Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата10.01.2017
өлшемі5,56 Mb.
#1566
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

62
Максим Николаевич Баранов, 
ҚР  Заң  шығару  институты  қылмыстық,  қылмыстық  іс  жүргізу,  қылмыстық-атқару  заңнамасы 
және сот сараптамасы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, з.ғ.к.
Бала бақытсыздығының себебі
Баранов Максим Николаевич,
ведущий  научный  сотрудник  отдела  уголовного,  уголовно-процессуального,  уголовно-
исполнительного законодательства и судебной экспертизы Института законодательства РК, к.ю.н.
Причины детского несчастья
Baranov Maxim Nikolayevich,
leading researcher of the criminal, criminal procedure, criminal law enforcement and forensic Institute 
of Legislation of the Republic of Kazakhstan, Ph.D
Reasons of children's misfortune

63
Уголовное право и уголовный процесс
Нұрмағанбет Ермек Талантұлы,
әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті заң факультеті 
деканының ғылыми-инновациялық қызмет 
және халықаралық байланыс жөніндегі 
орынбасары, доцент м.а., 
заң ғылымдарының кандидаты, PhD докторы
Жәнібеков Ақынқожа Каленұлы,
әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университі заң факультетінің 
қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу 
және криминалистика кафедрасының 
аға оқытушысы
ҚОРҒАУШЫ-АДВОКАТТЫҢ  ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАУ 
ҚҰҚЫҒЫН ИЕЛЕНУ МӘСЕЛЕСІ
Дәлелдемелерді  жинау  бойынша  қорғаушы-
адвокат  қызметінің  дербестігін  жүзеге  асыру 
құқығын  беру  қажеттілігі  туралы  мәселе 
70-ші  жылдары  да  талқыға  салынған.  М.С. 
Благоволинамен  және  Әдебиет  газеттерінің 
беттерінде  1969  жылы  жазылған  көптеген 
сот  очерктердің  авторларымен  қорғаушының 
алдын-ала  тергеу  жүргізгенде  мүмкіндіктері 
анағұрлым  тарылып  кететіндігі  көрсетілген. 
Онда, қорғаушы-адвокат істің тындалуына дейін 
куәгерлермен  кездесіп,  олармен  әңгімелесуге 
және іске қатысты мән-жайларды білуге құқығы 
жоқ екендігі көрсетілген. Әңгімелесу фактісінің 
өзі-ақ  адвокатқа  қатысты  тәртіптік  өндіріске 
қарсы іс қозғау үшін негіз болғандығын білдіреді. 
Көрсетілген  авторлардың  пікірі  бойынша, 
осының  өзі  қорғау  мүмкіндіктерін  елеулі 
түрде  шектеткен.  Осылар  арқылы  қорғаушы-
адвокаттарға тергеу жүргізу мүмкіндігі берілген 
[1, 44].
Қорғаушыға  дәлелдемелерді  жинау  дербес-
тігін  жүзеге  асыру  құқығын  беру  туралы 
ұсыныс,  ғалымдар  арасында  пікірталас 
туғызып,  жақтаушылар  мен  қарсыластардың 
пайда  болуына  әкеп  соқтырды.  Бұл  мәселе 
үш  он  жалдықта  талқылануда  болды,  ал 
қазір  қылмыстық  іс  жүргізу  реформасының 
жағдайына  байланысты  ерекше  маңызға  ие 
болды. 
Осы  мәселенің  теориялық  талдау  негізінде, 
сондай-ақ  тәжірибені  талдауда  дәлелдемелерді 
жинау  бойынша  қорғаушы-адвокат  қызметінің 
дербестігін  жүзеге  асыру  құқығын  беру 
қажеттілігін дәлелдеуге тырысып көреміз. 
Жалпы сот өндірісі екі жақтың бәсекелестігі 
мен  құқық  теңділігі  негізінде  жүзеге  асады. 
Қылмыстық  іс  жүргізу  теориясында  «қылмыс-
тық  сот  өндірісі»  және  «қылмыстық  іс 
жүргізу»  деген  түсініктер  тепе-тең  ұстанымы 
ретінде  бекітілді.  Бірақ,  өзге  ұстаным  ретінде 
«қылмыстық өндіріс» түсінігі қазір беріле береді. 
Мәселен,  В.З.  Лукашевичтің  пікірі  бойынша, 
заң  шығарушы  конституцияның  белгіленген 
бабында  алдын-ала  сот  өндірісінің  сатысы 
туралы  емес,  соттың  істі  қарау  сатысы  туралы 
әңгіме  қозғайды  [2,  41-б].  Осы  көзқарастың 
толық болмаушылығын көрсету үшін ең алдымен 
алдын-ала жедел тергеу жүргізу барысында сот 
отырысындағы шындыққа жетудің жүзеге асуын 
дәлелдеп көрейік. 
А.О.  Машовец,  қылмыстық  іс  жүргізуге 
байланысты  алдын-ала  тергеу  бүтіндей  өзіне 
тән  ерекше  қасиетімен  біршама  дербес  және 
жеке  жүйе  бөлігі  ретінде  алға  шығып  тұрады, 
деп  жазады.  Ол  жүйенің  тұтас  тәртібіне  сай 
негізгі  тәртіппен  құрылуы  қажет.  Алдын-ала 
тергеудің  түпкілікті  кемшілігі  -  оның  негізгі 
бастауларының соттың істі қарау қағидаларымен 
сәйкес келмеуінде [3, 7-б].
Алдында  айтылғандай,  алдын-ала  тергеудің 
негізгі  міндеті  –  сотқа  мәлімет  жинау.  Заңи 
әдебиеттерінде  алдын  ала-тергеу  жүргізу 
барысында істің барлық маңызды мән-жайларды 
анықтап,  бүкіл  қажетті  дәлелдемелердің 
дереккөздерін  табу  керек,  деп  ескертіледі  [4, 
56-б].  Яғни,  мәліметтердің  толық  болуына 

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
64
байланысты  сотта  зерттелетін  барлық  мән-
жайлар  ең  алдымен  алдын-ала  тергеу  арқылы 
анықталуы қажет. 
Олардың  айырмашылығы  -  тек  олардың 
шешілу  күшінен  ғана  тұрады.  Заң  шығарушы 
тергеушіге  айыптау  және  ақтау  дәлелдемелерін 
жинау міндетін жүктеді. Сөйтіп, тергеуші ылғи 
да тіпті қарсы міндеттерді орындауға тиісті. Карл 
Маркс та былай деп жазған екен: тергеуші мен 
судьяның және айыпталушы мен қорғаушының 
бір тұлғада болуы барлық психология заңдарына 
қарама-қайшылық келтіреді [5, 26-б].
Тергеушінің  айыптау  жағына  қызығушылық 
танытуы  да  әбден  ықтимал.  Қылмыстық  істі 
қозғап,  ол  арқылы  айыптауды  құрастырып, 
айыпталушыға  қатысты  бұлтартпау  шарасын 
қолдана  отырып,  тергеуші  өзінің  осындай 
шешімдерімен  еркін  емес  байланыста  болып 
қалады.  Істің  мән-жайларын  онан  арғы 
объективті зерттеу үшін оған кедергі келтіреді. 
Тергеуші дәлелдемелер жинағанда объективті 
бола алмайды және өз жұмыс сапасының бағалар 
жүйесінің  күшіне  сәйкес,  қылмыстық  істің 
қысқартылуы,  жұмыста  сөзсіз  жарамсыз  етіп 
бағаланады  және  тергеушіні  кінәға  тартады  [6, 
97-б]. Сотпен қосымша тергеу үшін жіберілген 
бұрыс тергелген істерді қайтарудан сақтандыру 
мақсатында  тергеушілер  тәжірибе  жүзінде 
«артық айыптауды» жиі ұсынады.
Соттармен  айыптаудың  кейбір  тармақтары 
мен  эпизодтарының  жойылуы,  қылмыстық  іс-
әрекеттің  саралауын  аса  ауыр  емес  қылмысты 
көздейтін  қылмыстық  кодекстің  бабына  сәйкес 
өзгертілуі тәжірибеде жиі кездеседі. 
Тергеушімен  айыптау  және  ақтау  дәлел-
демелерін  бірдей  алалықсыздықпен  жинауға 
мүмкіндігінің болмау негізгі себептерінің бірі - 
тергеуші  қызметінің  ерекшелігінде  негізделеді. 
Тергеуші  әрдайым  қылмыстық  элементпен 
(қылмыскермен) қатынаста болады. Л.М. Васи-
льев  өтірікті,  зұлымдықты,  екіжүзділікті  жиі 
жеңу,  тергеушілерге  тиісті  стереотиптердің 
қалыптасуына әкелетіндігін ескереді [7, 11-б]. 
Көбінесе  тергеушілер  айыптаушыларды 
қылмыскер ретінде танып, олардың өз пайдасына 
айтылған  дәлелдемелеріне  біржақтылықпен 
қарайды.  Қырағылық  -  сезіктілікке  (барлығына 
және  әр  қайсысына  сезіктенеді)  айналып,  ал 
сыншылдық  -  келіп  түскен  хабардың  бағасы 
бойынша  ешкімге  толық  сенімнің  болмауына 
айналады.  Әдебиетте  тергеушілердің  біржақ-
тылығына  мысалдар  келтіріледі.  Бірақ  кейбір 
тергеушілер, егер айыпталушы алаңдай беретін 
болса,  демек  ол  өз  жағдайының  қиындығын 
ұғына  отырып,  ар-ұжданы  таза  еместігін 
көрсетеді,  деп  есептейді.  Егер  де  ол  өзін  емін-
еркін және тежеусіз ұстаса – бұл қылмыскердің 
әдепсіздігі ретінде есептеледі. Егер айыпталушы 
кез  келген  мән-жайды  ұмытып  қалса,  онда 
бұл,  олардың  көзқарасы  бойынша,  оның  өтірік 
айтуын білдіреді. Егер де ол барлық сұрақтарға 
қуана-қуана жауап беретін болса, онда ол алдын-
ала  құрылған  жоспар  бойынша  әрекет  жасап, 
өтірік түсіндірме беріп отырғандығын білдіреді 
[8, 40-б].
Ғалымдар  тергеу  органдарында  жұмыстың 
ұзақтылығы  мен  кәсіби  өзгерістің  деңгейі 
арасында  тікелей  тәуелділіктің  болу  туралы 
гипотезасын ұсынды. Сонымен, осы гипотезаға 
сәйкес,  бағаланып  жатқан  қызметтің  өзгерісі 
5-10  жылдық  жұмыс  уақыт  бөлігінде  дамып 
келеді.  Кәсіби  өзгерістің  бастапқы  деңгейі 
тергеушінің бесінші жұмыс жылынан басталып, 
тергеушінің 
бірен-сарандаған 
өзгерісін 
жорамалдайды. Кәсіби өзгерістің орташа деңгейі 
тергеу  жұмысында  10  жылдан  кейін  басталады 
[9, 38-б].
Сөйтіп,  объектілі  себептердің  күшіне 
байланысты  тергеуші  ҚР  ҚІЖК  20  бабында 
көзделген міндетін орындай алмайды. Алдын ала 
тергеудің айыптау жалтаруы жиналған мәліметтің 
толық еместігі мен сыңар жақтылығына әкеледі. 
Шындықтың  сыртқы  көрінісі  бар  бұл  мәлімет 
сотқа  келіп  түседі.  Көбінесе  айыпталушының 
пайдасына айтылғандар тергелмей қалады. 
Тергеушінің алдында сыңар жақты зерттелген 
істің құжаттары бар болса, ол алғашқы бағалау 
мен дәлелдемелерді жинауда қатыспаса, оларды 
алу  жолынан  еш  хабары  жоқ  болса,  онда 
тәртіптің дұрыс орындалуына аса назар аударуға 
міндетті  сот,  алдын-ала  тергеу  тексерісін 
жүргізетіндігі  туралы  әдебиетте  ескеріледі. 
Осыған  байланысты  айыптау  жалтаруы  тергеу 
кезеңінен  бастап  еріксіз  соттың  істі  қарауына 
беріледі. Атқаруға тиісті ашық сот емес, құпия 
алдын-ала тергеу – азаматтың кінәсін көрсететін 
дәлелдемелері жиналып, зерттеліп, бағаланатын 
негізгі  сатысына  айналады,  ал  егер  соңғы 
шешімге келмесе, онда маңызды дәрежеде оның 
кінәлілігі  туралы  мәселе  алдын-ала  шешіледі 
[10, 147-б].
Сотта  шынайы  жарысты  қамтамасыз  ету 
үшін  сотқа  жақтар  «қарулы»  болып  келулері 
тиіс,  әрқайсысы  қайта  сот  өндірісінің 
кезеңдерінде  жиналған  толық  дәлелдемелер 
тізімімен  келулері  қажет  (прокурор-айыптау, 
қорғаушы-ақтау).  Сондай-ақ,  ҚР  ҚІЖК  сәйкес 
айыпталушыға  қатысты  дәлелдемелерді  жинау 

65
Уголовное право и уголовный процесс
бойынша  прокурордың  маңызды  құралдары 
өте  көп,  басқа  жақтың  –  қорғаушының 
дәлелдемелерді  жинау  бойынша  мүмкіндіктері 
шектеулі.  Бұл,  сотқа  келгенде  екі  жақтың  тең 
болмаушылығына  әкеледі.  Осыған  байланысты 
ешқандай  жарыс  туралы  сөз  қозғалмайды. 
Сот  отырысында  қорғаушының  рөлі  көбінесе 
тергеуші  жұмысының  кемшілігін  анықтауға 
саяды.  Соттың  қорғаушыға  деген  сенімі  пайда 
болу  үшін,  қорғаушыда  ақтау  дәлелдемелердің 
жеткілікті жиынтығы болуы керек.
Бұл  жағдай  тәжірибені  зерттеу  барысында 
да өз дәлелін тапты. Олай болса, басқа жақпен 
–  айыпталушымен  сотта  нағыз  жарысу  үшін, 
алдын-ала тергеуде қорғаушылардың құқықтары 
жеткілікті  ме  деген  сұраққа,  сұралған  Алматы 
қалалық 
адвокаттар 
алқасының 
79,7% 
адвокаттары және Алматы облыстық адвокаттар 
алқасының  80,4%  адвокаттары  -  олардың 
құқықтары  жеткіліксіз  деп  жауап  берді,  тек 
сұралған  7,10%  алматылық  адвокаттары  және 
44%  облыстық  адвокаттар  -  қорғаушылардың 
құқықтары  жеткілікті  деп  есептейді.  Соған 
қарамастан  сұралған  6,2%  қалалық  адвокаттар 
мен  4,40%  облыстық  адвокаттар  -  тек  ресми 
түрде ғана құқықтары жеткілікті бола алады деп 
есептейді.
Сұралған  адвокаттардың  басым  көпшілігі 
қылмыстық  іс  жүргізу  кезінде  қорғаушыға 
дәлелдеме  ақпаратты  алу  үшін  қосымша  іс 
жүргізу  мүмкіндіктерін  беруді  жөн  көреді. 
Олардың  ішінен  89,9%  облыстық  адвокаттар 
мен  94%  қалалық  адвокаттар  -  қорғаушыға 
дәлелдемелерді  жинау  үшін  дербес  құқығын 
беру  керек  деп  есептейді.  Сонымен,  соттың 
істі  қараудың  жарысына,  алдын-ала  тергеуде 
қорғаушының  дәлелдемелер  жинау  үшін  тек 
жеткілікті  құралдарын  беру  жолымен  ғана  қол 
жеткізуге болады.
Қорғаушыға 
дәлелдемелерді 
жинауға 
дербес құқығын беру туралы ұсыныс ғалымдар 
арасында кең қолдауын туғызды [11]. Сондықтан 
осы мәселе бойынша тергеушілердің де пікірін 
анықтау  қажет  болды.  Тиісінше  Алматы 
облысының  ІІБ-ң  61  тергеушілер  саралап 
сұралды.  Олардың  ішінен  75%-ы  қорғаушыға 
дәлелдемелерді  жинауға  дербес  құқығын  беру 
қажет деп есептейді, ал сұралған тергеушілердің 
25%-ы бұған жол бермеу керек деп есептейді. 
Сонымен, сұралған тергеушілердің көбісі бұл 
шараның қажетті екеніне сенеді.
Қорғаушыға  мұндай  құқықты  беруге  қарсы 
шыққан іс жүргізуші-ғалымдар мен тәжірибелік 
қызметкерлер  басқа  да  дәлелдерді  келтіреді. 
Онда тергеушінің айыптау міндетінің күшеюіне 
әкеледі  деген  пікір  бар.  Яғни,  тергеуші  – 
әдеттегідей айыптау дәлелдемелерді, ал адвокат 
–  ақтау  дәлелдемелерді  жинайтын  болады. 
Сонымен  қатар  тергеуші  үшін  жауап  беретін 
тиісті  аппарат,  маңызды  қызмет  қатары  тұр, 
ол  адвокатқа  қарағанда,  қажетті  материалдық 
құралдармен жабдықталған және дәлелдемелерді 
жинауға анағұрлым мүмкіндіктері бар. Сыртқы 
көзге  бұл  жарысу  сияқты  көрінеді,  ал  мәні 
жағынан  бұл  күдіксіз  айыптау  жалтаруына 
әкеледі.  Сонымен  қатар,  қорғау,  материалдық 
тұрғыдан қарағанда, көпшілікке қол жетерліктей 
емес,  өйткені  тергеу  әрекеттердің  өндірісіне 
байланысты  адвокаттың  шығыны  қорғалушыға 
ауыр таға секілді жүктеледі [12, 19-б].
Келесі  дәлел  ретінде  осы  жағдай  бойынша 
мемлекеттік органдармен қорғаушы адвокаттың 
бәсекеге  түсуге  мүмкіндігі  жоқ,  өйткені 
қорғаушы-адвокатта  өктем  өкілеттілігі  жоқ 
және мәжбүрлеумен және т.б. байланысты оның 
қандай  болмасын  іс-әрекеттерді  орындауға 
құқығы жоқ [13, 47-б].
Қорғаушыға  дәлелдемелерді  жинауға  дербес 
құқығын беруге қарсы тағы бір маңызды дәлел 
бар  –  кейбір  ғалымдардың  және  тәжірибелік 
қызметкерлердің 
(адвокаттардың) 
пікірі 
бойынша,  ол  адвокат-қорғаушының  қызметінің 
нәтижелеріне  объективті  және  анық  кепіл  беру 
мүмкін  емес.    Келтірілген  дәлелдерді  толық 
қарастырайық.
Қорғаушыға  дәлелдемелерді  жинауға  дер-
бес  құқықты  беру  әбден  айыптау  жалтаруға 
әкелмеу үшін, ол қажетті жағдайда тергеушінің, 
алдын-ала  анықтау  органының,  соттың  билігін 
пайдалануға  нақты  мүмкіндігі  болу  керек. 
Қылмыстық  іс  бойынша  өндірісті  жүзеге 
асыратын  органдар  қорғаушы-адвокатқа  дәлел-
демелерді  жинауға  жәрдем  көрсету  керек.  Ол 
үшін,  алдында  көрсетілгендей,  қорғаушымен 
өтінген  қолдаухаттың  нақты  құрылымын  жасау 
қажет.
Тергеуші мен адвокат-қорғаушыда ақпаратты 
алу құқықтары бірдей емес туралы пікірге негіз 
бар.  Алдында  көрсетілгендей,  дәлелдемелерді 
жинамай  тұрып,  көбінесе  жедел-іздестіру 
жүргізіледі, өйткені ақпарат әрдайым оңай жерден 
табыла бермейді. Заңға сәйкес тергеуші тергеліп 
жатқан  істер  бойынша  іздестіру  шараларының 
өндірісі  туралы  (уақиға  көргендерді  анықтау 
туралы, тұлғаларды және әлемнің материалдық 
заттарын  іздеу  туралы,  тұлғалар  арасында 
өзара  қатынасты  анықтау  туралы  және  т.б.) 
тапсырыстарды алдын-ала анықтау органдарына 

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
66
береді.  Қорғаушылар  әдетте  жедел-іздестіру 
жұмысында  жедел-іздестіру  қызметіне  байла-
нысты  тиісті  өкілеттілік  тәжірибелері  жоқ 
болады.  Сонымен,  қорғаушылардың  өздері 
оларды қызықтаратын мән-жайларды кез-келген 
уақытта нақты анықтай алмайды. 
Бұл  жағдайдан  шығу  үшін  бір  амал 
ұсынылады.  Қылмыстық  істер  бойынша 
қорғаушыларға  дәлелдемелерді  жинауға  жеке 
детективтердің  маңызды  жәрдем  көрсетуге 
мүмкіндіктері  бар  (адвокат-қорғаушы  мен  жеке 
детективтердің  өзара  әрекетінің  қажеттілігі 
туралы  мәселе  ерекше  өзектілікке  ие).  Бірақ 
мұндай өзара әрекеттің экономикалық, құқықтық 
және өзге де мәселелер қатары бар. 
Қорғаушыға 
дәлелдемелерді 
жинауға 
дербес  құқығын  беруге  қарсы  шыққандардың 
келесі  дәлелі  -  қорғаушылар  қызметіндегі 
қорытындыларының 
дұрыстығы 
мен 
объективтілігін  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес 
деген пікірді ұсынады [14, 19].
Ең  алдымен,  бұл  адвокат-қорғаушыға 
сенімсіздіктің және қорғаушылар құқықтарының 
ұлғаюы,  қиянат  етушіліктің  көбеюіне  әкелетін 
қауіптің пайда болуымен байланысты.
Осы  мәселелер  бойынша  адвокаттардың 
пікірлеріне  талдау  жасалды.  Сұралған  Алматы 
облыстық  адвокаттар  алқасының  12,5% 
адвокаттары  және  Алматы  қалалық  адвокаттар 
алқасының  6,2%  адвокаттары  қорғаушылардың 
дәлелдемелерді  жинауға  дербес  құқықтарының 
ұлғаюы  қорғаушылар  тарапынан  қиянат 
етушілік  оқиғалар  санының  көбеюіне  әкеледі 
деп  есептейді.  Сонымен  қатар  сұралған 
облыстық адвокаттарының 21,1% және қалалық 
адвокаттарының  5,2%  осы  жағдаймен  байла-
нысты  қиянат  етушіліктердің  болуы  мәлім  деп 
есептейді. Сұралған облыстық адвокаттарының 
37,3%  мен  мәскеу  адвокаттарының  51,7% 
қорғаушылардың 
дәлелдемелерді 
жинауға 
дербес  құқықтарының  ұлғаюы  қорғаушылар 
тарапынан  қиянат  етушілік  оқиғалар  санының 
көбеюіне әкелмейді деп есептейді. Өз кезегінде 
облыстық  адвокаттарының  30,3%  мен  қалалық 
адвокаттарының 
33,5% 
қорғаушылардың 
дәлелдемелерді  жинауға  дербес  құқықтарының 
ұлғаюы қорғаушылар тарапынан қиянат етушілік 
оқиғалар  санының  көбеюіне  әкелуі  мүмкін 
деп  есептейді.  Қалған  адвокаттарға  қойылаған 
сұраққа жауап беру қиынға түсірді. 
Сонымен,  сұралған  адвокаттардың  көбісі 
қорғаушылар  тарапынан  қандай  болмасын 
киянат етушіліктер болмау керек деп есептейді. 
Оның  барлығы  нақты  тұлғаның  әдептілігіне 
байланысты.
Бірнеше 
он 
жылдықта 
қалыптасқан 
адвокаттардың әдепсіздік презумпциясына сену 
қазір дұрыс емес деп саналады. Мұндай қиянат 
етушіліктер тергеушілерде, прокурорларда және 
судьяларда да орын алады.
ҚР  Қылмыстық  Кодексінің  348  ба-
бында  дәлелдемелерді  бұрмалаған  үшін 
жауапкершілікке  тарту  туралы  көрсетілген. 
Қорғаушы  осы  қылмыстың  субъектілерінің 
шеңберіне қосылады. Бұл бап адвокат-қорғаушы 
тарапынан  келтірілген  қиянатқа  қарсы  кепіл 
ретінде жүреді. Бұдан басқа, адвокат-қорғаушы 
тарапынан  қиянат  етушілік  анықталса,  оларға 
адвокаттар  алқасынан  шығып  кетуіне  дейін 
тәртіптік сипаты бар шара қолданылады [15].
Екіншіден,  А.Д.  Бойковтың  пікірі  бойынша, 
егер  тергеушінің  қызметі  көп  жағдайда 
қорытындысының  объективті  болуына  кепіл 
беретін  белгілі  бір  іс  жүргізу  нысаны  арқылы 
жүргізілсе,  онда  адвокаттық  қатар  жедел-
іздестіру  ешбір  іс  жүргізу  кепілдерін  біле 
бермейді [16, 6].
Заттар  мен  құжаттарды  алуға  бағытталған 
қорғаушының  қызметі  іс  жүргізу  нысанында 
жүргізілу  керек  деп  есептеледі,  өйткені  оның 
қызметі  жұмыс  барысының  шеңберінде  жүзеге 
асады  және  жұмыс  барысының  көзделген 
мақсаттарына 
бағынады. 
Қорғаушының 
жүргізуге міндетті шаралар тізімі дәлелдемелерді 
жинауға арналған бапта енгізілу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Благоволина М.С. Почта редактора / Литературная газета. - 1969 г. - № 44; Винберг А. Первая 
командировка // Литературная газета. - № 41. - 1969 г.
2.  Лукашевич  В.З.  Конституция  РФ  1993  года  и  дальнейшее  совершенствование  уголовно- 
процессуального  законодательства//  Уголовно-правовые  проблемы  борьбы  с  преступностью.  - 
Калининград, 1995 г. – с. 41.
3.  Машовец  А.О.  Принцип  состязательности  и  его  реализация  в  предварительном  следствии: 
Автореф дис... к.ю.н. - Екатеринбург, 1994 г. - с 7.

67
Уголовное право и уголовный процесс
4.  Стремовский  В.А.  Предварительное  расследование  в  советском  уголовном  процессе.  -  М.: 
Госюриздат, 1958г.– с. 11.; Воробьев Г.А. Соотношение предварительного и судебного следствия: 
Автореф.  дис...  к.ю.н.  –  М.,  1967  г.;  Колбая  Г.Н.  Соотношение  предварительного  следствия  и 
судебного разбирательства. – М.: Юрид. лит., 1975 г. - с. 56.
5. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинения (В 30 - т.). Изд. 2 - е. Т. 1. - М.: Госполитиздат, 1958 г. – с. 26.
6. Резник Г.М. Внутреннее убеждение при оценке доказательств. - М.: Юрид. лит., 1977 г. - с. 97.
7.  Васильев  Л.М.  Организация  следственной  работы  //  Вопросы  подготовки  следователей  и 
преодоление их профессиональной деформации. - Краснодар, 1983 г. – с. 11.
8.  Стремовский  В.А.  Предварительное  расследование  в  советском  уголовном  процессе.  М.: 
Госюриздат, 1958. – с. 40.
9. Васильев Л.М. Указ. соч. – с. 38.
10. Лившиц В.Л. Обвинительный уклон (Истоки и пути преодоления)// Закон и ведомственные 
нормативные акты в СССР. - Труды.-46 - М, 1989 г. – с. 143.
11. Либус И.А. Защита в уголовном процессе / Перестройка и адвокатура. Научные и практические 
проблемы уголовного судопроизводства. - Ижевск, 1989 г. – с. 119.; Либус И. А. Об эффективности 
деятельности защитника в стадии предварительного следствия. Ташкент, 1971г. – с. 46.; Хорхина 
Т.В. Проблемы деятельности адвокатуры (Обзор откликов на материалы круглого стола) // Советское 
государство и право. – 1986. - №9; Машовец А.О. Указ. соч. – с. 7, Капустин А.А. Реформа советского 
предварительного расследования - сущность, предпосылки, основные направления: Автореф. дис.. 
к.ю.н. - Санкт-Петербург, 1992.- с. 16.; Ведерников А.Н. Актуальные вопросы участия защитника на 
стадии предварительного расследования (в свете осуществления судебной реформы). - Дис... к.ю.н. 
- М., 1990 г. – с. 148.
12. Анашкин Г.3. Адвокат. Права и проблемы // Литературная газета. - 1969. - № 41; Бойков А. 
Карнеева Л. Об участии защитника на предварительном следствии // Советская юстиция. - 1970 г. – 
с. 19.
13.  Царев  В.М.  Эффективность  участия  защитника  в  доказывании  на  предварительном 
расследовании следствии - Красноярск: Изд. Красноярск, ун-та, 1990 г. – с. 47.
14. А.Бойков, Л. Карнеева. Об участии защитника на предварительном следствии.// Советская 
юстиция. -1970 г. - № 19.
15. ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 жыл 16 шілде №167..
16. Бойков АД. Что же мешает защите? // Литературная газета. - 1970г. - № 6.
Мақала қорғаушы-адвокаттың қылмыстық іс жүргізу субьектілері арасындағы ерекше маңызға 
ие  қатысушы  екені  белгілі.  Қылмыстық  іс  жүргізудегі  адвокат-қорғаушының  дәлелдемелер 
жинаудағы  өзінің  жеке  дербес  құқығын  жүзеге  асырудағы  басты  проблемалар  айқындалды. 
Сол себепті осы әрекеттерді жүргізу барысында дәлелдемелер жинау және дәлелдеу процесіне 
қатысудағы үлкен мәселелер мен ауқымды іс шаралар ұсынылады. 
Түйін сөздер: адвокат, қорғаушы, дәлелдеме, дәлелдеу, сезікті, қылмыстық іс жүргізу. 
В данной статье рассматриваются теоретические проблемы самостоятельной деятельности 
адвоката-защитника в собирании доказательств. Проблемы, возникающие в процессе формирования 
и  реализации  адвокатом-защитником  правовой  позиции  по  уголовному  делу,  в  последние  годы 
исследуются достаточно активно.
Ключевые слова: адвокат, защитник, доказательства, уголовный процесс, участники.
In  this  article  it  is  considered  theoretical  problems  independent  activity  of  the  lawyer  defender  in 
participation  collecting  of  proofs.  The  problems  concerning  activity  of  lawyers  in  criminal  trial,  are 
investigated in recent years rather actively, at the same time by the author is noted that so far to research 
of the problems arising in the course of formation and realization by the lawyer defender of a legal position 
on criminal case.
Keywords: lawyer, defender, proofs, criminal trial, participants.

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет