Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата31.03.2017
өлшемі4,18 Mb.
#10930
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

203
Трибуна молодого ученого
тәни,  рухани  (психикалық)  және  әлеуметтік 
салауаттылық жағдайы» [20]. 
Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің 
кәсіби міндетін жауапсыз орындау немесе оларға 
салғырт  қарау  сонымен  қатар  медициналық 
көмек  көрсетудің  ережесі  мен  стандарттарын 
сақтамауы  салдарынан  адам  денсаулығына 
орташа  ауыр  зиян  келтіруге  әкеп  соқса,  бұл 
қылмыстың  объективтік  жағын  құрайды. 
Мұндай  іс-әрекетті  «медициналық  көмектің 
тиісті емес сапасы» ұғымымен байланыстырған 
жөн, яғни бұл көрсетілген медициналық көмек, 
науқастың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып 
осы  түрдегі  патологияның  қажетті  денгейі  мен 
көлемінің сондай-ақ нақты медициналық мекеме 
мүмкіндігінің  жалпы  жұрт  таныған  заманауи 
көрінісіне сай келмеуі. 
Қылмыстық  мінез  құлық  әрекетсіздік  (өз 
міндетін  орындамау)  түрінде,  сонымен  қатар 
белсенді  әрекет  (өз  міндетін  тиісті  емес  түрде 
орындау) түрінде де көрінуі мүмкін. 
Өз  кәсіби  міндетін  орындамау  түріндегі 
қарастырылып  отырған  қылмыстың  құрамын 
білу  үшін  медицина  немесе  фармацевтика 
қызметкерінің өз лауазымына сәйкес орындауға 
міндетті 
нақты 
қызметтік 
әрекеттерің 
анықтап  алу  қажет.  Кәсіби  қызметін  тиісті 
дәрежеде  атқармау,  қолданыстағы  ережелерге, 
нұсқаулықтарға және бұйрықтарға сәйкес кәсіби 
міндеті  шеңберінде  толығымен  атқарылмаған 
медицина немесе фармацевтика қызметкелерінің 
әрекетінде көрініс табады.
Медициналық  көмек  көрсету  әдісі  мен 
ережесін 
қатаң 
сақтамауы 
нәтежесінде 
емделушінің (аурудың) өмірін абайсызда қазаға 
ұшыратып  өз  кәсіби  міндетін  тиісті  дәрежеде 
атқармаған  медицина  қызметкеріне  қылмыстық 
жауапкершілік қарастырылған.
Медициналық  көмек  көрсетудің  стандарт-
тары  мен  тәртібін  сақтамау  ҚР  Денсаулық 
сақтау  министрлігі  құрастырған  әр  түрлі 
сырқаттарға  қатысты  медициналық  көмек 
көрсету  стандарттарында  бекітілген  емдеу  мен 
диагностикалау  тәртібінен  ауытқуы  болып 
табылады. 
Денсаулық  сақтау  саласында  стандарт 
түрлерін  Қазақстан  Республикасының  «Халық 
денсаулығы  мен  денсаулық  сақтау  жүйесі» 
туралы Кодекстің 16-бабында қарастырылған.  
Құқық  бұзушылық  адам  денсаулығына 
орташа  ауыр  зиян  келтірілген  сәтте  аяқталған 
болып  есептеледі.  Денсаулыққа  орташа  ауыр 
зиян келтіру ұғымы жаңа Қылмыстық кодекстің 
3-бабының 12 тармағында көрсетілген. 
Медициналық 
және 
фармацевтикалық 
қызметкерлердің  кәсіби  міндетін  орындамауы 
мен  денсаулыққа  орташа  ауыр  зиян  келтірудің 
арасында міндетті түрде себепті байланыс болуы 
тиіс.  Осы  мәселе  жөнінде  Н.С.  Жетібаев  өз 
еңбегінде толығырақ тоқталған [21]. Бұл құрам 
материалды деп саналады [22]. 
Қарастырылып отырған баптың 2-бөлімі осы 
құқық  бұзушылықтың  денсаулыққа  абайсызда 
ауыр  зиян  келтіру  жауапкершілігін  белгілейді. 
Денсаулыққа  ауыр  зиян  келтіру  ұғымы  жаңа 
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 11 тармағында 
көрсетілген. 
Қылмыстық 
кодекстің 
317-бабының 
3-бөлімінде  абайсызда  кісі  өліміне  әкеп 
соқтыратын  іс-әрекет  жауапкершілігі  қарас-
тырылған. 
Адамның  биологиялық  өлімін  дәрігерлер 
белгілейді  және  Қазақстан  Республикасының 
«Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау 
жүйесі» 
туралы 
Кодексінің 
140-бабына 
сәйкес  анықталады.  Осы  кодекстің  1-бабының 
12-тармағында 
бас 
миының 
қайтымсыз 
жарақаттануына  анықтама  беріледі:  «бас 
миының  қайтымсыз  жарақаттануы  –  бұл  бас 
миының  опат  болуына  әкеп  соқтыратын  ми 
жасушаларының  интегралды  қызметтерінен 
толық айырылуы» [20]. 
Негізінен,  адам  өлімі  Актісінде  адамның 
нақ осы бас миының опат болуы дәрігерлермен 
белгіленеді.  Бұл  туралы  құқықтану  және 
медициналық  әдебиеттерде  нақтырақ  анықтама 
берілген. 
Қылмыстық 
Кодекстің 
317-бабының 
4-тармағында  абайсызда  екі  немесе  одан 
көп  адам  өліміне  әкеп  соқтыратын  іс-әрекет 
жауапкершілігі қарастырылған.
Қылмыстық 
Кодекстің 
317-бабының 
5-тармағында 
Медицина 
қызметкерiнiң, 
сол  сияқты  тұрмыстық  немесе  өзге  халыққа 
қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң 
кәсiптiк  мiндеттерiн  тиiсiнше  орындамауының 
салдарынан 
басқа 
адамға 
ВИЧ/ЖҚТБ-
ны  жұқтыруы  бойынша  жауапкершілігі 
қарастырылған.
Қазіргі  кезде  қоғамға  қауптілігі  көтерінкі 
ЖИТС 
ауруымен 
күресуде 
медицина 
қызметкерлері  арасында  сақтық  шараларын 
бұзу  жөніде  ҚР  1997  жылғы  ҚК  116  бабына 
4-тармағы етіп арнайы енгізілген болатын. Осы 
мәселелерге  С.И.  Каракушев,  А.М.  Сералиева 
сынды  ғалымдар  өз  еңбектерінде  толығырақ 
түсінік берген [23-24]. 
Осы  құқық  бұзушылықтың  объектісі  болып 

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
204
-  азаматтардың  денсаулығы  мен  адам  өмірін 
қорғауда  пайда  болатын  қоғамдық  қатнас 
танылады. 
Объективтік  жағы  іс-әрекет  арқылы  яғни, 
вирусты  жұқтыру  амалы  тек  қана  іс-әрекет 
арқылы, әрекетсіздік бұл жерде орын алмайды.
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  келе  біз 
мынадай қорытындылар жасаймыз. Яғни тектік 
объектісі  болып  –  азаматтарды  қылмыстық 
қолсығушылықтан  қорғау  мен  медициналық 
және  фармацевтикалық  қызмет  көрсету 
саласындағы  қоғамдық  қатнас  саналады  ал 
адамның  өмірі  мен  денсаулығы  қосымша 
объектісін  құрайды.  Тікелей  объектісі  ретінде 
медициналық  және  фармацевтикалық  қызмет 
көрсету  саласындағы  белгіленген  ережелерді 
сақтаудағы қоғамдық қатнас танылады. Қылмыс 
қалыпты  медициналық  қызметтің  бұзылған 
кезінен аяқталған болып саналады.
Медицина  қызметкерлерінің  әрекеті  (немесе 
әрекетсiздiгi  )  мен  зиянды  зардап  арасындағы 
себепті  байланыс  мәселесін  шешуден  алдын, 
қазаға ұшыраудың немесе науқас денсаулығына 
елеулі залал келтірудің тікелей себебін анықтау 
қажет.  Медициналық  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың объективтік жағының себепті 
байланысын  анықтауда  кейбір  қиындықтар 
туындайды.  Яғни  емдеу  шараларын    барлық 
ереже  мен  талаптарға  сай  атқарғанның  өзінде, 
науқастын  өмірі  мен  денсаулығы  жағымсыз 
салдарға соқтығуы мүмкін. 
Медицина және заң ғылымдарының докторы 
В.Н.  Флоря  өз  пікірінде  «Фемида,  дәрігерлік 
қылмыс  пен  күресуде  жеңіліске  ұшырауда, 
оның көптеген себептері бар. Біздің ойымызша, 
олардың  ең  маңыздысы,  дәрігерлік  қылмыстар 
туралы  істер  бойынша  тергеуші  мен  сот-
медициналық сарапшы оқиға орнына шықпайды, 
медициналық  құжаттар  алынбайды,  күдікті 
дәрігерлерге,  заңгерлерге  қарағанда  қамауда 
ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шарасы  ешқашан 
қолданылмаған.  Барлық  күдіктілер  еркіндікте 
қалып,  іс  бойынша  объективті  шындықты 
орнату үшін белсенді жағдайда тергеуге кедергі 
келтіріп,  ақыр  соңында  өзінің  ақталуына  сәтті 
жетеді» [25]. 
Сондықтан,  осындай  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарды  тергеуде  жоғары  білікті 
медициналық  сараптама  жүргізу  қажет. 
Медициналық 
қызметкерлері 
жасаған 
қылмыстарының,  әрекеті  мен  зиянды  зардабы 
арасында  кездейсоқ  байланыс  жиі  кездеседі. 
Себепті байланысты анықтауда қателесу негізсіз 
айыпталу  немесе  жазадан  құтылып  кетуге 
соқтырады. 
Жүргізілген зерттеу медициналық қылмыстық 
құқық  бұзушылықтарды  төмендегідей  жіктеуге 
мүмкіндік берді:
1)  Кәсіби  қызметін  атқаруға  байланысты 
медицина 
қызметкерлерінің 
абайсызда 
жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтары 
ҚР  ҚК-нің  104,  114,  317,  320,  321  баптарында 
қарастырылады  және  қылмыстардың  жалпы 
санының 17,7% құрауда;
2)  Қылмыс  жасаудың  тәсілі  ретінде 
кәсіби  дағдылары  мен  білімдерін  пайдаланған 
медицина  қызметкерлерінің  қасақана  жасаған 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтары  ҚР  ҚК-нің 
99, 106, 107, 108, 116, 127, 129, 136, 315, 318, 319, 
322, 323 баптарымен қарастырылады, олар 9,2% 
құрады;
3)  Медициналық  қызметкерлердің  лауазым-
дық  және  басқа  да  тұлғалармен  бірдей 
жауапкершілікке тартылатын қылмыстық құқық 
бұзушылықтары ҚР ҚК-нің 127баптың 2-бөлігі, 
303,  304,  326,  361,  366,  369,  371  баптарында 
көзделген,  бұл  денсаулық  сақтау  саласындағы 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  жалпы 
санынан 52,1% құрады.
Жағдайды 
өзгерту 
үшін 
Қазақстан 
Республикасының  ҚК-не  мынадай  ұсыныс 
жасаймыз: 
Дәстүрлі, халық медицинасымен (емшілікпен) 
заңсыз айналысу, егер бұл абайсызда емделушінің 
денсаулығына  зиян  келтірсе  (ауырлығы  орташа 
қылмыс),- 
....жазаланады. 
4)  Нақ  сол  әрекет  абайсызда  емделушінің 
денсаулығына ауыр зиян келтірсе немесе өліміне 
соқтырса (ауыр қылмыс),-
5)  ....жазаланады. 

205
Трибуна молодого ученого
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.  2014  жылдың  3  шілдесінде  қабылданған  №  226-V  Қазақстан  Республикасының  жаңа 
Қылмыстық кодексі.
2. См.: Новое уголовное законодательство стран СНГ и Балтии. - М: Лекс Эст, 2002. - 464 с.
3. Наумов А.В. Новый Уголовный Кодекс Украины // Государство и право. – 2002. – №2. – С. 82.
4.  Каиржанов  Е.И.  Объект  преступления  –  интересы  социальных  субъектов:  монография.  – 
Алматы: Экономика, 2008. – 160 с.
5. Коржанский Н.И. Очерки теории уголовного права. – Волгоград: ВСШ МВД СССР, 1992.
6. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. – М.: Юрид лит-ра, 1972.
7.  Никифоров  Б.С.  Объект  преступления  по  советскому  уголовному  праву.  –  М.:  Госюриздат, 
1960. 
8. Наумов А.В. Российское уголлвное право. Курс лекций: в 2 т. Т.1: Общая часть. 3-е изд. перераб. 
и доп. – М.: Юрид. лит-ра, 2004. 
9. Фролов В.Я. Спорные вопросы общего учения об объекте преступления // Сборник ученых 
трудов Свердловского юридического института. – 1969. – Вып. 10. – 312 с. 
10.  Винокуров  В.Н.  Объект  преступления:  аспекты  понимания,  способы  установления  и 
применение уголовного закона: монография. – М.: Юрлитинформ, 2012. – 288 с.
11. Генрих Н.В. Предмет и метод уголовно-правового регулирования: автореферат дисс…. д.ю.н. 
– Рязань, 2011. – 60с.; 
12. Новоселов Г.П. Учение об объекте преступления. Методологические аспекты: монография. – 
М.: Норма, 2001.
13. Исаев А.А. Применение специальных познаний для квалификации преступлений. - Алматы: 
Мектеп, I997. - C.161.
14.  Гринчак  С.В.  Нарушение  установленного  законом  порядка  трансплантации  органов  или 
тканей  человека:  основания  уголовной  ответственности:  Автореферат  дис..  к.ю.н.  –  Харьков, 
2007. – 24 с. (на укр. яз.), Чеботарёва Г.В. Уголовная ответственность за некоторые преступления в 
сфере медицины: иностранный опыт законодательной регламентации //http://www.info-library.com.
ua/libs/stattya/2430-kriminalna-vidpovidalnist-za-dejaki-zlochini-u-sferi-meditsini-inozemnij-dosvid-
zakonodavchoyi-reglamentatsiyi.html.
15.  Галюкова  М.И.  Профессиональные  преступления  медицинских  работников:  современное 
состояние проблемы // Криминологический журнал БГУЭП. – 2007. – №3-4(2). – С.37-41.
16. Флоря В. Уголовная ответственность за врачебные преступления. – М., 2006. – 123 с.
17. Малинин В.Б. Причинная связь в уголовном праве. СПб., 2000. С.220.
18.См.: Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. 
М., 1963. С.211. 
19.См.: Судебная практика по уголовным делам: Тем. сб. М., 1995. С. 122. 
20.  Қазақстан  Республикасының  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі»  туралы 
Кодексі 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV (10.07.2012ж. өзгерістер және толықтырулармен) – 
Астана, 2012. 1-бап (35т.), (12т.), 140-бап.
21. Жетібаев Н.С. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін орындамағаны үшін қылмыстық 
жауаптылығы // з.ғ.к., диссертиция авторефераты. -Алматы, 2009. – 26 бет. 
22.  Сералиева  А.М.  Проблемы  уголовно-правовой  ответственности  медицинских  работников 
//  Мат-лы  научно-практ.  конф.  «Мировые  и  региональные  тенденции  современной  преступности 
и стратегии противодействия». – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – С. 188- 192., Акопов В.И. 
Медицинское право: книга для врачей, юристов и пациентов. – М.:ИКЦ «Март»; Ростов-на Дону, 
2004 и др. его более ранние работы.
23.  Каракушев  С.И.  Преступления,  связанные  с  венерическими  заболеваниями  и  ВИЧ/СПИД 
(уголовно-правовые и криминологические проблемы): автореферат дис…. к.ю.н. – Караганда, 2000. 
– 24с.
24.  Сералиева  А.М.  Система  мер  предупреждения  преступлений,  связанных  с  заражением 
венерическими заболеваниями и ВИЧ/СПИД: автореферат дис…. к.ю.н. – Караганда, 2010. – 26 с.
25. Дьяченко В.Г., Солохина Л.В., Дьяченко С.В. Управление качеством медицинской помощи. 
Учебник: Издательство ГБОУ ВПО Дальневосточный государственный медицинский университет, 
2012 - 655 с. Раздел 12,3.  

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
206
Аталған  мақалада  автор  медициналық  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  объективтік 
белгілеріне ТМД елдерінің Қылмыстық заңнамасын салыстыра отырып түсінік береді.
Түйін  сөздер:  медициналық  қылмыс,  объективтік  белгілер,  медицина  немесе  фармацевтика 
қызметкерлері.
В  данной  статье  автором  раскрываются  понятие  объективных  признаков  медицинских 
уголовных правонарушении сравнивая с уголовным законодательством СНГ. 
Ключевые  слова:  медицинское  преступление,  объективные  признаки,  медицинские  или 
фармацевтические работники.
In this article it is opened up an author concept of objective signs medical criminal offence comparing 
to the criminal statute of the CIS on this issue.
Keywords: medical crime, objective signs, medicine or office workers of pharmaceutics.
Бауржан Нартбайұлы Тәжібаев,
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы PhD докторантурасының докторанты, құқық 
магистры, полиция капитаны 
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Тажибаев Бауржан Нартбаевич,
докторант  PhD  докторантуры  Алматинской  Академии  МВД  Республики  Казахстан,  магистр 
права, капитан полиции
Объективные признаки медицинских уголовных правонарушений
Tazhibaev Baurzhan Nartbaevich,
doctoral candidate of Almaty academy of Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan, 
master of law, police captain
Objective signs medical criminal offence
● ● ● ● ●

207
2015 жылғы 5-6 қарашадағы Астана қ. өткізілген 
«Әкімшілік акт: шығару, мазмұны және дау айту» тақырыбында 
әкімшілік құқық бойынша алтыншы халықаралық ғылыми-практикалық 
конференция туралы 
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2015  жылғы  5-6  қарашада  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігі,  Қазақстан 
Республикасының Заңнама институты Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамы-
мен  (GIZ)  бірлесе  отырып  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  қолдауымен  Астана 
қаласында  «Әкімшілік  акт:  шығару,  мазмұны  және  дау  айту»  тақырыбында  әкімшілік  құқық 
бойынша VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Аталмыш  конференция  барысында  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  әкімшілік  рәсімдер 
туралы қолданыстағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру перспективаларын, 
сонымен қатар әкімшілік актілерді әзірлеу, талқылау, қабылдау, жариялау және орындау тәртібін 
айқындау бойынша мәселелер талқыланды.
Конференция  жұмысына  мемлекеттік  органдар  өкілдері,  судьялар,  адвокаттар,  прокурорлар, 
ғылыми  қауымның  және  үкіметтік  емес  ұйымдардың  өкілдері,  Еуропалық  Одақ  елдерінің  және 
ТМД елдерінің сарапшылары қатысты.
Конференция  қорытындысы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  әкімшілік  рәсімдер  туралы 
заңнамасын ары қарай жетілдіруге бағытталған ұсынымдар қабылданды.
Д. Досмырза, 
Қазақстан Республикасы Заңнама институтының 
конституциялық, әкімшілік заңнама 
және мемлекеттік басқару бөлімінің бастығы
Информационные сообщения

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
208
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 
о шестой международной научно-практической конференции 
по административному праву на тему: «Административный акт: 
издание, содержание и оспаривание»
5-6 ноября 2015 года в г. Астана
Министерством юстиции, Институтом законодательства совместно с Германским обществом по 
международному сотрудничеству (GIZ) при содействии Верховного Суда 5-6 ноября 2015 года в 
г. Астана проведена шестая международная научно-практическая конференция по административ-
ному праву на тему: «Административный акт: издание, содержание и оспаривание».
В работе конференции приняли участие представители государственных органов, судьи, адвокаты, 
прокуроры, ученые, а также представители неправительственных организаций и международные 
эксперты из стран дальнего зарубежья и стран СНГ.
В первый день конференции на пленарном заседании с приветственными словами выступили: 
Зауреш Баймолдина – заместитель Министра юстиции Республики Казахстан, Гидо Херц – Посол 
Федеративной Республики Германия в Республике Казахстан, Акылтай Касимов – Судья Верховного 
Суда Республики Казахстан, Йорг Пуделька – Глава представительства GIZ в Казахстане.

209
Информационные сообщения
Работа  конференции  проводилась  в  пяти 
сессиях:
1.  Административный  акт  как  главное 
понятие права административных процедур;
2. Отмена административных актов;
3. Развитие права административных проце-
дур: опыт разных стран;
4.  Судебный  контроль  над  администра-
тивными процедурами;
5. Административный акт в областях особого 
административного права.
На  каждой  сессии  с  актуальными  докладами  выступили  зарубежные  эксперты  из  Австрии, 
Германии,  Латвии,  Словении,  Швейцарии,  а  также  представители  научного  сообщества  из 
Азербайджана, Кыргызстана, России, Таджикистана, Туркменистана и Украины.
Участниками конференции особо отмечены выступления представителей научного сообщества, 
таких  ученных  как  Юрия  Старилова,  Юрия  Соловья,  Константина  Давыдова,  Анатолия  Берлача, 
Армана Кожахметова, Марата Жумагулова, Жанны Тлембаевой, Алмата Габбасова и др.

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
210
Кроме  того,  данное  мероприятие  проведено  в  рамках  исполнения  пункта  2  Программы 
сотрудничества между Министерством юстиции Республики Казахстан и Министерством юстиции 
Социалистической  Республики  Вьетнам  на  2015-2017  годы,  которым  предусмотрено  совместное 
проведение международной конференции по административному праву.
От  имени  Министерства  юстиции  Социа-
листической  Республики  Вьетнам  приняли 
участие  в  конференции  Нгуен  Кюнь  Льен 
заместитель начальника отдела государственного 
права  Департамента  по  уголовному  и 
административному 
законодательству 
и 
Зыонг  Тхи  Тхань  Май  главный  специалист 
Министерства  юстиции  Социалистической 
Республики  Вьетнам,  которая  выступила  с 
докладом на тему: «Подготовка проекта Закона 
о  принятии  административных  решений  во 
Вьетнаме: проблемы и предложения».
Мероприятие было посвящено обсуждению перспектив развития действующего законодательства 
об  административных  процедурах  и  правоприменительной  практики  в  соответствии  с 
международными стандартами, порядка подготовки, обсуждения, принятия, а также опубликования 
и исполнения административного акта и др.

211
Информационные сообщения
Большую поддержку в организации проведения международной конференции оказали Верхов-
ный Суд Республики Казахстан и Германское общество по международному сотрудничеству (GIZ).

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
212
По результатам конференции выработаны рекомендации по дальнейшему совершенствованию 
законодательства Республики Казахстан об административных процедурах.
Досмырза Д. 
начальник отдела конституционного, 
административного законодательства и 
государственного управления Института законодательства 
Республики Казахстан
Шишимбаева С.С. 
ведущий научный сотрудник отдела конституционного, 
административного законодательства и 
государственного управления Института законодательства 
Республики Казахстан

213
ЖЕКЕЛЕГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 
ЗАҢ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАМДАРЫ
ИСТОРИЧЕСКИЕ ЛИЧНОСТИ О ЗАКОНЕ
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген 
кісінің тілін кесер едім.
Если у меня была бы в руках сила закона, я бы отрезал язык тому, кто утверждает, 
что невозможно изменить характер человека.
Абай
 
Данышпан заң шығарушы заңды шығарудан емес, осы қоғамға қажеттілігін 
зерттеуден бастайды.
Мудрый законодатель начинает не с издания законов, а с изучения их пригодности
для данного общества.
Ж.Ж. Руссо 
Жұрттың бәріне бірдей жағатын заң жоқ. 
Нет такого закона, который удовлетворял бы всех.
Марк Порций Катон Младший
 
Әрқайсымыздың білуге тиісті нәрсеміз – заңды нашар білгендей 
ештеңені де нашар білмейтініміз.
 
Ничто так плохо не знаем, как то, что каждый должен знать: закон.
О. Бальзак
Заңдар баршаға бірдей мәнге ие болуға тиіс.
Законы должны иметь для всех одинаковый смысл.
Ш. Монтескье
* * *
* * *
* * *
* * *
Мудрые мысли

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет