арқылы  сапалы  түрде 
жақсарту  керектігін  айтқан  еді.  Өзінің 
Жолдауында Елбасы Н. Назарбаев: «Ең алдымен 
мемлекеттік  аппарат  реформаланатын  болады. 
Мен мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы 
Заңға  қол  қойдым.  Ол  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  шараларды  күшейтуді,  мемлекеттік 
қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, 
меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы 
кадрларды  ілгерілетуді  қамтамасыз  етеді»,  - 
деген  болатын.  Ел  Президенті  қол  қойған  сол 
«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
қызмет мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық 
актілеріне  өзгерiстер  мен  толықтырулар  енгiзу 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы 
бүгін өз күшіне еніп отыр [4].

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
28
Күшіне  енген  жаңа  заң  негізгі  төрт  басым-
дыққа негізделеді. Бұлар - біріншіден, кадрларды 
іріктеу  мен  жоғарылатуда  меритократия 
қағидасын күшейту. Екінші - «А» басқарушылық 
корпусын  құру.  Үшінші  -  кадрларды  басқару 
тетіктерін  жетілдіру  және  кадр  қызметінің 
мәртебесін  арттыру.  Сонымен  қатар,  тәртіптік 
этикалық 
бақылауды 
күшейте 
отырып, 
корпоративтік мәдениетті дамыту. Бұдан бөлек, 
заң  аясында  бүгінгі  күнге  дейін  Мемлекет 
басшысының  8  жарлығы,  уәкілетті  органның 
4  нормативті  бұйрығы  қабылданған.  Сол 
құжаттар негізінде мемлекеттік қызметшілердің 
лауазымдарының  жаңа  тізілімі  бекітілген 
болатын. Есте болса, Елбасы Н.Назарбаев саяси 
мемлекеттік  қызметшілердің  санын  8  есеге 
қысқарту  туралы  тапсырма  берген  еді.  Осыған 
сай,  430-ға  жуық  саяси  лауазым  қалдырылды, 
бұған дейін ондай лауазым 3 мың 200-ден астам 
болатын.
Ал  агенттік  төрағасының  сөзіне  қарағанда, 
аталмыш 
тізіліммен 
«А» 
басқарушы 
корпусының құрамы да бекітіліп отыр. Оның ең 
жоғары  деңгейіне  Жауапты  хатшылар,  аппарат 
жетекшілері,  Үкімет  кеңсесінің,  Мәжіліс  пен 
Сенат  аппаратының  бөлім  меңгерушілері, 
Президент  Әкімшілігінің  сектор  меңгерушілері 
енеді.  Бұдан  бөлек,  «А»  басқарушылар 
лауазымына  аймақтардан  барлық  аудан,  қала 
әкімдері, өңірлердегі тексеру комиссияларының 
мүшелері кіреді. «А» басқарушылық корпусына 
арнайы  біліктілік  талаптары  да  бекітілген.  Бұл 
біліміне, еңбек өтіліне, лауазымына байланысты 
қосымша  талаптар  болып  табылады.  Сөйтіп, 
бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық 
сатымен  кезең-кезеңмен,  билік  иерархиясының 
бір  сатысынан  келесісіне  өзінің  машығын 
жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып 
көтерілетін болады. Белгіленген көрсеткіштерді 
асыра  орындағандар  мен  өзінің  тиімділігін 
көрсеткендерге  және  жоғары  нәтижеге  қол 
жеткізгендерге  ғана  ерекшелік  жасалатыны 
қарастырылады.  Бұл  Мемлекет  басшысы 
жүктеген міндеттердің бірі болып табылады.
«Сонымен  қатар,  Ұлттық  комиссия  жөнінде 
жарлық қабылданып, «А» корпусына қабылдау, 
іріктеу  ережелері  бекітілді.  Сол  үшін  бүгіннен 
бастап «А» корпусының лауазымын алам деген 
азаматтар  Ұлттық  комиссия  жасақтайтын 
резервтерге  енуі  шарт.  Бұл  барлық  азаматтарға 
тең,  яғни  бүгінгі  күні  сол  лауазымды  атқарып 
жатқандар  да,  сырттан  қатысуға  ниеттілер 
де  теңдей  қабылданады.  Ал  бүгінгі  жұмыс 
жасап  отырған  азаматтар  өздерін  тағайындаған 
тұлғалармен  еңбек  шартына  отырады.  Еңбек 
шартының ең ұзақ мерзімі жарты жыл.
Тоқтала кететін жайт, Елбасының тапсырма-
сымен әзірленген «Жауапты хатшылар туралы» 
жарлық  та  күшіне  енеді.  Ал  мемлекеттік 
органдардағы  Жауапты  хатшыларды  Елбасы 
тағайындайтыны  белгілі.  «Соған  сәйкес, 
Жауапты  хатшы  лауазымы  «А»  корпусына 
ауыстырылады.  Осы  лауазымға  Мемлекет 
басшысы  тағайындау  жасайтындықтан,  бұл 
лауазымдармен  еңбек  келісімшартын  жасасу 
құқығы  Президент  Әкімшілігінің  Басшысына 
берілген.  Қазіргі  таңда  барлық  Жауапты 
хатшылармен  келісімшарт  жасалынған.  Ал 
Жарлыққа  сәйкес,  мемлекеттік  органдардағы 
қазіргі  қызметтегі  Жауапты  хатшылар  да,  осы 
лауазымға үміткер тұлғалар да 6 ай ішінде «А» 
корпусының  кадрлық  резервіне  өтуі  шарт.  Ал 
осы резервшілер пулы қалыптасқан соң, олардың 
арасынан Президент  Әкімшілігі кандидаттарды 
іріктеп,  Мемлекет  басшысының  қарауына 
ұсынатын  болады.  Бұл  тәртіп  «А»  корпусына 
кіретін санаттың бәріне жүреді [5.].
Түйіндей  айтсақ,  мемлекеттік  қызмет 
саласындағы 
реформаның 
ендігі 
үлгісі 
меритократия  қағидасын  дамыту,  мемлекеттік 
қызметті осы жүйеге икемдеу болып табылады. 
«Ең  алдымен  мемлекеттік  қызметте  еңбегін 
бағалап, білімі мен білігіне қарап өсіру жүйесі, 
яғни  меритократия  жүйесі  жастарға  дұрыс 
бағыт-бағдар  беруі  тиіс.  Осы  жүйені  дұрыс 
жолға  қойсақ,  кадрларды  іріктеу  саласында 
тамыр-таныстықты 
жойсақ, 
білім-білігіне 
қарап  іріктейтін  басымдық  қалыптасса,  онда 
жастардың өзі мемлекеттік қызметке кіріскенде, 
одан  әрі  жоғарылағанда  өз  білімі  мен  еңбегіне 
сүйенетін болады. Сосын ең төменгі лауазымға 
қойылатын  талаптар  ішінде  еңбек  өтіліне 
талаптар жұмсартылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық: «Нұр-пресс». - Алматы, 2005.
2.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2009  жылғы  24  тамыздағы  №  858  Жарлығымен 
бекітілген  «Қазақстан  Республикасының  2010  жылдан  2020  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған 

29
Конституционное и административное право
Құқықтық саясат тұжырымдамасы».
3.  "Қазақстан-2050"  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  -  елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  халқына  Жолдауы,  Астана  қ.,  2012 
жылғы 14 желтоқсан.
4. Қожабергенов Ж.Ш. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы, 2012, 63 б.
5. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. - Алматы, 2011, 51 б.
Мақалада автор Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде нарықтық экономика 
функцияларын жүзеге асыру әдістерін қарастырған. 
Түйін сөздер: нарық, экономика, мемлекет, құқықтық мемлекет, мемлекеттік органдар.
В  статье  автор  рассматривает  методы  осуществления  функций  рыночной  экономики  в 
Республике Казахстан как правовом государстве.
Ключевые  слова:  рынок,  экономика,  государство,  правовые  государство,  государственный 
орган. 
In the article author consider methods of realization functions of market economic in the Republic of 
Kazakhstan as legal state. 
Keywords: market, economic, state, legal state, state authority.
Айтқұл Сағатұлы Қосжанов
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің профессоры, з.ғ.к.
Қазақстан  Республикасының  құқықтық  мемлекет  ретінде  нарықтық  экономика 
функцияларын жүзеге асыру әдістері
Косжанов Айткул Сагатович,
профессор Карагандинского экономического университета Казпотребсоюза к.ю.н.
Методы  осуществления  функций  рыночной  экономики  в  Республике  Казахстан  как 
правовом государстве
Koszhanov Aitkul Sagatovich,
professor of Karaganda Economic University, PhD
Realization functions of market economic in the Republic of Kazakhstan as legal state
● ● ● ● ●

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
30
Нургалиева Енлик Нургалиевна, 
профессор кафедры гражданско-правовых дисциплин 
Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
доктор юридических наук
ПРОБЛЕМЫ ПРАВОВОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДА РАБОТНИКОВ 
СУБЪЕКТОВ МАЛОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА
«Развитие  малого  и  среднего  бизнеса 
–  главный  инструмент  индустриальной  и 
социальной  модернизации  Казахстана  в  XXI 
веке. Чем больше доля малого и среднего бизнеса 
в  нашей  экономике  –  тем  более  устойчивей 
будет  развитие  Казахстана.  У  нас  действует 
более    800  тысяч  субъектов  малого  и  среднего 
бизнеса,  в  них  работает  2,4  млн.  казахстанцев. 
Объем  продукции  этого  сектора  вырос  за 
четыре  года  в  1,6  раза  и  составляет  более  8,3 
млрд. тенге», - отметил Президент Республики 
Казахстан  Н.Назарбаев  в  своем  Послании 
народу Казахстана 17 января 2014 года [1]. 
Согласно п.п. 5, 6, 7, 8, 9 ст. 6 Закона РК «О 
частном  предпринимательстве»  от  31  ян-варя 
2006  года  №  124,  субъектами  малого  пред-
принимательства  являются  индивидуальные 
предприниматели  без  образования  юридичес-
кого лица и юридические лица, осуществляющие 
частное предпринимательство, со среднегодовой 
численностью работников не более пятидесяти 
человек  и  среднегодовым  доходом  не  свыше 
шестидесятитысячекратного  месячного  расчет-
ного  показателя,  установленного  законом  о 
республиканском бюджете и действующего на 1 
января соответствующего финансового года. 
Для  целей  государственной  поддержки 
и  применения  иных  норм  законодательства 
Республики  Казахстан  субъектами  малого 
предпринимательства  не  могут  быть  признаны 
индивидуальные  предприниматели  и  юриди-
ческие лица, осуществляющие: 
-  деятельность,  связанную  с  оборотом 
наркотических  средств,  психотропных  веществ 
и прекурсоров; 
- производство и (или) оптовую реализацию 
подакцизной продукции
-  деятельность  по  хранению  зерна  на 
хлебоприемных пунктах; 
- проведение лотереи; 
- деятельность в сфере игорного бизнеса
-  деятельность  по  добыче,  переработке 
и  реализации  нефти,  нефтепродуктов,  газа, 
электрической и тепловой энергии; 
-  деятельность,  связанную  с  оборотом 
радиоактивных материалов; 
-  банковскую  деятельность  (либо  отдельные 
виды  банковских  операций)  и  деятельность 
на  страховом  рынке  (кроме  деятельности 
страхового агента);
- аудиторскую деятельность;
-  профессиональную  деятельность  на  рынке 
ценных бумаг; 
- деятельность кредитных бюро; 
- охранную деятельность; 
-  деятельность,  связанную  с  оборотом 
гражданского и служебного оружия и патронов 
к нему. 
Индивидуальные предприниматели и юриди-
ческие  лица,  осуществляющие  деятельность, 
указанную  в  пункте  6  ст.  6  настоящего 
Закона,  относятся  к  субъектам  среднего 
предпринимательства,  а  в  случае  соответствия 
критериям, установленным пунктом 9 статьи, 6 - 
к субъектам крупного предпринимательства.
Субъекты  малого  предпринимательства 
могут  заключать  трудовые  договоры  с 
работниками  на  определенный  срок  не  менее 
одного  года  без  ограничения,  кроме  работ, 
выполняемых на определенное время; на время 
замещения отсутствующего работника; на время 
выполнения сезонной работы.
Субъекты  малого  предпринимательства  от 
своего  имени  заключают  трудовые  договоры  и 
оформляют прием на работу, сами осуществляют 
дисциплинарные  полномочия  и  увольняют 
работников.
Заключение  трудового  договора  имеет  свои 
особенности, хотя требования к форме трудового 
договора и общие правила приема на работу такие 

31
Гражданское и гражданско-процессуальное право
же,  как  и  у  юридических  лиц.  Так,  в  трудовом 
договоре  достаточно  перечислить  виды  работ, 
которые  будут  поручаться  работнику,  причем 
эти работы могут составлять содержание разных 
профессий и должностей. Правила внутреннего 
трудового  распорядка  могут  отсутствовать 
и  тогда  обязательным  условием  трудового 
договора становится условие о режиме труда и 
отдыха.
Правила  внутреннего  трудового  распо-
рядка 
утверждаются 
субъектом 
малого 
предпринимательства  самостоятельно.  Это 
значит,  что  в  разработке  и  утверждении  этих 
правил  наемные  работники  не  участвуют, 
хотя  согласно  ст.69  ТК  РК  правила  трудового 
распорядка  утверждаются  работодателем  по 
согласованию  с  представителями  работников. 
Однако  это  не  значит,  что  правила  трудового 
распорядка могут ущемлять права работников по 
сравнению  с  правилами  трудового  распорядка, 
заключаемыми  в  организациях.  То  обстоятель-
ство,  что  работникам,  занятым  на  работах 
у  субъектов  малого  предпринимательства, 
посвящена в ТК РК целая глава 26, говорит о том, 
что государство усиливает гарантии обеспечения 
трудовых прав данной категории работников.
Правило,  содержащееся  в  статье  244  ТК 
РК,  предоставляет  право  работодателю  – 
субъекту  малого  предпринимательства  самому 
определять  режим  работы,  а  также  порядок 
использования  выходных  и  праздничных  дней, 
суммированного  учета  рабочего  времени  или 
разделения рабочего дня на части с соблюдением 
общей  продолжительности  рабочего  времени, 
установленного законодательными актами.
Условия  оплаты  труда  устанавливаются  и 
изменяются  работодателем  без  согласования 
с  работниками  (либо  его  представителями) 
и  оговариваются  при  заключении  трудового 
договора.  Если  условия  оплаты  не  утверждены 
либо меняются по каким-либо причинам, то они 
должны быть доведены до работников не позднее 
чем за месяц до их утверждения. Общее правило 
о  невозможности  изменения  работодателем 
условия трудового договора в части оплаты труда 
в одностороннем порядке распространяется и на 
субъектов малого предпринимательства.
Различные соглашения в рамках социального 
партнерства  распространяются  на  трудовые 
отношения  с  участием  субъектов  малого 
предпринимательства  при  условии,  если 
работодатели  и  работники  объединились  в 
соответствующие  организации  для  ведения 
переговоров и подписания таких соглашений.
В случаях, когда выполнены требования статьи 
246  ТК  РК,  утверждение  правил  внутреннего 
трудового  распорядка,  режим  работы,  условия 
оплаты  труда  должны  происходить  с  участием 
полномочных представителей работников.
Поскольку  субъекты  малого  предприни-
мательства не могут самостоятельно содержать 
квалифицированных  лиц,  обеспечивающих 
безопасность  и  охрану  труда,  закон  разрешает 
им  на  договорной  основе  с  физическими  и 
юридическими  лицами  привлекать  сторонних 
лиц для исполнения этих функций (аутсорсинг).
Нынешнее  казахстанское  трудовое  зако-
нодательство,  к  сожалению,  не  смогло 
преодолеть  углубляющегося  противоречия 
между  необходимостью  гибкого  регулирования 
трудовых  отношений,  стимулирования  работо-
дателей  (как  крупных,  средних  и  мелких)  к 
развитию  предпринимательства  и  стремлением 
максимально  сохранить  имеющиеся  рабочие 
места. Сохранение в Трудовом кодексе Республики 
Казахстан  (далее  -  ТК  РК)  норм  трудового 
законодательства,  рассчитанных  на  крупные 
предприятия  страны,  может  рассматриваться 
как  сдерживающий  фактор  для  дальнейшего 
развития  рынка  труда,  появления  новых 
рабочих мест, создания эффективной занятости. 
«Постсоциалистический» 
характер 
этого 
кодекса  не  может  не  затруднять  использование 
механизмов правового регулирования трудовых 
отношений применительно рыночных условий. 
Привлекательность  инвестиционного  кли-
мата  Казахстана  также  зависит  от  состояния 
казахстанского  трудового  законодательства, 
поскольку  работодатель  должен  оперативно 
реагировать 
на 
требования 
рыночной 
конъюнктуры,  в  короткие  сроки  перестроить 
производство и бизнес процессы, не затрагивая 
при этом значительные средства на поддержание 
неэффективных  рабочих  мест.  А  ведь  капитал 
вкладывается главным образом, туда, где больше 
гибкости, привлекательности и рентабельности. 
Следовательно, конкуренция за рабочие места – 
это главный фактор конкуренции за инвестиции.
В  настоящее  время  большинство  процессов 
изменения  трудового  договора  требуют  до-
полнительных  обоснований,  значительного 
времени  и  дополнительных  затрат,  затрудняя 
внедрение  работодателем  гибких  форм  заня-
тости; любые изменения режима труда и других 
условий  трудового  договора  по  инициативе 
работодателя  ограничены  изменениями  в 
организации производства.
В  книге  Европейской  комиссии  «Модерни-

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет